Темір-бетон және тас құрылымдары
Сипаттама: Бұл пәнге темірбетон элементтердің және көп қабатты ғимараттардың жазық аражабындарының есебі туралы мәліметтер жатады: сығылған элементтер; созылған элементтер; темірбетон элеенттердің ақауға төзімділігі; құрама арқалықты аражабындар; арқалықты тақталары бар тұтасқұймалы темірбетон аражабындар; сыртқы пішіні бойынша тақталары бар тұтасқұймалы темірбетон аражабындар.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Құрылыс конструкциялары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | 15 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
курстық жоба | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | ауызша форма |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттердің, әртүрлі кернеулі жағдайдағы темірбетоннан жасалған құрылыс құрылымдардың жұмысын, сонымен қатар оларды есептеу әдістері мен құрылымдау туралы білім алуы
Міндет
- Экономикалық жағынан ең тиімді нұсқаны таңдауда құрылымдық шешімдердің тиімді түрін таңдау дағдыларын үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Темірбетон құрылымдардың қалдық қорларын және техникалық күйін тексеру қабілеттілігі. сығылған, созылған және иілмелі темірбетон құрылымдардың есептеу әдістері мен құрылымдау.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Тәжірибелерді берілген әдістер бойынша орындап, шешімдерді талдау және өңдей ала білу, темірбетон құрылымдарды физикалық-механикалық қасиеттерін анықтауда стандарты сынақ әдістерін жасай ала білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Темірбетон құрылымдардың жобалық шешімдерін техникалық - экономикалық негіздерін жасау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Темірбетон құрылымдардың элементтері мен түйіндерін есептеу стандартты әдістерін қолдана ала білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Темірбетон құрылымдардың экологиялық жағынан таза және энергияны үнемдейтін жаңа әдістерді қолдана білу.
Оқыту әдістері
Сабақ беру үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмысы. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Дәрістік материалды баяндау кезінде дәрістің басында және соңында уәждемелік сөйлеу қолданылады. Дәріс-презентациялар мен практикалық сабақтарда мәтіндік, аудио және бейнеақпараттар, графиктер, кестелер және т. б. қолданылады.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Практикалық жұмыс. Аралыық жабынның конструктивтік схемасын құру. Ғимараттың салмақ көтеретін элементтеріне жүктемелерді есептеу. | 0-100 |
Практикалық жұмыс. Монолиттік аралық жабын тақтасын есептеу және құрылымдау. | ||
Практикалық жұмыс. Қосымша арқалықтың бойлық жұмыс арматурасын таңдау. | ||
Дәріс бойынша ақылау жұмысы. | ||
Зертханалық жұмысты қорғау. Қалыпты қимасы бойынша сынуымен темірбетон арқалықты иілуге сынау. | ||
2 рейтинг | Практикалық жұмыс. Қосымша арқалықтың көлденең жұмыс арматурасын таңдау. | 0-100 |
Практикалық жұмыс. Монолиттік бағананы есептеу және құрылымдау. | ||
Практикалық жұмыс. Бағана астындағы іргетасты есептеу және құрылымдау. | ||
Практикалық жұмыс. Аралық кірпіш қабырғаны есептеу. | ||
Дәріс бойынша бақылау жұмысы. | ||
Зертханалық жұмысты қорғау. Көлбеу қима бойынша сынуымен темірбетон арқалықты иілуге сынау. | ||
Зертханалық жұмысты қорғау. Орталық жүктеме кезінде темірбетон бағанасын сынау. | ||
Қорытынды бақылау | емтихан, курстық жоба | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Практикалық жұмыс | Жұмыс толық көлемде орындалды, ескертулер жоқ. | Жұмыс толық көлемде орындалды, міндетті түрде жоюды қажет етпейтін ескертулер бар. | Жұмыс толық орындалмады, ескертулер бар. | Орындалған жұмыс талаптарға сәйкес келмейді, елеулі қателер мен ескертулер бар, д9рыстап орындау қажет. |
Дәрістер бойынша бақылау | Зерттелген тақырыптар туралы толық білім мен түсінікті көрсетеді. Талдай алады және қорытынды жасай алады. | Зерттелген тақырыптар туралы білім мен түсінікті көрсетеді. Талдай және қорытынды жасай алады. Маңызды емес қателіктер жібереді. | Зерттелген тақырыптар туралы білім мен түсінікті көрсетеді, бірақ талдай алмайды және дұрыс қорытынды жасай алмайды. | Өткен тақырыптарды білмейді және түсінбейді. |
Курстық жұмыс | Курстық жобаның құрамында темірбетон конструкцияларын жобалау дағдылары жоғары. Курстық жобаны қорғаудағы сұрақтарға жауаптарды максимумға жақын балл санымен бағалауға болады. | Курстық жобалау шеңберінде темірбетон конструкцияларын жобалау дағдылары - тұрақты. Студент курстық жобаны қорғау кезінде сұрақтарға дұрыс жауап береді. | Курстық жобаның бөлігі ретінде ғимараттың көтергіш темірбетон элементтерін есептеу және жобалау дағдылары тұтастай қалыптасады. Бірақ курстық жобаны қорғау кезінде сұрақтарға жауап ретінде студент қателіктер жібереді. | Курстық жобаның бөлігі ретінде ғимараттың темірбетонды салмақ көтеретін элементтерін есептеу және жобалау дағдыларының көпшілігі қалыптаспаған. Курстық жобаны қорғаудағы сұрақтарға жауаптарды минимумға жақын балл санымен бағалауға болады. |
