Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру

Ислям Гульнара Ислямовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курста инвестиция түсінігні, оның типтері, белгілері, инвестициялық қызмет, инвестициялық саясат, инвестициялық саясат және оны заңнамалық қамтамасыз ету, инвестицияны қаржыландыру көздері, инвестициялық жоба және оны талдау мен бақылау, нақты және қаржылық портфельді инвестициялау қарастырылады. Сондай-ақ қамтылған материалдар қазіргі уақыттағы инвестициялық қызметті тиімді жүргізудің әдістемелерін терең игеруге көмектеседі.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Қаржыға кіріспе

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру» пәнін оқытудың мақсаты студенттерге кәсіпорынның инвестициялық қызметі саласындағы экономикалық білімдер кешенін беруді, осы салада басқару шешімдерін қабылдауды, сонымен қатар практикалық жобаларды меңгеруді және қолдануды үйретеді .
Міндет
  • Пәнді оқытудың міндеттері болып - экономикалық категория ретiнде инвестиция міндеттерің ашу; - олардың макро жене микродеңгейде ролiнде және мағынасын оқыту; - инвестиция жiктелiмiн жене олардың құрылымын анықтау; капитал жұмсалымды қаржыландыру көздерiн жене олардың ең арзанын, берiгiн анықтау әдiстерiн ашу; - капитал жұмсалымның экономикалық негiздемесiнiң нұсқасын зерттеу; -кәсiпорындарда тиiмдi инвестиция портфелiнiң қалыптасуын оқыту; - инвестициялық теуекелдi, олардың бағалануын, алдын-алу немесе төмендету жолдарын анықтау.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Инвестиция түрлері, кәсіпорынды басқару жүйесіндегі инвестициялық қызметтің орны мен ролі, инвестициялық қабылдауға әсер ететін факторлар туралы түсініктерінің болуы. 2. Инвестициялық жобаны жүзеге асыру кезеңдері мен құрылымын, инвестицияны бағалау және талдаудың әр түрлі әдістемелерін, жобаларды қаржыландыру көздері мен тәсілдерін, капитал салымы бюджетін үйлестіру әдістемесін білуі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. Инвестициялық шешімдерді қабылдау бойынша өзінің қызметінде қаржылық менеджердің алдында тұрған, нақты шешімдерді қабылдау кезінде, пәнді зерделеу үрдісінде алынған теориялық білімдерін қолдана білуі
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың рационалды көздерін таңдау кезінде, инвестицияны бағалаудың әр түрлі әдістерін қолдануда, инвестициялық жобаларды жасауда, тәжірибелік дағдылар
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жобаны қаржыландырудың мақсатқа лайыктылығы туралы шешім қабылдау кезінде ақпараттық технологиялар және коммуникативті есптерді шығару үшін қазіргі техникалық құралдарды қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Методологиялық принциптерді талдау тәсілдерін қолданумен инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалауды жүргізу; бизнесті жүргізу тиімділігін бағалау үшін , сонымен қатар басқару шешімдерін қолдану мақсатында талдау нәтижесін қолдану туралы объективті аналитикалық қорытындылар.
Оқыту әдістері

1) проблемалық және жобалық-бағдарлы оқыту технологиялары; Жоба әдісі бойынша оқытуды ұйымдастыру оқытушының алдына барлық білім алушыларды проблемалық жағдайға және әрбір сабаққа тартуды қамтамасыз ету міндетін қояды. Яғни, құрылымдалған және жүйеленген түрде проблемалық жағдайды шешу үшін ақпарат бере отырып, сабақ мазмұнының проблемалық-бағытталған сценарийін құру міндеті. 2) кейстер әдісі (жағдайды талдау); Кейс-технология білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, шағын топтарда күрделі тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастырады, мамандарға күтпеген жағдайларды талдау қабілеттерін табысты меңгеруге, шешім қабылдау алгоритмдерін өз бетінше әзірлеуге көмектеседі. 3) ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқыту нәтижесіне қол жеткізу мақсатында студент пен оқытушы арасындағы оңтайлы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 4) коммуникативтік технологиялар (дискуссия, ми шабуылы қойылған мәселелерді шешу үшін шығармашылық, ұжымдық жұмыс формасы ретінде).

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Семинар сұрақтарына жауаптар 0-100
Жек тапсырманы орындау және қорғау, есептер шығару
Есептер шығару
Бақылау жұмысы
2  рейтинг Семинар сұрақтарына жауаптар 0-100
Жек тапсырманы орындау және қорғау, есептер шығару
Есептер шығару
Қорытынды бақылау жұмысы
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Нарықтық қатынастар жүйесiндегi инвестиция
  • Қазақстанның инвестициялық саясаыт және оны мемлекеттік реттеу
  • Инвестициялық және қаржылық нарықтар
  • Инвестициялық қызметті қаржыландыру көздері
  • Инвестициялық шешімдерді қабылдаудың әдістемелік негізі
  • Инвестициялық жобалар және олардың тиімділігін бағалау әдістері
  • Бизнес-жоспар және оның инвестициялық жобаны қаржылық негіздеудегі рөлі
  • Инвестициялық жоба, оның құрылымы және өмірлік циклі
  • Қаржылық инвестициялар және олардың тиімділігін бағалау әдістері
  • Инвестициялық портфельді қалыптастыру және бағалау
  • Инвестициялық жобалардың микроэкономикалық фундаменталдық талдау
  • Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау тәсілдері
  • Инвестициялық жобалардың ақша ағынын бағалау
  • Инновацияларға инвестициялар және оларды қаржыландыру
  • Инвестициялық тәуекелдер, оларды азайту және басқару әдістері
Негізгі әдебиет
  • 1. Инвестиции: учебное пособие для студентов, обучающихся по специальности «Финансы и кредит» / [М. В. Чиненов и др.]. – 3-е изд., стереотипное. – Москва: КноРус, 2020. – 364 2. Аскинадзи, В. М. Инвестиционный анализ: учебник для академического бакалавриата: для студентов высших учебных заведений, обучающихся по экономическим направлениям / В. М. Аскинадзи, В. Ф. Максимова. – Москва: Юрайт, 2019. – 422 с. 3. Бенджамин Грэм Разумный инвестор. Полное руководство по стоимостному инвестированию; Альпина Паблишер - М., 2017. - 680 c. 4. Игошин Н. В. Инвестиции. Организация, управление, финансирование; Юнити-Дана - М., 2017. - 448 c. 5. Кучарина Е. А. Инвестиционный анализ; Питер - М., 2016. - 160 c. 6. Мелкумов Я. С. Организация и финансирование инвестиций. Учебное пособие: моногр. ; ИНФРА-М - М., 2017. - 248 c. 7. Об утверждении Концепции инвестиционной политики Республики Казахстан до 2026 года. Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июля 2022 года № 482.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Пахомов А. А. Инвестиционная деятельность российских компании за рубежом. Тенденции развития; Издательский дом "Дело" РАНХиГС - М., 2015. - 448 c. 2. Тимур Р. Рахимов Формирование благоприятного инвестиционного климата в регионе: моногр. ; LAP Lambert Academic Publishing - М., 2016. - 220 c. 3. Крутик А. Б., Никольская Е. Г. Инвестиции и экономический рост предпринимательства; Лань - М., 2017. - 544 c. 4. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК КОДЕКСІ (2022.18.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)