Электртехникалық материалтану

Кунапьянова Арай Асылхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: «Электртехникалық материалтану» курсына дәріс, тәжірибе сабақтары, СӨЖ, сонымен қатар атаулы пәнді орындауда студенттің өзіндік жұмыстары кіреді. Аталып отырған курста диэлектриктердегі, өткізгіштердегі, жартылай өткізгіштердегі және магнитті материалдардағы негізгі физикалық үрдістер қарастырылады. Материалдарға магниттік, электр және жылу өрістері әсер еткен жағдайда пайда болатын құбылыстар сипатталады, сонымен қатар механикалық әсерлер, қоршаған ортаның әсерлері қарастырылады. Көптеген электртехникалық материалдарға талдау жасалады, олардың қолдану ортасы, сипаттамасы беріледі.

Кредиттер саны: 4

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Курста келесі негізгі бөлімдер қарастырылаты: магнитті материалдар; өткізгіш және асқын өткізгіш материалдар; жартылай өткізгіштер; оқшаулама материалдар және белсенді диэлектриктер. Дененің құрылымы және техниканың әр түрлі саласындағы (электр техникасы, энергетика және радиотехника) қолданысын анықтайтын негізгі макроскопия арасындағы өзара байланыс; заманауи электртехникалық материалдардың наменклатурасын оқып үйрену, олардың негізгі қасиеттерін анықтау; әр түрлі электртехникалық қондырғыларды құрастыру кезінде, оларды қолдану аймағын ескере отырып, материал таңдаудың әдістерін үйрену.
Міндет
  • дененің құрылымы және техниканың әр түрлі саласындағы (электр техникасы, энергетика және радиотехника) қолданысын анықтайтын негізгі макроскопия арасындағы өзара байланыс; заманауи электртехникалық материалдардың наменклатурасын оқып үйрену, олардың негізгі қасиеттерін анықтау; әр түрлі электртехникалық қондырғыларды құрастыру кезінде, оларды қолдану аймағын ескере отырып, материал таңдаудың әдістерін үйрену
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент дененің элетр техникасында ары қарай қолданыс табатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерін анықтауды; заманауи электр техникалық материалдардың қасиеттері мен қолданыс аймағын білуді игеруі тиіс. Энергожүйенің сенімділігі дұрыс таңдау жасалған электр техникалық материалға тікелей қатысы бар екендігін түсінуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пәнді оқып үйренгеннен кейін студент дененің элетр техникасында ары қарай қолданыс табатын материалдардың құрылымдары мен қасиеттерін заманауи электр техникалық қондырғыларда қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • "Электр техникалық" материалтану курсын оқып үйренгеннен кейін студен өз бетінше материал таңдау барысында туындаған сұрақтарға жауап бере алады және материалды қолдану барысында пайда болған мәселелерді шеше алады
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • алғырлық, ұйымшылдық, қоғаммен жұмыс істей білу қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Пәнді оқып-үйренгеннен кейін студент өз бетінше жоспар бойынша берілген тапсырмаларды, жеке тапсырмаларды орындай алады. Мақал жазуға дағдыланады.
Оқыту әдістері

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық формада жүргізілуі керек. Студенттердің білімді іздеуге және басқаруға, проблемаларды өз бетінше шешуде тәжірибе жинауға қатысуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен технологиялардың ішінде мыналарды бөліп көрсетуге болады: - проблемалық және жобалық-бағдарланған оқыту технологиясы; - білім беру ғылыми-зерттеу қызметінің технологиясы; - коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, «шабуыл», «пікірсайыс» және басқа белсенді нысандар мен әдістер); - жағдай әдісі (жағдайды талдау); - студенттер іскерлік, рөлдік, симуляциялық ойындарға қатысатын ойын технологиясы; ақпараттық және коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан оқыту) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Дәріс конспекті, 1-7 тақырыптар 0-100
СОӨЖ (1-2 тақырып)
СОӨЖ (3-4 тақырып)
СОӨЖ (5-6 тақырып)
Баяндама
ИДЗ1
Аралық тестілеу (РК1)
2  рейтинг Дәріс конспекті, 8-15 тақырыптар 0-100
СОӨЖ (7-8 тақырып)
СОӨЖ (9 тақырып)
СӨЖ (ЕГЖ)
ИДЗ2
Аралық тестілеу (РК2)
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Химиялық байланыстар түрлері
  • Электр қасиеттеріне байланысты материалдардың бөлінуі
  • Диэлектриктің полярлану түрлері, диэлектрлік өтімділік
  • Диэлектриктердің механикалық, химиялық және жылулық қасиеттері
  • Диэлектриктердің агрегаттық күйіне байланысты жіктелуі
  • Өткізгіш материалдар және олардың негізгі қасиеттері
  • Өткізгіштігі жоғары материалдар
  • Балқу температурасы орташа металдар мен балқымалар
  • Өлшеу құралдарындағы резисторларға арналған кедергісі жоғары балқымалар
  • Металдардағы беттік әсер
  • Жартылай өткізгіш материалдар
  • Қарапайым жартылай өткізгіштер
  • Магнитті материалдар
  • Ферромагнетиктер табиғаты
  • Жұмсақ магнитті және Қатты магнитті материалдар
Негізгі әдебиет
  • Электротехнические материалы и изделя Справочник. И.Алиев, С. Калганова. — М.: РадиоСофт, 2007.— 352 с. 2. Серебряков Л.С. Электротехническое материаловедение. Проводниковые, полупроводниковые и магнитные материалы: Учебное пособие. — М.: ГОУ , 2008. — 372 с. Часть1,2. 3. Материаловедение: учебник для вузов / Солнцев Ю.П., Пряхин Е.И. СПб.: Химиздат, 2014.— 784 c. 4. Материаловедение и технология металлов / Г.П. Фетисов, М.Г. Карпман, В.М., Матюнин и др.; под ред. Г.П. Фетисова. – М.: Высшая школа, 2000. – 640 с. 5. Джаманбалин, К.К. Электротехнические материалы: учебник для студентов, обучающихся в высших учебных заведениях на инженерных специальностях/ К.К.Джаманбалин, О.В.Тарабаева.- Костанай, 2005.- 127 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 6. К.Х. Бекмагамбетова. Электротехническое материаловедение//Алматы: «Ғылым»,2000.-256 с 7. И.И.Алиев, С.Г. Колганова. Электротехнические материалы и изделия// Справочник. –М.: Academia, 2005 –270 с. 8. Б.Л. Антипов, В.С.Сорокин, В.А.Терехов. Материалы электронной техники.Задачи и вопросы//М.: Высшая школа, 1990.-208 с. 9. А.С. Серебряков. Электротехническое материаловедение. Электроизоляционные материалы//–М.: Маршрут, 2005. –280 с