Зертханалық жұмыс | Жұмыс толық көлемде орындалды, ескертулер жоқ. | Жұмыс толық көлемде орындалды, міндетті түрде жоюды қажет етпейтін ескертулер бар. | Жұмыс толық орындалмады, ескертулер бар. | Орындалған жұмыс талаптарға сәйкес келмейді, елеулі қателер мен ескертулер бар, д9рыстап орындау қажет. |
Емтихан | Бағалау тапсырмаларында ұсынылған контексттерде өзінің білімі мен түсінігін көрсетеді, дағдыларды жоғары деңгейде игеруді көрсетеді. | Бағалау тапсырмаларында ұсынылған контексттерде өзінің білімі мен түсінігін көрсетеді, дағдыларды жақсы деңгейде игеруді көрсетеді. Маңызды емес қателіктер жібереді. | Бағалау тапсырмаларында ұсынылған контексттерде өзінің білімі мен түсінігін көрсетеді, дағдыларды игеруді көрсетеді. Қателіктер жібереді. | Қойылған сұрақтардың мәнін білмейді және түсінбейді. Орындалған жұмыс талаптарға сәйкес келмейді. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Иілу элементтерін есептеу
- Пайдалану жарамдылығы бойынша шекті күйлер бойынша ТБК есептеу
- Алдын ала кернелген темірбетонның ерекшеліктері
- Ғимараттардың едендері мен құрылымдық жүйелері туралы жалпы мәліметтер
- Арқалық плиталары бар монолитті темірбетон едендер
- Көп қабатты ғимараттардың бағандарына арналған жеке іргетастар
- Монолитті қабырғалы едендер, контур бойымен тірелген тақтайшалар
- Сығылған элементтер
- Ғимараттардың темірбетон конструкцияларын арматуралауға қойылатын конструктивтік талаптар
- Монолитті ғимараттардың негізгі элементтерін нығайтуды жобалау
- Тас құрылымдар
Негізгі әдебиет
- 1. Кузнецов В.С. Железобетонные и каменные конструкции. - Изд.: АСВ, 2015 г., 368 стр. 2. Цай Т.Н. Строительные конструкции. Железобетонные конструкции. Учебник. - Изд.: Лань, 2014г., 464 стр. 3. Шевляков В.Ф., Кирдяпкина Т.В., Руденко О.В. Расчет железобетонных монолитных зданий.: Учебное пособие для вузов /ВКГТУ/. –Усть-Каменогорск, ТОО ВКПК АРГО; 2017. -323с.ил. 4. Шевляков В.Ф., Колмагорова Я.В., Руденко О.В. Расчет каменных зданий. Учеб. Пособие/ВКГТУ. –Усть-Каменогорск. 2015. -258с. 5. Сахи Д., Зайцев Ю., Дуамбеков М., Хуснутдинов Р. Основы расчета строительных конструкций. - Астана: Фолиант, 2013.- 488с. 6. Тамразян А.Г. Железобетонные и каменные конструкции. Специальный курс. - Изд.: МГСУ, 2017г. , 732 стр.
Қосымша әдебиеттер
- 7. СП РК EN 1990:2002 + А1: 2005/2011. Основы проектирования несущих конструкций. Комитет по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства национальной экономики Республики Казахстан. -Астана. 2016. -109с. 8. НП к СП РК EN 1990:2002 + А1: 2005/2011. Национальное приложение к СП РК EN 1990:2002 + А1: 2005/2011. Основы проектирования несущих конструкций. -Астана. 2016. -13с. 9. СП РК EN 1992-1-1: 2004/2011. Проектирование железобетонных конструкций. Часть 1-1. Общие правила и правила для зданий. –Алматы. 2016. -224с. 10. НТП РК 02-01-1.1-2011 (к СН РК EN 1992-1-1: 2004). Проектирование бетонных и железобетонных конструкций из тяжелых бетонов без предварительного напряжения арматуры. –Астана. 2015. -228с. 11. НТП РК 02-01-1.4-2011. Проектирование сборных, сборно-монолитных и монолитных железобетонных конструкций. –Астана. 2015. -269с. 12. НТП РК 02-01-1.5-2011. Проектирование статистически неопределимых железобетонных конструкций с учетом перераспределения усилий. –Астана. 2015. -73с. 14. СП РК EN 1991-1-1: 2002/2011. Воздействия на несущие конструкции. Часть 1-1. Собственный вес, постоянные и временные нагрузки на здания. –Астана. 2016. -40с. 15. НП к СП РК EN 1991-1-1: 2002/2011. Национальное приложение к СП РК EN 1991-1-1: 2002/2011. Воздействия на несущие конструкции. Часть 1-1. Собственный вес, постоянные и временные нагрузки на здания. –Астана. 2016. -7с. 16. НТП РК 01-01-3.1(4.1)-2012. Нагрузки и воздействия на здания. Снеговые нагрузки. Ветровые воздействия. –Астана. 2015. -221с. 17. СП РК EN 1996-1-1: 2005/2011. Проектирование каменных конструкций. Часть 1-1. Общие правила для армированных и неармированных каменных конструкций. –Астана. 2016. -106с. 18. НП к СП РК EN 1996-1-1: 2005/2011. Национальное приложение к СП РК EN 1996-1-1: 2005/2011. Проектирование каменных конструкций. Часть 1-1. Общие правила для армированных и неармированных каменных конструкций. –Астана. 2016. -14с.