Электр қауіпсіздігі

Темербеков Рашид Жакпарович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Электр техниканы пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында энергетиктерді даярлау үшін тәртіп қажет. Үйреніңіз: Электр тоғының соғу қаупі. Адам ағзасына электр тоғының әсер етуі. Ток соғуына әсер ететін факторлар. Электр тоғының соғу түрлері. Электр қондырғыларындағы қорғаныс шаралары. Электр қондырғыларына қауіпсіз қызмет көрсету. Электр қондырғыларындағы жұмыстардың жіктелуі.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Жарықтандыру электр қоңдырғыларын жобалау

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Электр қауіпсіздігі бойынша негізгі қағидаларды меңгеру. Электр қондырғыларында жұмыс жасау кезінде аса бір жауапкершілікті сезінуге дағдылану. Барлық техникалық қауіпсіздік ережелермен, ҚР территориясында жарамды барлық нормативті теникалық құжаттармен таныс болу
Міндет
  • Теория жүзінде алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдылану; нормативтік, анықтамалық әдебиеттермен, құжаттармен жұмыс жасауға үйрену; электр қауіпсіздігі бойынша ең аз дегенде жұмыс істеуге рұқсат ететін екінші топ жұмысшыларына қажетті білімге ие болу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • электрдік токпен зақымдануға әсер ететін факторлар
  • Қысқа тұйықталу режимінің физикалық негізін, электрлік тораптар бейтараптамаларының жұмыс режимдерін білу;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Электр қондырғыларды эксплуатациялау кезінде қауіпсіздік техникалық ережелерін, қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ететін ұйымдастырылған және техникалық шараларды білу.
  • Электр қондырғыларының жұмыстық және апаттық режимдерін білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндірісте экологиялық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ экологияны қорғау шаралары мен энергия мен ресурстарды үнемдеу шараларын дайындауға және оларды жүзеге асыруға қатысу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • практикалық есептерді орындай білу: қадам кернеуін, жанасу кернеуін, жерлестіру, нөлге қосу құрылғысын анықтау; -жай тартқыш құрылғы бойынша; әртүрлі жағдайларда адам бойымен токтың өту шарты бойынша және олардың қауіптілік дәрежесін анықтау бойынша есеп жүргізе білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Электрлік ток әсеріне қалған адамды токтан босату, бірінші медициналық көмек көрсете білу, электрлік токпен зақымданудың қауіптілігін бағалай білу, электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде және күнделікті өмірде қауіпсіздікті сақтай білу қабілетіне ие болу
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - Пәнді оқыту барысында қолданылатын оқыту әдістері (технологиялары) көрсетіледі. Білім алушыларды білімді іздеу мен басқаруға тартуға, әр түрлі міндеттерді өз бетінше шешу тәжірибесін алуға ықпал ететін тиімді педагогикалық әдістемелер мен технологиялар қатарында: - проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиялары; - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникативтік технологиялар (пікірталас, пресс-конференция, ми шабуылы, оқу дебаттары және басқа да белсенді түрлері мен әдістері); - кейс әдісі (жағдайды талдау); - білім алушылар іскерлік, рөлдік, Имитациялық ойындарға қатысатын ойын технологиялары; - ақпараттық-коммуникациялық (соның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Элетрлік токпен зақымдану қауіпі. 0-100
Тұйықталу тогының жерге жайылу тәртібі
Электрқондырөғылардың классификации-ясы (біліктілігі)
Қатты жерге тұйықталған бейтарабы бар желілердің қауіптілігі.
Жанасу кезіндегі қорғау шаралары
Цехтың қосалқы станциясының жерге қосу құрылғысын есептеу
Нөлдеу. Қорғаныс өшіру
Электр қондырғыларындағы асқын кернеу
Тестілеу
2  рейтинг Найзағайдан қорғау құралдарының кешені 0-100
Электр тогынан зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету.
Реанимация, ток әсерінен зардап шегушіні жандандыру тәсілдері
Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары.
Наряд және өкім бойынша жұмыстар
1 кВ жоғары электр қондырғыларындағы қорғаныс құралдары
1 кВ дейінгі электр қондырғыларындағы қорғаныс құралдары
Тестілеу
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Тұйықталу тоғының жерге ағу тәртібі
  • Электрқондырғылардың біліктілігі
  • Терең жерлестілген бейтараптары бар желілердің қауіптілігі
  • Жанасу кезіндегі қорғаныс шаралары
  • Кернеуі 1 кВ жоғары тиімді жерлестірілген бейтараптары бар жерлестіргіш құрылғы
  • Нөлдестіру
  • Электрқондырғылардағы асқын кернеу
  • Электрқондырғылардың қауіпсіз қызмет етуі
  • Электрқондырғыларға қауіпсіз қызмет көрсту
  • Электрқондырғыларға қауіпсіз қызмет көрсту
  • Наряд және өкім бойынша жұмыстар
  • Электрқондырғыларда шұғыл ауыстырып қосу
  • Электрқондырғылардағы қорғаныс құралдары
  • Электрқондырғылардағы қорғаныс құралдары
Негізгі әдебиет
  • 1 Сибикин, Юрий Дмитриевич. Электробезопасность при эксплуатации электроустановок промышленных предприятий: учебник / Ю. Д. Сибикин, М. Ю. Сибикин, 2015. 2 Правила устройства электроустановок Республики Казахстан/ Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан. – Астана.: 2015. 3 Правила техники безопасности при обслуживании электроустановок потребителей. - Астана.:2008
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Охрана труда в энергетике./Князевский Б.А. - М.: Энергоатомиздат, 2005. 2 Охрана труда в электрохозяйствах промышленных предприятий. /Чекалин Н.А., Полухина Г.Н., Чекалина С.А. - М.: Энергоатомиздат, 2010. 3 Правила технической эксплуатации при обслуживании электроустановок потребителей. /Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан. –Астана.: 2012. 4 Правила техники безопасности при обслуживании электроустановок потребителей. /Министерство энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан. –Астана.: 2012.