Бюджеттік мекемелердегі қаржылық бақылау және аудит

Адрышева София Жусуповна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметінің ажырамас құрамдас бөлігі және объективті керекті және қоғамдық – пайдалы қызмет болып табылады.Шаруашылық процессті басқару жүйесінде бақылауға ерекше үйлестіруші роль берілген. Қаржылық бақылау – бұл бақылаушылардың арнайы амалдары мен әрекеттер тәсілінің жиынтығын қосатын, қойылған мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін ерекше әдістер арқылы биліктің заңшығарушылық және орындаушы органдарының барлық деңгейімен жүргізетін барлық экономикалық субъектілердің (мемлекет, кәсіпорын, мекеме, ұжым) , және де арнайы құрылған мекемелердің қаржылық қызметін бақылау.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты – меңгеруі бақылаудың амалдарын игеруге көмектесетін қаржылық және бюджеттік ұйымдарда қаржылық бақылау мен аудит негіздерін студенттерге беру. Бұл қаржылық және бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есеп берулерге талдау мен сараптау жүргізуге, табылған кемшіліктерді жою бойынша кепілдемелер жасауға, қаржылық және бюджеттік ұйымдардың қаржылық жағдайын сауықтыру мен нығайтуға мүмкіндік береді.
Міндет
  • Пәннің маңызды талаптары болып төмедегілер табылады: - бақылаудың мәнін, талаптарын ұйымдастыруды оқыту, оның құқықтық және нормативті негіздері; - студенттерде қаржылық бақылаудың кешенді білімін құру, бақылау мен есеп аймағында тәжірибиелік дағдыларды өндіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қаржылық бақылау мен аудитттің ұйымдастырушылық-құқықтық базасын; аудиттің халықаралық стандарттарын, есептік қызметтің мазмұнын, оның тәсілдері мен әдістерін, мақсаты мен іске асыру тәртібін білу қажет
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қолданыстағы заңнамалар, стандарттар, аудит қағидалары, нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде аудит пен бақылауды ұйымдарда жүргізу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қолданыстағы заңнамалар, стандарттар, аудит қағидалары, нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде аудит пен бақылауды ұйымдарда жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қойылған мәселелерге сәйкес қаржы- экономикалық ақпарат өңдеу үшін инструменттік құралдарды таңдауға, алынған қорытындыны негіздеуге қабілетті Басқарушылық шешімдердің ұсынылған нұсқаларын критикалық бағалауға және әлеуметтік-экономикалық тиімділік, тәуекелдер және мүмкін әлеуметтік- экономикалық салдарлары критерияларын ескере олдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар негіздеуге қабілетті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметін кешендік талдау және диагностика өткізуге қабілетті, оңтайлы басқарушылық шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін алынған нәтижелерді пайдалану
Негізгі әдебиет
  • Аудиторлық қызметі туралы» ҚР Заңы, 20.11.98 ж., № 304-1 (толықтырулар мен өзгертулермен бірге) Әбленов Д.О. Қаржылық бақылау және тереңдетілген аудит. – Алматы: Экономика, 2010. Ержанов М.С. Аудит 1. – Алматы: Бастау, 2005.