Сақтандыру

Биханова Алмагуль Советовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Сақтандыру тәуекелді басқару жүйесінің элементі ретінде. Сақтандыру қызметін ұйымдастыру. Сақтандыру құқығының негіздері. Актуарлы математика негіздері. Тәуекелдік сақтандыру түрлерінде сақтандыру тарифтерін қалыптастыру әдістері. Сақтандыру ұйымдарының экономика және қаржы негіздері. Сақтандыру резервтері.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Сақтандыру ісі облысында жүйелі білім беру, оның ішінде сақтандырудың теориялық аспектілерін, сақтандыру ісін ұйымдастыру, сақтандыру қатынастарын мемелекеттік реттеу, сақтандырудың салалары бойынша оның ерекшеліктерін анықтау, сақтандырушыларының қаржыларының өзіндік ерекшеліктерін зерделеу болып табылады.
Міндет
  • Бұл пән қазіргі қоғамдық сақтандырудың экономикалық мәнін, қызметтерін, ролі мен қолдану саласын қамтитын сақтандыру теориясының мәнін ашады. Пәнді оқу кезінде студент сақтандыру ісін ұйымдастыру әдістерін, сақтандыру ұйымдарының құрлымын, сақтандыру түрлерін, негізгі ұғымдарын, сақтандыру бойынша халықаралық нормаларды және ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңының негізгі ережелерін білуі керек. Сонымен қатар сақтандыру түрлерін тануы және тарифтерді есептей біледі. Пәнді оқуда сақтандыру келісім – шартын құру және сақтандыру тарифін құру бойынша жұмыстардың тәжірибелік дағдысын алады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • сақтандыру оқиғасын түсінуге қажетті қаржы-экономикалық, себеп-салдарлық мәліметтерді жинақтау және өңдеуге икемденген
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • сақтандыру ісін ұйымдастыру әдістерін, сақтандыру ұйымдарының құрлымын, сақтандыру түрлерін, негізгі ұғымдарын, сақтандыру бойынша халықаралық нормаларды және ҚР «Сақтандыру қызметі туралы» заңының негізгі ережелерін меңгерген
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • сақтандыру түрлерін таниды, актуарлық есептер негізінде тарифтерді есептей алады, мәліметтерді сараптау нәтижесінде қорытынды жасай алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • сақтандыру аясында орын алған нақты жобаны жүзеге асыру үшін кіші топтың жұмысын ұйымдастыруға қабілетті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • білімін магистратурада жалғастыру үшін және күнделікті кәсіби қызметіне қажетті жаңа арнайы білімдерді алуға машықтанған
Негізгі әдебиет
  • 1. «Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі туралы» заңы №126 – II 18.12.2003 2. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «сақтандыру рыногын қалыптастыру мен дамыту бойынша құқықтық шаралар туралы» № 1658 16.04.94ж. 3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі: Айрықша бөлімі.- Алматы: БИКО, 2004.- 240 б. 4. Ефимов С.Л. Экономика и страхование: Энциклопедический словарь.- Москва: Церих - ПЭЛ,2004.- 528 с. 5. Жуйриков К.К., Назарчук Р. Страхование: теория, практика, зарубежный опыт. – Алматы,2004. 6 Жүйіріков К.К. Қазақстанда сақтандыру ісін ұйымдастыру. – Алматы.- 2003ж. 7. Джемпеисова Г.И., Чикунов О.Н., Суйеубаева С.Н. Сақтандыру: Оқу құралы. - Алматы.-Экономика, 2010ж.- 256б.