Құрылыс конструкциялары

Руденко Ольга Владимировна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс темір бетоннан, металдан, ағаштан жасалған құрылыс конструкциялары және олардың жүктемемен жұмысы туралы түсінік береді; статикалық және динамикалық жүктемелер кезінде материалдардың жұмысы; конструкция элементтерінің екі шекті жайы бойынша есебі; жүктеме және әсер ету; материалдардың нормативтік және есептік кедергілері; ортадан созылған, сығылған, ортадан тыс жүктелген, иілген элементтердің жұмысы және есебі; кернеу түрлері.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Сәулет

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша түр

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Металл, темірбетон, ағаш және пластмасса туралы ғылымның қазіргі заманғы жағдайы туралы; бұл материалдардан жасалған құрылыс құрылымдарын есептеу тәсілдерін жетілдірудің негізгі бағыттары туралы теориялық және практикалық білім алу.
Міндет
  • Металл, темір бетон, ағаш және пластмасса туралы ғылымның қазіргі жағдайы туралы білім жүйесімен студенттерді қаруландыру; осы материалдардан жасалған құрылыс конструкцияларын есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары туралы; студенттерге неғұрлым үнемді нұсқаларға қол жеткізу үшін неғұрлым тиімді конструктивтік шешімдерді таңдау бойынша дағдыларды дарыту; әртүрлі материалдардан жасалған негізгі көтергіш конструкциялардың қималарын сапалық және сандық бағалау; конструкциялардың шекті жағдайлары бойынша есептеу дағдыларын дарыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Математикалық гуманитарлық және техникалық ғылымдар облысындағы базалық және арнйы білімдерді кешенді инженерлік қызметте қолдана білу. Материалдардың негізгі физико-механикалық қасиеттерін білу; құрылыс конструкцияларын шектік жағдайлар бойынша есептеу әдісінің негізгі ұғымдарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Берілген методика бойынша эксперимент жүргізе алу. Алынған қорытындыларды сараптап, қолданылған материалдар мен дайын бұйымдардың физико-механикалық қасиеттерін және технологгиялық көрсеткіштерін анықтай алу. Есептеуде және жобалауда МемСТ, ҚНжЕ, нормативтік-анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жобалық шешеімдердің технико-экономикалық негіздімесін жүргізе алу, құрылыс конструкцияларын таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Құрылыс конструкцияларының элементтерін және түйіндерін есептеуді стандартты тәсілдерін пайдалана білу, жобалық-конструкторлық жұмыстарды және жобалық және технологиялық құжаттаманы стандартқа, техникалық шарттарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес орындай алу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Экологиялық таза және энергия үнемдейтін құрылыс құрылымдарын дайындау үшін қазіргі заманғы тәсілдерді қолдана алу.
Оқыту әдістері

Сабақ беру үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмысы. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Дәрістік материалды баяндау кезінде дәрістің басында және соңында уәждемелік сөйлеу қолданылады. Дәріс-презентациялар мен практикалық сабақтарда мәтіндік, аудио және бейнеақпараттар, графиктер, кестелер және т. б. қолданылады.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Практикалық жұмыс. Жүктеме жинау. 0-100
Практикалық жұмыс. Тік бұрышты қималы иілетін темірбетон элементтерінің беріктігін есептеу.
Практикалық жұмыс. Тавр қималы иілу элементтерінің беріктігін есептеу.
Oral questioning of students' independent work.
Дәрістер бойынша бақылау жұмысы.
2  рейтинг Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша ауызша сауалнама. 0-100
Практикалық жұмыс. Болат құрылымдарының элементтерін есептеу.
Практикалық жұмыс. Ағаш құрылымдарының элементтерін есептеу.
Дәрістер бойынша бақылау жұмысы.
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Пән бойынша кіріспе дәріс
  • Бетон мен арматураның физика-механикалық қасиеттері
  • Темір бетонның физика-механикалық қасиеттері
  • Қалыпты қималар бойынша иілетін элементтердің беріктігін есептеу
  • Көлбеу қималар бойынша иілетін элементтердің беріктігін есептеу
  • Металл конструкцияларға арналған материалдар, олардың құрамы, қасиеттері
  • Металл конструкциялары материалдарының жұмысы
  • Ағаш-конструкциялық құрылыс материалы ретінде
Негізгі әдебиет
  • 1. Сетков В.И., Сербин Е.П. Строительные конструкции. -М.:ИНФА-М, 2015.-447с. 2. Сахи Д., Зайцев Ю., Дуамбеков М., Хуснутдинов Р. Основы расчета строительных конструкций.- Астана: Фолиант, 2011.-488с. 3. Жердева С.А., Чевская Е.А. Строительные конструкции: сборник задач. – Братск : Изд-во БрГУ, 2012. – 132 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 4. СП РК EN 1991-1-1:2002/2011. Воздействия на несущие конструкции. Часть 1-1. Собственный вес, постоянные и временные нагрузки на здания. – Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан, Астана, 2016 5. СП РК EN 1991-1-1:2002/2011. Воздействия на несущие конструкции. Часть 1-3. Общие воздействия. Снеговые нагрузки.- Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан, Астана, 2016. 6. СП РК EN 1992-1-1:2004/2011 г. Проектирование железобетонных конструкций. Часть 1-1. Общие правила и правила для зданий. - Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального Министерства национальной экономики Республики Казахстан Алматы 2016. 7. Байков В.Н., Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс- М.: Стройиздат, 1991.- 767с. 8. Металлических конструкций. Учебник для студентов ВУЗов, обучающих-ся по специальности ПГС. Под ред. Беленя Е.И., 12-е издание. - М.:. 2012.-560с. 9. Конструкции из дерева и пластмасс. Под редакцией Карлсена Г.Г. и Слицкоухова