Фотограмметрия
Сипаттама: Курс аэрофототүсіру процесінің технологиясын, суреттің геометриялық және физикалық қасиеттерін, жеке сурет теориясын, суреттердің жұбының теориясын, сандық суреттердің фотограмметриялық өңдеу ерекшеліктерін зерделеуді қарастырады, сондай - ақ геодезия, картография және басқа да қызмет салаларының міндеттерін шешу үшін аэро- және ғарыштық түсіріс материалдарын қолданбалы пайдалануды қарастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- болашақ мамандары негізгі теориялық және практикалық білімдері фотограмметриялық негізгі түрлеріне, олардың бағалау әдісін және алынған материалдың сапасын анализдеуге, карта мен пландардың корректировкасын орындауға, сонымен қатар әр түрлі инженерлік шешімдерді шешуге, әр түрлі масштабта карта мен пландарды құруда және фотограмметриялық тірек торабын жиілетуді оқыту.
Міндет
- топографо-геодезиялық өндірісінде өндірістік-техникалық және жобалық есептерді шешу үшін студенттерді дайындау;
- жергілікті жердің стереомоделі бойынша план мен карталарды құру мен жаңарту кезінде заманауи фотограмметриялық аспаптармен жұмыс істеу, сонымен қатар жерүстелік және аэроғарыштық суреттер бойынша нүктелердің координаталары мен биіктіктерін анықтау мен өлшеу дағдыға ие болу;
- кәсіптік ортада жұмыс істеу үшін әлеуметтік жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Фотограмметриялық өлшеулер үшін қолданылатын фотограмметриялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу, сонымен қатар карталарды құру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Заманауи технологияларды қолданып экономика объектілерін геодезиялық қамтамасыз ету кезіндегі фотограмметриялық жұмыстардың заманауи әдістерін және тәсілдерін қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әртүрлі фотограмметриялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Фотограмметриялық аспаптармен, құралдармен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары, компьютерлік технологияларды қолданып фотограмметриялық жұмыстарды орындау дағдылары.
Оқыту әдістері
- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді формаларын қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгіме; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген жағдайлар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін қолдана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу процесінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу мәселелерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Глоссарий | 0-100 |
Бақылау жұмысы | ||
Зертханалық сабақтар | ||
2 рейтинг | Дәрістік сабақтар сауылнамасы | 0-100 |
Бақылау жұмысы | ||
Зертханалық сабақтар | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе дәріс
- Аэрофототүсіріске кіріспе және терминдерді анықтау
- Фотограмметриядағы координаттар жүйесі
- Стереоскопия және аэрофотосуреттердің стереоскопиялық әсері
- Стереоскопиялық параллакс, анықтау және өлшеу
- Аэросуреттер бойынша биіктік өсімшені анықтау
- Жекелеген аэрофотосуреттер бойынша планиметриялық карталау
- Көлбеу аэрофотосуреттердің геометриясы және бағыты
- Фотограмметриядағы ГАЖ бағдарламалары
- Қашықтан зондтау: қосымшалар, деректерді біріктіру, стандарттар
- ГАЖ негіздері және географиялық деректер құрылымы
- Кеңістіктік талдау, модельдеу және сапаны қамтамасыз ету
- Негізгі электромагниттік сәулелену (энергия, спектр, жер бедерімен өзара әрекеттесу)
- Қашықтықтан зондтау деректерінен ақпарат алу (өңдеу әдістері, суреттерді түсіну, бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету)
Негізгі әдебиет
- Назаров А.С. Фотограмметрия. - М.: ТетраСистемс, 2010
- Gottfried Konecny, “Geoinformation: Remote Sensing, Photogrammetry and Geographic Information Systems, Second Edition” , CRC Press, Taylor & Francis, ISBN:1420068563 ,2014
- “Elements of Photogrammetry”, 4th Edition, Paul R. Wolf and Bon Dewitt, McGraw Hill, ISBN: 9780071761123, 2014
- Manual of Photogrammetry, 6th Edition, American Society of Photogrammetry and Remote Sensing, 2013
- E.Levin, L Nadolinetc Surveying Instruments and Technology 1st Edition,CRC-Press ISBN: 1498762387, 2017
Қосымша әдебиеттер
- Обиралов А.И., Лимонов А.Н., Гаврилова Л.А. Фотограмметрия. – М.: КолосС, 2006
- Introduction to Modern Photogrammetry, Edward M. Mikhail, James Bethel, and Chris McGlone, John Wiley & Sons, 2001
- Remote Sensing and Image Interpretation, 2nd Edition, Thomas M. Lillesand and Ralph W. Kiefer, John Wiley & Sons, 2000
- Лабутина И.А. Дешифрирование аэрокосмических снимков - М.: Аспект Пресс, 2004
- Interpretation of Aerial Photographs, 4th Edition, Thomas Avery and Graydon Berlin, Burgess Publishing Co, 1985