Статистикалық есеп

Байтикенова Гульжан Альпековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Статистикалық есеп - кәсіпорын, сала, экономикалық аймақ немесе ел ауқымында жаппай, сапалы біртекті әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды тіркеу, қорыту және зерттеу жүйесі. Статистикалық есеп ақпаратын басқару шешімдерін қабылдау үшін билік және басқару органдары пайдаланады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Басқару есебі 2

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Курстың басты мақсаты – студенттерді, ғылыми ұйымдастырылған жүйе бойынша статистикалық түсініктер мен статистикалық әдістемені қолдану арқылы, ұлттық есептер жүйесінің түсініктері мен макроэкономикалық статистикалық әдістемені қолдану арқылы, қоғамдағы өзгерістердің сандық жағын сапалық тұрғыда байланыстыра отырып зерттеуді үйрету.
Міндет
  • Пәнді оқыту процесінде студенттерге келесі міндеттер қойылады: 1) статистикалық ғылымның, Ұлттық есептер жүйесінің жалпы негіздерін, категориялары мен түсініктерін меңгеру; 2) әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгерістерін статистикалық бақылау мен өңдеу және жалпылама көрсеткіштер (нақты және қатысты, орташа шамалар, индекстер, өзгермендік, өсіңкілік, өзара байланыс көрсеткіштері) көмегімен оларды талдау әдістерін қолдану; 3) қоғамдағы өзгерістерді статистикалық кестелер мен графиктер түрінде бейнелеуге машықтандыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Cтатистикалық есептің мағынасын, пәнін, объектілерін, статистикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, статистика аппаратының негізгі ұғымдарын, статистикалық көрсеткіштерді, ҚР статистикалық негізгі ұйымдарды білу қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қоғамда, мемлекетте болып жатқан әлеуметтік жағдайларды талдаудағы нақты жағдайды дұрыс бағалау үшін оқылған жинақтау әдістері мен ақпараттарды өңдеу әдістерін қолдану. Студент сонымен қатар тәжірибеде статистика әдістерін қолдануы, макро және микро деңгейде экономикалық мәселелерді шешуі, кәсіпорынның экономикалық жағдайын бағалай алуы қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстар туралы отандық және шетел статистикасы деректерін талдауға және интерпретирлеуге, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер өзгеру тенденцияларын анықтауға қабілетті Әлемдегі әлеуметтік-экономикалық үрдістерді талдауға, бағалауға және Қазақстанның экономикалық практикасына индустриалды дамыған елдердің тәжірибесін енгізуге қабілетті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіби қызметке байланысты әр түрлі жағдайға бейімделген және мобильді. Нақты экономикалық жобаны жүзеге асыру үшін құрылған шағын топтар қызметін ұйымдастыруға қабілетті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады. Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады
Негізгі әдебиет
  • 1997 жылдың 7 мамырындағы ҚР « мемлекеттік статистика туралы» заңы (соңғы өзгерістер 21.12.04 ж)
  • Елисеева И.И. Статистика. Москва: Юрайт, 2011 – 545 б.
  • Гореева Н.М. Статистика в схемах и таблицах / - Москва: Эксмо, 2007 – 414 б.
  • Зинченко А.П. Статистика: оқулық / А.П. Зинченко. – Москва: КолосС, 2008.- 566 б.