Компьютерлік жүйелердің қауіпсіздік технологиялары
Сипаттама: Пән ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі ұғымдары мен қауіптерін, деректер мен бағдарламаларды қорғаудың техникалық, бағдарламалық және криптографиялық құралдарын, вирустардан қорғау құралдарын, пайдаланушылар деңгейінде қол жеткізуді басқаруды және аутентификация жүйелерін қарастырады. Компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік технологияларын қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Кәсіпорын экономикасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары саласында білімі бар және мәліметтерді өңдеу жүйелерінде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өз білімін қолдана алатын мамандарды даярлау болып табылады.
Міндет
- ақпараттық қауіпсіздіктің негізгі түсініктері мен мәселелерімен, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі технологияларымен танысу;
- қорғау жүйелерін құру принциптері туралы, ақпараттық қауіпсіздіктің қазіргі заманғы әдістері мен құралдары туралы түсініктерді қалыптастыру;
- Қазіргі компьютерлік жүйелерде қауіпсіздік технологияларын қолдану бойынша практикалық дағдыларды меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ақпараттық қауіпсіздіктің заманауи әдістері мен құралдары бойынша білімдерін көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- компьютерлік жүйелердегі ақпараттың ықтимал қатерін анықтау;
- практикада операциялық және компьютерлік жүйелерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологияларын қолдану;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша пікірлерді қалыптастыру;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кәсіби қызметте жеке қасиеттер мен көшбасшылық дағдыларды жүзеге асыру, команда мүшесі ретінде және жеке тиімді жұмыс істеу қабілетін көрсету;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- кәсіби өсуге ұмтылу және ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын алу, коммуникативтік тапсырмаларды шешу үшін пайдалану.
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгіме; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);
ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, түрлі операциялық жүйелер мен қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);
іздестіру-зерттеу (Оқу процесіндегі студенттердің өзіндік зерттеу қызметі).
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Практикалық жұмыс 1 | 0-100 |
Практикалық жұмыс 2 | ||
Практикалық жұмыс 3 | ||
Практикалық жұмыс 4 | ||
Аралық бақылау тесті 1 | ||
2 рейтинг | Практикалық жұмыс 5 | 0-100 |
Практикалық жұмыс 6 | ||
Практикалық жұмыс 7 | ||
Аралық бақылау тесті 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Компьютерлік жүйелердің қауіпсіздігіне кіріспе
- Қауіпсіздік саясаты
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістері мен құралдары
- Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің криптографиялық құралдары
- Криптографиялық қауіпсіздік құралдары
- Сандық қолтаңба технологиясы
- Ақпараттық қауіпсіздікті ұйымдастырушылық және құқықтық қамтамасыз ету
- Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің техникалық құралдары
- Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық құралдары
- Объектінің және субъектінің түпнұсқалығын анықтау және сәйкестендіру әдістері
- Компьютерлік вирустар
- Желілердегі қауіпсіздік технологиялары
- Шабуылдарды анықтау технологиялары
- Windows - та қауіпсіздік технологиялары
- NTFS көлемдерінде сақталған қалталар мен файлдарды шифрлеу
Негізгі әдебиет
- Голиков А.М. Основы информационной безопасности: учеб. пособие для практических и семинарских занятий. – Томск: Томск. гос. ун-т систем упр. и радиоэлектроники, 2017. – 214 с.
- Малюк А.А., Горбатов В.С., Королев В.И. и др. Введение в информационную безопасность. Учебное пособие для вузов, М.: Горячая линия – Телеком, 2011. – 288 с.
- Шаньгин, В.Ф. Информационная безопасность и защита информации / В.Ф. Шаньгин. - М.: ДМК, 2014. - 702 c.
- Шаньгин В.Ф. Информационная безопасность компьютерных систем и сетей: Учебное пособие. – М.: ИД «ФОРУМ»: ИНФРА-М, 2013. – 416 с.
- Денисова Н.Ф., Котлярова И.А., Вайс Ю.А., Касымханова Д.Ж. Системный администратор: Учеб.-метод. пособие. – Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2017. – 944 с.
Қосымша әдебиеттер
- Галатенко В.А. Основы информационной безопасности: Курс лекций. – М.: Национальный открытый университет «Интуит».-, 2016. – 205 с.
- Кияев В.И., Граничин О.Н. Безопасность информационных систем: Учебное пособие. — М.: Национальный открытый университет «Интуит».- 2016.