Қаржылық есептеменің халықаралық стандарттары

Нурекенова Эльвира Собетоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл пән ХҚЕС бойынша Комитет әзірлеген қаржылық есептіліктің мынадай стандарттарын қарастырады және зерделейді: қаржылық есептілікті тағайындау және ұсыну (1 ХҚЕС), есепті күннен кейінгі оқиғалар (10 ХҚЕС), пайдаға салынатын салықтар (12 ХҚЕС), акцияға пайда (33 ХҚЕС), ақша қаражатын және олардың баламаларын тану (7 ХҚЕС), бағалау резервтері, кәсіпорынның қаржылық есептілігін жасау, есепті күннен кейін болған оқиғаларды қаржылық есептілікте көрсету, салық міндеттемелерін айқындау үшін пайдаланылатын шартты міндеттемелер мен шартты активтер (37 ХҚЕС). Сондай-ақ кәсіпорындарды біріктіру, шоғырландырылған қаржылық есептілікті құру мәселелері қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Халықаралық қаржылық есеп стандарттары» пәні жоғарғы оқу орындарының қаржы мамандықтары үшін таңдамалы болып табылады. Пәнді оқытудың мақсаты – халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сәйкес қаржылық есептемені даярлауға қажетті ақпаратты жинау, тіркеу, өңдеуге және қаржылық есептемені әзірлеуге үйрету.
Міндет
  • Жоғары білікті мамандарды дайындауға қойылатын талаптарға сәйкес, осы пәнді оқу барысында қаржыгер - студент келесі мәселелерді игеруі керек: - халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандарттарына сай есептеу жұмысын жүргізуді; - халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандарттарына сай есеп беруді дарлауды; - ұйымдардағы қаржы- шаруашылық қызметін есептеуді және талдауды; - қаржылық есептің ең тереңдетілген аспектілерін.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студенттер халықаралық бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру стандарттарымен толық танысады.
  • Курс қаржылық менеджмент, қаржы нарықтары және делдардар, салық және салық салу, бух есепті компьютерлендіру,
  • қаржылық бақылау және аудит инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу курстарымен тығыз байланысты.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Пайда тұжырымдамасының қаржы есебінде көрініс алуын анықтау
  • Салық салынатын пайда мен есепте келтірілетін пайданың айырмашылық мәселесін анықтау
  • Бухгалтерлік есептің перспективалық мәселелерін білу
  • инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу курстарымен тығыз байланысты.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қорытындылау мен талдау қабілеттіліктері
  • Ғылыми зерттеуге және қаржылық ақпаратты қаржылық есептемелерде көрсету мақсатымен тіркеу мен жинақтау үшін тәжірибелік аспектілерін шешуге бағытталған бухалтерлік есеп принциптерінің білім жүйесін қолдану
  • способен критически оценить предлагаемые варианты управленческих решений и разработать и обосновать предложения по их совершенствованию с учетом критериев эффективности, рисков и возможных социально-экономических последствий
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Экономикалық ой-қабілеттілігінің мәдениетін білу Өзіндік творчестволық жұмыстың дағдыларын және топта жұмыс істеуді үйрену Өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алу, жаңа шешімдер ұсыну, келісім таба алу және өз ойын коллектив ойымен салмақтау
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады.
Негізгі әдебиет
  • ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 28 ақпан 2007 жылғы Заңы
  • «№1 Ұлттық қаржылық есеп стандартын бекіту туралы» ҚР ҚМ №21 21.06.2007 жылғы Бұйрығы
  • «№2 Ұлттық қаржылық есеп стандартын бекіту туралы» ҚР ҚМ №217 21.06.2007 жылғы Бұйрығы
  • «Алғашқы құжаттар нысандарын бекіту туралы» ҚР ҚМ №217 21.06.2007 жылғы Бұйрығы