Жобалық жұмыстардың баға көрсеткіштері

Гольцев Анатолий Григорьевич

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән баға белгілеу және сметалық нормалау бойынша, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында құрылыс өнімдерінің сметалық құнын қалыптастыру бойынша білім береді. Құрылыстағы баға белгілеу және сметалық нормалау жүйесі. Құрылыстағы баға белгілеудің қазіргі заманғы әдістемелік және сметалық-нормативтік базасы. Үстеме шығыстар. Сметалық пайда. ҚҚЖ сметалық құнын ресурстық әдіспен қалыптастыру. Сметалық есеп айырысулар (сметалар).

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Кәсіпорын экономикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттердің құрылыс нарығында тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін баға белгілеу саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды игеруі.
Міндет
  • Құрылыс-конструктивтік шешімдердің экономикалық тиімділігінің есептеулерін жүргізу; ғимараттар мен құрылыстар құрылысының сметалық құнын айқындау әдістері мен тәсілдерін білу және пайдалану; жалақыны есептеу дағдыларын меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құрылыстағы баға белгілеу тетіктері; негізгі өндірістік қорлардың, құрылыс ұйымдарының айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы, олардың экономикалық мәні.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Құрылыс-конструктивтік шешімдердің экономикалық тиімділігін есептеуді жүзеге асырады; ғимараттар мен құрылыстар құрылысының сметалық құнын айқындау әдістері мен тәсілдерін қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Құрылыс қызметін реттейтін негізгі ережелерді, нормативтік актілерді, техникалық шарттарды, құрылыс нормалары мен ережелерін және жобалау, технология, құрылыс өндірісін ұйымдастыру жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды білуін көрсетеді.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Әдістемелік және ғылыми негізде арнайы білім беруді жетілдіреді, кәсіби қабілеттер деңгейін жүйелі түрде арттырады.
Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Сметалық нормалау және сметалық нормалар жүйесі. 0-100
Сметалық құнын анықтау әдістері.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау.
Дәрістер бойынша бақылау жұмысы.
2  рейтинг Негізгі құралдарды бағалау. 0-100
Шығындарды төмендету жолдары.
Дәрістер бойынша бақылау жұмысы
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Құрылыстағы баға негіздері
  • Сметалық құнын анықтау әдістері
  • Құрылыстың сметалық құнының құрылымы
  • Құрылыстағы шарттық бағалар
  • Инвестициялық қызмет туралы негізгі ұғымдар
  • Инвестициялардың тиімділігін анықтаудың негізгі принциптері
  • Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
  • Негізгі құралдардың жіктелуі және құрылымы
  • Құрылыстағы материалдық-техникалық ресурстарды ұйымдастыру жүйесіндегі Логистика
  • Айналым қаражаттарының шамаларын анықтау және оларды пайдалану тиімділігі
  • Еңбек өнімділігін өлшеу және бағалау әдістері
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құны туралы түсінік
  • Шығындарды төмендету жолдары
Негізгі әдебиет
  • 1. Гусакова, Е. А. Основы организации и управления в строительстве : учебник и практикум для вузов / Е. А. Гусакова, А. С. Павлов. – 2-е изд., перераб. и доп. – Москва : Издательство Юрайт, 2021. – 648 с. 2. Котляров, М. А. Экономика градостроительства : учебник и практикум для вузов / М. А. Котляров. – Москва : Издательство Юрайт, 2021. – 152 с. 3. Загидуллина, Г. М. Экономика строительства [Электронный ресурс] : учебник / Г. М. Загидуллина, А. И. Романова. – 2 изд. – М. : НИЦ ИНФРА-М, 2015. - 360 с. 4. Кукота, А. В. Ценообразование в строительстве : учебное пособие для вузов / А. В. Кукота, Н. П. Одинцова. – 2-е изд., перераб. и доп. – Москва : Издательство Юрайт, 2021. – 201 с. 5. Королева М.А. Ценообразование и сметное нормирование в строительстве [Электронный ресурс] : учебное пособие / М.А. Королева. — Екатеринбург, ЭБС АСВ, 2014. — 264 c. 6. Лукманова, И. Г. Экономика строительства : учебно-методическое пособие / И. Г. Лукманова, В. В. Полити, С. В. Ревунова. – Москва : МИСИ-МГСУ, ЭБС АСВ, 2020. – 62 c.