Су шаруашылығының экологиялық мониторингі
Сипаттама: Пән су ресурстары мониторингі саласында базалық білімді қалыптастырады; мониторинг жүйесін қалыптастырудың негізгі мақсаттары мен принциптерімен және құрамымен таныстырады. Су объектілері мониторингінің қазіргі жағдайы және су объектілерінің мемлекеттік мониторингі туралы ақпарат береді.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- студенттерге табиғи-техногенді ландшафт жағдайындағы су объектілерінің инженерлі-экологиялық сұрақтарды шешуде және су объектілерінің өзін-өзі тазарту үрдістерін белсендету бойынша шараларды жасауда, су объектілерін шөгінділерден тазалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда кәсіби білім және дағды қалыптастыру
Міндет
- