Машиналық сызба

Мелкозёрова Людмила Яновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Компас-3D бағдарламасын меңгеруге бағытталған, осы бағдарламаны оқығаннан кейін студент түрлі тақырыптағы сызбаларды сызып, бірге жүретін құжаттарды жасай алады, сондай-ақ әртүрлі жобаларды жасау үдерісін автоматтандыру мүмкіндігін компоненттерді: үш өлшемді қатты денені модельдеу жүйесін, «Компас-График» әмбебап автоматтандырылған жобалау жүйесін және құжаттама жасау модулін пайдалана отырып меңгереді.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде)

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны шығармашылық емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәндерді оқып-үйрену мақсаты студенттерді жобалау жұмыстарының өнімділігін үш-төрт есеге арттыратын компьютерлік дизайн саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру болып табылады. Пәндерді оқудың түпкі мақсаты - жобалық құжаттаманы енгізу кезінде АЖЖ пайдалану бойынша білім, дағдылар мен қабілеттерін дамыту.
Міндет
  • Графикалық бағдарламаларды меңгеру. Дененің геометриялық қасиетін оның жазықтықтағы кескіні бойынша сызуды үйрену; - 3D форматында жұмыс жасау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Графикалық пәндер түлектердің жоғары білікті болуына, кең көз қарас пен инженерлік ойдың қалыптасуына әсер етеді; қоғамдық қағидаларға негізделген құндылықтар, және өзінің кәсіби қызметінде оларға бейімделуі; конструкторлық құжаттар жасау заңдылықтары мен графикалық бағдарламалар туралы ғылыми түсініктер алу; мемлекеттік стандарттарды білу - графикалық бағдарламалармен танысу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Негізгі білімді әртүрлі конструкторлық шешім табу жағдайында қолдана білу; күнделікті қажетті кәсіби деңгейді көтеру және білімді жалғастыру мен жетілдіру үшін жорамалдар ұсыну - қазіргі заман талабына сай ақпараттықтар мен бағдарламаларды қолдану; графикалық бағдарламаларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Бірлесе жұмыс істей алу, өзінің көзқарасының инабатты түрде қорғау, жаңа шешімдер ұсыну.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қауымдастықтың пікірімен санасу, дұрыс шешім қабылда;. іскер этиканің қағидаларын сақтау; этикалық және адамгершілік қағидаларды білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби қызыметте қажет болатын жаңа бағдарламаларды меңгеру (курстық жұмыстар мен диплом жобасын жасау үшін) білімін ары қарай жетілдіру
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде келесі білім беру технологияларын қолдану көзделеді: - интерактивті дәріс; слайд-шоу; - ақпарат және коммуникация (мысалы, кәсіби бағдарламалық пакеттерді пайдаланатын компьютерлік сыныптағы сабақтар);

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Сызбалар альбомының титулдық парағы 0-100
Проекциялық сызу. Түрлер.
Проекциялық сызу. Тіліктер
2  рейтинг Құрастыру сызбасы 0-100
Құрастыру сызбасына қатысты сипаттама жасаңыз.
Экструзия операциясының 3D моделін құру. Модель бойынша ассоциативті сызбаны орындау.
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Практикалық сабақтардың тақырыптары
  • CAD жүйелермен танысу
  • Жергілікті және жаһандық байланыстыруларды қолдану
  • Сызба командаларын игеру
  • Сызбаны қарапайым өңдеу
  • Күрделі редакциялау
  • Түрлердің жағдайын басқару
  • Қолданбалы кітапханалармен жұмыс (жалпы мәліметтер)
  • Кестелермен жұмыс
  • Оңтайлы жүйені орнату
  • CAD жүйелерінде құрастыру сызбасын құру
  • Компас-3D-де модельдеудің жалпы принциптері, негізгі жұмыс әдістері
  • Қосымша модельдеу мүмкіндіктері: бөлімдер бойынша элементтер құру, шаблонға сәйкес 3 өлшемді модель құру; эскиздер кітапханаларын пайдалану
  • Модельдерді операциямен құру: сығу, айналу
  • CAD жүйелеріндегі 3D модельдер негізінде ассоциативті сызбаларды құру; түрлер туралы түсінік, түрді басқару, секция құрылысы
Негізгі әдебиет
  • 1 Потемкин, А. Инженерная графика : Просто и доступно / А. Потемкин. - [М.] : Лори, 2000. - 492 с. : 2. https://edu.ascon.ru/main/library/study_materials/ - официальный сайт Аскон, образовательная поддержка 3. ЕСКД. Общие правила выполнения чертежей,М.,1988г.,268с. . 4.Герасимов А.А. Самоучитель КОМПАС-3D v19 БХВ-Петербург, 2021год, 624 5.Чагина А. В., Большаков В. П. 3D-моделирование в КОМПАС-3D версий v17 и выше. Учебное пособие для вузов Питер, 2021год, 256 6. Минеев, Жарков, Финков: Компас-3D. Полное руководство. От новичка до профессионала- СПб.: Наука и Техника, 2019, 656c 7. Большаков В. П. Б79 Создание трехмерных моделей и конструкторской документации в системе КОМПАС-3D. Практикум. — СПб.: БХВ-Петербург, 2010. — 496 с.: ил. + DVD — (Учебное пособие) 8. https://dmkpress.com/catalog/computer/cad/kompas-3d/ -книги по Компас 3D 9 https://online.anyflip.com/ulhe/cmxd/mobile/ - Герасимов А.А. Самоучитель Компас 3D –V20 10. https://kompas.ru/source/info_materials/2018/Azbuka-KOMPAS-3D.pdf - азбука Компас 3D
Қосымша әдебиеттер
  • Мелкозёрова Л. Я. МАШИННАЯ ГРАФИКА: Конспект лекций для студентов дневной и заочной форм обучения / ВКГТУ. Усть-Каменогорск, 2014, 58 с.