Электр машиналары
Сипаттама: Электр машиналары электр құрылғылар және энергия сақтау негізінде негізделетін негізгі пәндердің бірі, сондықтан осы облыстағы білімі студенттердің өзінің практикалық әрекетінде электр машиналарын жете түсінуіне және тиімді қолдануына мүмкіндік береді... Студенттер бұл пән біліміне негізделе отырып электр машиналарын жобалауға әрекеттенеді. Электр машиналары курсына қатысты пәнді сапалы біліп шығуға мүмкіндік алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Электротехниканың теориялық негіздері II
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | 15 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқыту мақсаты – кәсіптік білім берумен қоса мамандардың комплекстік дайындығын қамтамасыз ету, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, мамандық қиындықтарын жоғары ғылыми дәрежеде шешу және қалыптастыра білу, өз білімдерін өз бетінше жоғарулату және шығармашылықта қолдану. Бұл мақсаттар шығармашылықтың белсенділіктің жоғрылауы және студенттердің өзіндік жұмысы, есептік техникалардың кең қолданысы негізінде орындалады.
Міндет
- ерілген пәнді оқыту міндеттері – электр машиналарының, трансформаторлардың электромеханикалық, электрлік және физикалық сипатын оқыту, тұрақта токтағы машиналардың, асинхрондық, синхрондық машиналардың құрылысын оқыту, машиналардың жүктеме кезіндегі жұмыс тәртібін, апаттық жағдайда электрлік және электромеханикалық ұлғаюды реттеуді оқыту болып табылады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Электр машиналар және трансформаторлардың негізгі анықтамаларын, принциптерін, заңдарын және конструкциясын білу және казіргі ақпараттық тасқындарда бағдарлай білуі және икемделуі шарт
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Айналымның дағдыларының қазіргі техникамен пайдалана білу, кәсіби қызмет шеңберінде электр машиналар және трансформаторлардың есептерінің әдістерін пайдалану шарт
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндірісте қауіпсіздікті сақтау, электр машиналармен трансформаторларды пайдаланып энерго- және қор үнемдеу шараларында қатысу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- От қауіпсіздігі және еңбекті қорғайтын, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитарияның шараларына сәйкес, технологиялық жабдықтың орналастыру мен өндірістің технологиясына сәйкес жұмыс орнындарын ұйымдастыруға қабілеттілігі болу шарт
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жаңа білімді әдеттену күнбе-күнгі кәсіби қызметіне қажетті замануи электр машиналардың және трансформаторлардың дамуына сай және магистратурада оқуды жалғастыру үшін ие болу шарт
Оқыту әдістері
Пәнді оқыту барысында қолданылатын оқыту әдістері (технологиялары) көрсетіледі. Білім алушыларды білімді іздеу мен басқаруға тартуға, әр түрлі міндеттерді өз бетінше шешу тәжірибесін алуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістемелер мен технологиялар қатарында: - проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиялары; - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникативтік технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, ми шабуылы, оқу дебаттары және басқа да белсенді түрлері мен әдістері); - кейс әдісі (жағдайды талдау); - білім алушылар іскерлік, рөлдік, Имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиялары; - ақпараттық-коммуникациялық (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | 1 зертханалық жұмыс | 0-100 |
СӨЖ. Трансфоматорлардың есебі | ||
Ауызша жауап. Трансформаторлар | ||
2 зертханалық жұмыс | ||
СӨЖ. АҚ есебі | ||
Ауызша жауап. АҚ | ||
Доклад-реферат | ||
Дәрістер конспекті | ||
Тестілеу | ||
2 рейтинг | 3 зертханалық жұмыс | 0-100 |
СӨЖ. Синхронды машиналардың есебі | ||
4 зертханалық жұмыс | ||
Ауызша жауап. Синхронды машиналар | ||
5 зертханалық жұмыс | ||
СӨЖ. Тұрақты ток машиналарының есебі | ||
6 зертханалық жұмыс | ||
Ауызша жауап. Тұрақты ток машиналары | ||
Доклад-реферат | ||
Дәрістер конспекті | ||
Тестілеу | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- "Электр машиналары" курс пәні кіріспе
- Трансформатордың жүктемедегі жұмысы
- Үшфазалы трансформаторлардағы физикалық процестердің ерекшеліктері
- Трансформаторлардың параллель жұмысы
- Электр энергиясын өндіру және тұтынудағы ауыспалы ток машиналарының рөлі
- Асинхронды қозғалтқыштар туралы жалпы мәліметтер
- Асинхронды қозғалтқыштың айналмалы моменті және оның сырғу және кернеу параметрлеріне тәуелділігі
- Терең пазды қозғалтқыштар
- Бір фазалы асинхронды қозғалтқыш, құрылысы, сұлбалары, электромагниттік моменті, іске қосу тәсілдері
- Синхронды машиналар
- Бұрыштық және U – тәрізді сипаттамалар
- Синхронды компенсатор
- Тұрақты ток машиналары туралы жалпы мәліметтер
- Тұрақты ток машинасының электр қозғаушы күші және электромагниттік моменті
- Тұрақты ток машиналарындағы коммутация
Негізгі әдебиет
- 1.Вольдек А.И., Попов В.В., Электрические машины.- СПб.: 2018. 2. Брускин Д.Э., Зорохович А.Е., Хвостов В.С.- Электрические машины. М.:2012. Ч I., II. 3. Кацман М.М. Электрические машины.-М.:2014. 4. Копылов И.П. Электрические машины.-Л.:2016 5. Проектирование электрических машин. /Под ред. И.П.Копылова М.:2012. 6. Зимин В.И.,Каплай М.Я., Палей А.М. Обмотки электрических машин.-М.:2011.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Правила устройства электроустановок РК, А.: Рауан, 2012 2. Электрическая часть станций и подстанций Справочные материалы для курсового и дипломного проектирования под ред.: Неклепаева Б.Н., Крючкова И.П. М.: Энергоиздат, 2005. 3. Рожкова Л.Д., Козулин В.С. Электрооборудование станций и подстанций. М.: Энергоиздат, 2008. 4. Коновалов Л.Л., Рожкова Л.Д. Электроснабжение промышленных предриятий. - М.: Энергия, 2007. 5. Справочник по проектированию электроснабжения. Под общей редакцией: Тищенко Н.Ю., Мовсесова Н.С., Барыбина. – М.: Энергоатомиздат, 2011.