Серіктік технологиялар

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерді қазіргі заманғы геодезиялық жерсеріктік жүйелер мен технологиялармен таныстыруға, сонымен қатар осы білімді практикалық қызметте қолдануды білуге бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Геодезиялық аспаптану

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық мәселелерді шешу үшін, студенттер серіктік технологияларды қолдану теориясы мен тәжірибе саласындағы әрекетті жүзеге асырудағы, білімге, қабілетке, дағдыларға ие болу.
Міндет
  • Координаталардың аспандық және жерлік геоорталық жүйелерін, GPS және ГЛОНАСС жүйелердің құрылымын білу; GPS-қабылдағыштарды қолдану арқылы геоорталық координаталарды анықтауды, бір жүйеден басқа жүйеге координаталарды түрлендіру бойынша есептеулерді орындауды істей алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер үшін және олардың нәтижелерін математикалық өндеу кезінде қолданатын геодезиялық аспаптарды, ғарыштық геодезияның техникалық құрал-жабдықтарын, ақпаратты өндеу үшін автоматтандырылған құрал-жабдықтарын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде ғарыштық геодезия білімін қолдану қабілеттілігі
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу
  • ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Геодезиялық аспаптар және инструментермен жұмыс істеу дағдылары.
  • Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға дайындау.
Оқыту әдістері

- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді формаларын қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгіме; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген жағдайлар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін қолдана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу процесінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу мәселелерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Глоссарий 0-100
Бақылау жұмысы
Практикалық сабақтар
2  рейтинг Дәрістік сабақтар сауылнамасы 0-100
Бақылау жұмысы
Практикалық сабақтар
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе дәріс
  • Координаталық жүйелердің анықтамалары
  • Жердің геоцентрлік координаттар жүйесі
  • Жергілікті анықтамалық координаттар жүйесі
  • Биіктік жүйелері
  • Топоцентрлік координаттар жүйесі
  • СРНЖ туралы жалпы мәліметтер
  • Пайдаланушы сегменті
  • Спутниктік аппаратура
  • Спутниктік бақылау параметрлерінің модельдері
  • Спутниктік анықтамалардың абсолютті әдісі
  • Дала жұмыстарын жүргізу технологиясы
  • GPS өлшеулерін өңдеу
  • Спутниктік өлшеу деректерін өңдеуге арналған заманауи бағдарламалық жасақтамаға шолу
  • Спутниктік қабылдағыштардың заманауи өндірушілеріне шолу
Негізгі әдебиет
  • Антонович, К.М. Использование спутниковых радионавигационных систем в геодезии. Т.1. – М.: ФГУП «Картгеоцентр», 2006
  • Антонович К.М. Использование спутниковых радионавигационных систем в геодезии. Т.2. – М.: ФГУП «Картгеоцентр», 2006
  • Яценков В.С. Основы спутниковой навигации. Системы GPS NAVSTAR и ГЛОНАСС. - М.: Горячая линия-Телеком, 2005
  • Спутниковые навигационные системы. - М.:МАИ каф. 604, 2004
  • Зог Ж.М. Основы спутниковой навигации. - ublox-AG, 2007
  • Mohinder S. Grewal, Angus P. Andrews, Chris G. Bartone. Global Navigation Satellite Systems, Inertial Navigation, and Integration, 3rd Edition, March 2013
  • Madry Scott. Global navigation satellite systems and their applications. 2015
  • Quan, W., Li, J., Gong, X., Fang, J. INS/CNS/GNSS Integrated Navigation Technology. 2015
Қосымша әдебиеттер
  • Загретдинов Р.В. Спутниковые системы позиционирования. Конспект лекций / Р.В. Загретдинов, Каз. федер. ун-т. – Казань, 2014. – 148 с.
  • ГКИНП (ОНТА)-01-271-03 Руководство по созданию и реконструкции городских геодезических сетей с использованием спутниковых систем ГЛОНАСС/GPS