Электр станциялар мен қосалқы станциялар

Әмірбек Динара Әмірбекқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: «Электр станциялары мен қосалқы станциялар» пәні жалпы кәсіптік пәндер құрамына кіреді және дипломдық жобаны орындау үшін қажетті білім мен дағдыны қалыптастырушы пәндердің бірі. Қарастырылып отырған пән көрсетілген бөлімде мамандар үшін режимді басқару бойынша өзіндік маңызы бар, сондай – ақ энергия жүйелері үшін электрлік сұлбаларды таңдау мен қуат резервтерін таңдауда қосымша маңызды.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Жарықтандыру электр қоңдырғыларын жобалау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары мен электрлік жалғану сұлбаларын меңгеру; студенттерді станциялар мен қосалқы станциялардың жұмысының сенімділігін арттыру үшін әртүрлі шараларды өткізуге дайындау
Міндет
  • Пәннің тапсырмасы: - білім алушыларды электр станциялары мен қосалқы станциялардың тағайындалуы, негізгі параметрлері, олардың құрылымдары мен жұмыс істеу принциптерімен таныстыру; - білім алушыларды электр станциялары мен қосалқы станциялардың, таратушы құрылғылардың, электр қондырғыларының өзіндік мұқтаждық жүйесінің электрлік жалғану сұлбаларымен таныстыру; - білім алушыларды электр станциялары мен қосалқы станциялардың жұмыс сенімділігін арттыруға бағытталған іс – шаралармен таныстыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Заманауи электр станциялары мен қосалқы станциялардың электр жабдықтары мен олардың сипаттамаларын білу
  • Электр станциялары мен қосалқы станциялардың негізгі электрлік жалғану сұлбаларын; әртүрлі типтегі таратушы құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктерін ажырату
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Электр станциялары мен қосалқы станциялардың электрлік бөлігін жобалау мен эксплуатациялауға қатысу, сондай – ақ электр жабдықтарының жұмысы кезінде өтетін физикалық үрдістерді бағалай білу
  • Әртүрлі типтегі таратушы құрылғылардың жұмыс істеу режимдерін қадағалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Электр станциялары мен қосалқы станциялардың тағайындалуы, негізгі параметрлері, олардың құрылымдары мен жұмыс істеу принциптерін, олардың жұмыс сенімділігін арттыруға бағытталған іс – шараларды меңгеру; таратушы құрылғылардың электрлік жалғану сұлбаларын нормаға сәйкес құрастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Тұрақтандырылған және өтпелі режимдердегі қарапайым сұлбалар үшін токтар мен кернеулерді есептеу қабілеті; электр энергетикалық және электр техникалық объектілердің қарапайым құрылымын өңдеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Тағайындалуы бойынша әртүрлі электр энергетикалық қондырғылардың жұмыс режимін есептеуге, жабдықтар құрамын және оның параметрлерін, электр энергетикалық объектілер сұлбасын анықтауға қатысуға, электр станциялары мен қосалқы станцияларды жобалау мен оларды эксплуатациялауға қатысуға дайын болу
Оқыту әдістері

Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында сабақтар негізінен белсенді және шығармашылық формада жүргізілуі керек. Оқушылардың білімді іздестіруге және басқаруға, есептерді өз бетінше шешуге тәжірибе жинауға қатысуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістер мен технологиялардың ішінде мыналарды атап өткен жөн: - проблемалық және жобалық-бағытталған оқыту технологиясы; - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникациялық технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, ми шабуылы, пікірсайыс және басқа белсенді нысандар мен әдістер); - жағдай әдісі (жағдайды талдау); - студенттер іскерлік, рөлдік, имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиясы; - ақпараттық және коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан оқыту) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Бұрын оқытылған мамандық бойынша пәндерден алған білімдері бойынша кіріс бақылау 0-100
Доклад-реферат. Электр станцияларда ЭЭ өндірудің технологиялық процесстері
СӨЖ. Электр қондырғылардағы бейтараптардың жұмыс режимдері
Ауызша жауап. Электр станциялар мен қосалқы станцияларының негізгі және қосымша жабдықтары
СӨЖ. Қосалқы станцияның жүктемелер графигін тұрғызу. Электр жүктемелер графигінің көрсеткіштерін анықтау
Есептік жұмыс. Электр жабдықтарын таңдау үшін қысқа тұйықталу токтарын есептеу
Тестілеу
2  рейтинг СӨЖ. Трансформаторларды таңдау және олардың ерекшеліктері 0-100
Есептік жұмыс. Қысқа тұйықталу токтарын есептеу
Ауызша жауап. Қысқа тұйықталу токтарын шектеу әдістері
СӨЖ. Берілген кернеу класына сәйкес қосалқы станция электржабдықтарын есептеу және таңдау
Ауызша жауап. Өлшеуіш трансформаторлар, олардың тағайындалуы және таңдау шарттары
СӨЖ. Қосалқы станциялардың жерлестірілуін есептеу
Тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жұмыс 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Электр қондырғылары туралы жалпы мәліметтер
  • Электр станциялар мен қосалқы станцияларының негізгі және қосымша жабдықтары және онығ тағайындалуы
  • Электр станцияларының негізгі электр жабдықтары
  • Күштік трансформаторлар мен автотрансформаторлар: Негізгі сипаттамалар, салқындату жүйелері, параллельді жұмысқа қосу, рұқсат етілген жүйелі және апаттық жүктемелер
  • Негізгі электр жабдықтарының бейтараптығын жерге қосу тәсілдері
  • Ток өткізгіш бөліктердің электр аппараттарын таңдау және тексеру үшін қысқа тұйықталу токтарын (ҚТ) есептеу ерекшеліктері
  • Электр қондырғыларында қолданылатын өткізгіштердің түрлері
  • Электр тізбегін ажыратқышпен ажырату процесі
  • Жоғары кернеулі аппараттардың жіктелуі
  • Ажыратқыштардың жіктелуі, ажыратқыштардың түрлері мен қолдану аумағы
  • Әртүрлі кернеулі электр қондырғыларында қолданылатын ток және кернеу трансформаторларының типтері
  • Электр аппараттарын: ажыратқыштарды, айырғыштарды, өлшеу трансформаторларын, токты шектейтін реакторларды таңдау және тексеру шарттары
  • Станциялар мен қосалқы станциялардың электр қосылыстарының схемалары
  • Өзіндік мұқтаждық механизмдерінің негізгі сипаттамалары
  • Жедел ток көздері, электр станциялары мен қосалқы станцияларда басқару және дабыл беру
Негізгі әдебиет
  • 1.Ополева Г.Н. Схемы и подстанции электроснабжения: Справочник: Учебное пособие.- М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2016.-480 с.-(Высшее образование). 2. Балаков Ю.Н., Мисриханов М.Ш., Шунтов А.В. Проектирование схем электроустановок: учебное пособие для вузов. – М.: Издательский дом МЭИ, 2016. – 288 с. 3. Электрическая часть станций и подстанций. Васильев А.А., Крючков И.П., Наяшкова Е.Ф. и др. -М.: Энергоатомиздат, 2010. - 576 с. 4. Пособие для изучения правил технической эксплуатации электрических станций и сетей. Тепломеханическая часть. – М.: Изд-во НЦ ЭНАС, 2017. – 416 с. 5. Электрооборудование электрических станций и подстанций: Учебник / Л.Д.Рожкова и др.-М.: Академия, 2014.-448 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Правила технической эксплуатации электрических станций и сетей РК . Астана- 15-е изд., перераб. и доп. , 2015.-325 с. 2 Правила устройства электроустановок РК.-Астана.: 2015.-176 с.