Экономикадағы математика

Жаксыгунова Жанияш Тулебаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Сызықтық алгебра және Аналитикалық геометрия элементтері. Матрицалық талдаудың векторлық Алгебра элементтері. Талдауға кіріспе. Бір және көп айнымалы функциялардың дифференциалдық есептеулері. Ықтималдықтар теориясының және математикалық статистиканың негізгі элементтері. Негізделген математикалық қорытындылар әдістердің жеткілікті ортақтығын, қосымшалардың кеңдігін және математиканың негізгі бөлімдерінің нарықтық экономиканың барлық салаларына терең өзара енуін қамтамасыз етеді.

Кредиттер саны: 3

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Экономикадағы математика» пәнін оқытудың мақсаты:Студент пәннің негізгі ұғымдары туралы білімдерді меңгере отырып, ілімдердің және негізгі формулалардың дәлелдеулерін, шексіз аз шамаларды салытыру теориясын ұғып –түсініп, экономикалық есептерді шешу үшін қажетті функциялар теориясының математикалық аппараты қолданылатын практикалық есептерді шеше білу керек
Міндет
  • «Экономикадағы математика» пәнін меңгергеннен кейін пән бойынша негізгі іргелi ұғымдар жүйесін, негізгі анықтамалар және қасиеттер, теоремаларды білу керек, мамандық саласына сәйкес негізгі есептерді шешу әдiстерiн экономикалық есептерде қолдана білу керек, мамандыққа байланысты қолданбалы есептерді шешудің негізгі әдістерін оқып-үйреніп,түрлі анықтамаларды, кестелерді қолдана білу керек, әртүрлі шамаларға амалдар қолдану және олардың ретін бағалай білу керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Интеллекталды дамыған және сыни ойлай білетін экономистің жеке тұлға ретінде қалыптасуына қажетті математика саласындағы базалық білімдермен қаруланған.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Дәстүрлі әдістер негізінде математикалық әдістерді қолданып, экономикалық үлгілердің аналитикалық есептеулерін жүргізеді.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Математикалық әдістерді пайдалана отырып, басқару шешімдерін тиімділігін бағалап, бизнес-тәуекелдерді анықтап, бизнес тиімділігін талдай алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Тиімді өз көзқарасын дұрыс қорғап, жеке және командада пайдаланылатын математикалық әдістер экономикалық мәселелерді шешу үшін жұмыс жасап, жаңа шешімдер ұсынады; командасы үшін өз пікірін және олардың санасып, пікірін жүзеге асыруға қабілеті бар.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Болашақ қызметі үшін қажетті негізгі білім мен магистратурада, үздіксіз білім дағдылары толықтыру мен жаңаруын меңгеріп, экономиканың ғылыми-зерттеу саласында математикалық әдістерді қолданады.
Негізгі әдебиет
  • Негізгі әдебиеттер 1 Ибрашев , Еркеғұлов Математикалық талдау. I, II том - Алматы, «Қазақ университеті», 2014. 2 Хисамиев Н.Г., Тыныбекова С.Д., Конырханова А.А. Математика. 2 том.- Өскемен.- ШҚМТУ баспасы, 2006. 3 Айдос Е.Ж. Жоғары математика. I, II, III, IV том. Алматы.- «Бастау» баспасы.-2008 жыл. 4 Берман Г.Н. Сборник задач по математическому анализу.-Санкт-Петербург, 2005. 5 Демидович Б.П. Сборник задач по математическому анализу.- Изд.Лань.-2009. 6 Хасеинов К.А. Каноны математики. Алматы.- «Бастау» баспасы, 2003. 7 Фихтенгольц Г.Н. Дифференциальное и интегральное исчисление. I, II, III том. Изд.Лань.-2009. 8 Данко П.Е., Попов А.Г., Кожевникова. Высшая математика в упражнениях и задачах. -М.изд. «Мир и образование», 2 бөлім, 2005.