Инженерлік механика

Кангалакова Куралай Жанатбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Теориялық механика" және "Материалдар кедергісі" бөлімдерінен тұрады. "Теориялық механика" бөлімінде статиканың негізгі ережелері қарастырылады. "Материалдар кедергісі" бөлімінде созылу, сығылу кезінде статикалық анықталатын жүйелердің беріктігі мен қаттылығына, геометриялық харатеристикаға, тік өзектерді ығыстыруға, майысуға, конструкциялардың элеметтерінің орнықтылығына есептер қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерде оның сенімділігі мен үнемділігін қамтамасыз ететін құрылымдар мен құрылыстар элементтерінің беріктігін, қаттылығы мен тұрақтылығын есептеу әдістерін түсіну үшін теориялық базаны қалыптастыру; инженерлік ойлауды дамыту және кейінгі пәндерді оқуға қажетті білім алу.
Міндет
  • Пән курсында баяндалған ұғымдар мен анықтамаларды меңгеру; ғылым және техниканың практикалық және теориялық мәселелерін зерттеу үшін қажетті әдістерді зерттеу; ғимараттар мен құрылыстардың элементтерін беріктікке, қатаңдылыққа және орнықтылыққа есептеу; құрылымдық материалдардың механикалық қасиеттерін зерттеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студент конструкция элементтерін есептеу әдістерін және кейбір қарапайым конструкцияларды есептеу мәселелерін білуі және түсінуі керек; иілуді есептеудің заманауи әдістері, тегіс өзек модельдерін есептеу мысалдарында статикалық анықталатын және анықталмайтын есептерді есептеу әдістемесі; құрылымдық элементтердегі ішкі күштерді, кернеулерді, деформациялар мен қозғалыстарды анықтауды түсіну керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алған білімдерін тәжірибеде қолдану; дене жүктемесінің әртүрлі түрлерінде беріктікке есептеулер жүргізу; нақты құрылымдардың беріктігін бағалау кезінде әртүрлі схемаларды таңдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өз мамандығы тақырыбында қалыптасқан пікірге ие болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Әңгімелесу - диалог жүргізу, сөйлеу этикетінің ережелерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алған білімдерін практикалық есептеулерге қолдану дағдыларын меңгеру.
Оқыту әдістері

Интерактивті дәріс (пікірталас немесе әңгімелесу, модерация, слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету); берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; ақпараттық-коммуникациялық; іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); оқу есептерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Кіріс бақылау. Векторлық алгебра элементтері және күштердің координаталық осьтерге проекциясы. 0-100
"Жинақталған күштер жүйесі" тақырыбындағы есептер. Кронштейннің байланыс реакцияларын анықтау.
"Еркін орналасқан күштер жүйесі" тақырыбындағы тапсырмалар Арқалықтың тірек реакцияларын анықтау.
№ 1 Есептеу-графикалық жұмыс - Раманың тірек реакцияларын анықтау.
№ 2 Есептеу-графикалық жұмыс - Тегіс тікбұрышты фермаларды есептеу.
Бірінші рейтингтік аралық тест.
2  рейтинг Статикалық анықталатын жүйелер үшін "Осьтік созылу және қысу" тақырыбындағы тапсырма. 0-100
№ 3 Есептеу-графикалық жұмыс - Екі тірек арқалыққа арналған ішкі күштердің эпюрларын құру.
№ 4 Есептеу-графикалық жұмыс - Арқалықты беріктік пен қаттандыққа есептеу.
Сығылған сырықтарды орнықтылыққа есептеу.
Екінші рейтингтік аралық тест.
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Статиканың негізгі ұғымдары
  • Жинақталған күштер жүйесі
  • Қос күш
  • Тепе-теңдік шарттары
  • Материалдар кедергісінің негізгі ұғымдары және болжамдары
  • Қималар әдісі
  • Сырықтардың көлденен қималарының геометриялық сипаттамалары
  • Сырықтардың көлденен қималарының геометриялық сипаттамалары
  • Созылу және сығылу
  • Созылу және сығылу
  • Ығысу
  • Бұралу
  • Иілу
  • Иілу
  • Орнықтылық
Негізгі әдебиет
  • 1. Түсіпов А. Инженерлік механика. – Алматы, 2013- 320б. 2. Дүзелбаев С.Т. Инженерлік механика: Жоғары кәсіптік «Сәулет» және «Құрылыс» саласындағы мамандар дайындайтын техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, 2013.- 576б. 3. Ибраев А.Ғ., Санкибаев Т.Е. Теориялық механика. Оқулық. Алматы: Альманахъ, 2020. 289 бет. 4. Жолдасбеков Ө.Ә., Сағитов М.Н. Теориялық механика. – Алматы, 2014 – 575б. 5. Жүнісбеков С., Қадырбаев А. Материалдар кедергісі: Оқулық. – Алматы «Бастау», 2014 – 373б.
Қосымша әдебиеттер
  • 6. З.Қ . Жоламанова, Ш. А. Жолдасова. Материлдар кедергісі. Есептер жинағы А: 2012ж. 7. Т.А.Түсіпов, Қ.Түсупов. Теориялық және қолданбалы механика. Оқулық. Алматы, 2014. - 736б. 8. Түсіпов А. Инженерлік механика есептер жинағы. – Алматы, 2012 9. Дүзелбаев С.Т. Материалдар кедергісі II: есептер шығаруға арналған оқу құралы. – Алматы, Бастау баспасы, 2014. – 420б.