Басқарушылық талдау
Сипаттама: Курс негізгі капитал, айналым капиталы, еңбек ресурстары сияқты бизнес ресурстарының тиімділігін, қозғалысын, техникалық жай-күйін, пайдалану тиімділігін талдаудың әдістері мен тәсілдерін зерттеуді, бизнестің көрсеткіштерінің детерминирленген және стохастикалық факторлық талдауын жүргізу әдістемесін қамтиды. Талдау кезінде экономикалық-математикалық үлгілеу және болжау әдістерін қолдану қарастырылады. Бұл пәнді оқу ұтымды басқару шешімдерін қабылдау саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Басқару есебі 2
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Талдаудың және оның мақсаты мен әдістерінің, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін ақпараттық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету териялық аспектілерін оқу.
Міндет
- Өнім өндірісінің және сатудың талдау әдістемесін оқу; өнім өндіруді жоғарылатудың резервтерін анықтау; негізгі өндірістік қорларды қолданудың бағалауы мен талдауы; еңбек ресурстарын пайдалануын талдау; материалдық ресурстарын қолдануын талдау; жедел тәуекелдерді талдау және инвестициялық қызмет
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Алдына қойылған экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратты жинау, талдау және мәліметтерді өңдеу дағдыларға ие
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпорындардың қаржылық және басқадай есептемелерді талдай алады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Басқарушылық шешімдердің ішінен тиімдісін таңдай алып, оны бағалау, құрастыру және тиімділік, тәуекел және әлеуметтік-экономикалық шарттарды ескере отырып оларды жетлдіру жолдарын негіздей алады
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кәсіпқой саласында оңай үйрене алатын, кәсіби қызметіне байланысты әр түрлі жағдайларда икемділік дағдыларына ие
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кәсіпқой және жеке өсуге тырысады
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);
берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;
ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);
іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);
оқу міндеттерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Доклад дайындау, тақырып бойынша есеп шығару | 0-100 |
Тақырып бойынша есеп шығару | ||
Тақырып бойынша есеп шығару | ||
Тақырып бойынша есеп шығару | ||
Тестілеу | ||
2 рейтинг | Доклад дайындау, тақырып бойынша есеп шығару | 0-100 |
Тақырып бойынша есеп шығару | ||
Тақырып бойынша есеп шығару | ||
Тақырып бойынша есеп шығару | ||
Тестілеу | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Басқарушылық талдаудың мәні, міндеттері және мазмұны
- Басқарушылық талдаудың түрлері
- Басқарушылық талдауда қолданылатын әдістер және тәсілдер
- Басқарушылық талдауда экономикалық ақпараттарды өңдеу тәсілдері
- Факторлық талдаудың түсінігі, мақсаты және типтері
- Басқарушылық талдаудағы факторлардың әсерін өлшеу тәсілдері
- Басқарушылық талдауда резерв шамасын анықтау әдістемесі
- Компанияның маркетингтік қызметінің талдауы
- Өнім өндірісін және өткізілуін талдау
- Еңбек ресурстарын пайдалануын талдау
- Негізгі құралдарды пайдалануын талдау
- Материалдық ресурстарды пайдалануын талдау
- Өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) өндірісінің шығындарын талдау
- Басқарушылық шешімдерді қабылдаудағы маржиналды талдау
- Операциялық тәуекелділікті басқарудағы талдау
Негізгі әдебиет
- Вахрушина М.А. Управленческий анализ. Учебное пособие. / М.А. Вахрушина. - М.: Кнорус, 2021. - 164 c.
- Камышанов, П. И. Финансовый и управленческий учет и анализ: учебник / П.И. Камышанов, А.П. Камышанов. – Москва : ИНФРА-М, 2021. – 592 с.
- Казакова Н.А. Управленческий анализ: комплексный анализ и диагностика предпринимательской деятельности: Учебник / Н.А. Казакова. - М.: Инфра-М, 2020. - 416 c.
- Никифорова, Н. А. Управленческий анализ: учебник для вузов / Н. А. Никифорова, В. Н. Тафинцева. — 3-е изд., испр. и доп. - Москва: Издательство Юрайт, 2022. - 413 с.
- Шеремет А. Д. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: учебник / А.Д. Шеремет. – 2-е изд., доп. – Москва : ИНФРА-М, 2021. – 374 с.
- Абдукаримов, И. Т. Финансово-экономический анализ хозяйственной деятельности коммерческих организаций (анализ деловой активности) : учеб. пособие / И.Т. Абдукаримов, М.В. Беспалов. – Москва : ИНФРА-М, 2019. – 320 с.
- Джаншанло Р.Е. Управленческий анализ.: учеб. пособие / Рамзан Есарович Джан-шанло.- Алматы: LEM, 2019.- 180 с.
Қосымша әдебиеттер
- Заманбеков Ш.З. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау. – Алматы: Экономика, 2017. – 220 б.
- Басовский Л.Е. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности: Учебное пособие / Л.Е. Басовский, Е.Н. Басовская. — М.: ИНФРА-М, 2019. — 366 c.
- Артеменко В.Г. Экономический анализ: Учебное пособие / В.Г. Артеменко, Н.В. Анисимова. — М.: КноРус, 2020. — 288 c.
- Косолапова М.В. Комплексный экономический анализ хозяйственной деятельности: Учебник / М.В. Косолапова, В.А. Свободин. — М.: ИТК Дашков и К, 2021. — 248 c.
- Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. – М.: НИЦ ИНФРА-М, , 2019. – 649 с.