Жер қырстысының қозғалысына геодезиялық бақылау жүргізу

Капасов Азамат Кайсарович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс жер қыртысының қозғалыстарын геодезиялық бақылау әдістері мен құралдарын, геодинамикалық полигондарды, GPS-жүйелерді, жерсеріктік GPS координаталар жүйесін, геодинамикалық полигондарда жерсеріктік өлшеулерді орындау әдістемесін, анықтау дәлдігін және оны жоғарылату жолдарын, нивелирлеу нәтижелері бойынша жер қыртысының тік қозғалыстарын зерттеуді қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Жоғары геодезия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Табиғи және техногенді себептерімен пайда болған ірі инженерлік құрылыстардың деформацияларын және жер қыртысының жылжуын геодезиялық бақылау әдістерін оқу.
Міндет
  • Жер қыртысының жылжуын бақылау кезіндегі геодезиялық жұмыстардың технологиясын және құрамын білу.
  • Геодезиялық өлшеулердің математикалық өңдеуін жүргізуді білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер және олардың нәтижелерін математикалық өңдеу үшін қолданылатын геодезиялық аспаптары мен ақпаратты автоматты өңдеу құралдарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде жер қыртысының жылжуын геодезиялық бақылау туралы білімді қолдану қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі.
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға даярлығы.
Оқыту әдістері

- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Геодинамика және жер қыртысының қазіргі қозғалысы
  • Әлемнің ғылыми суретін қалыптастырудағы геодезия рөлі
  • Жер құрылысы туралы негізгі мәліметтер
  • Жаһандық, аймақтық және жергілікті геодинамика
  • Жер қыртысының деформациясын бақылаудың геодезиялық әдістері
  • Геодинамикалық полигондарда бақылаудың классикалық геодезиялық әдістері, жұмыстың мәні, құрамы және орындау технологиясы
  • Жер қыртысының қозғалысын бақылау үшін GPS-технологияларды пайдалану
  • Геодинамикалық полигондарда нивелирлеу ерекшеліктері
  • Геодинамикалық полигондарда нивелирлеу деректерін өңдеу
  • Жер қыртысының қозғалыстарын геодезиялық бақылау нәтижелерін ұсыну, өңдеу және түсіндіру әдістері
Негізгі әдебиет
  • Середович В.А. и др. Идентификация движений и напряженно-деформированного состояния самоорганизующихся геодинамических систем по комплексным геодезическим и геофизическим наблюдениям: Монография/ Середович В.А., Панкрушин В.К., Кузнецов Ю.И., Мазуров Б.Т., Ловягин В.Ф.; Под общ. Ред. В.К. Панкрушина; СГГА. – Новосибирск, 2004
  • Антонович К.М. Использование спутниковых радионавигационных систем в геодезии. Т1. Монография. – М.: ФГПУ «Картгеоцентр», 2005
  • Мазуров Б.Т. Математическое моделирование по геодезическим данным: учеб. пособие. – Новосибирск: СГГА, 2013
  • Ященко В.Р., Ямбаев Х.К. Геодезический мониторинг движений земной коры. – М.: изд- во МИИГАиК, 2007
  • Мазуров, Б.Т., Дорогова И.Е. Геодинамика и геодезические методы ее изучения: учеб. пособие. – Новосибирск : СГГА, 2014
Қосымша әдебиеттер
  • Шароглазова Г.А. Применение геодезических методов в геодинамике. - Новополоцк, ПГУ, 2002
  • Инструкция по нивелированию I, II, III и IV классов. ГКИНП (ГНТА)-03-010-03. Москва: ЦНИИГАиК, 2004
  • Садов А.В. Аэрокосмические методы в инженерной геодинамике. – М.: Недра, 1988
  • Журналы "Геодезия и картография", "Геопрофи", "Известия высших учебных заведений. Раздел: Геодезия и аэрофотосъемка"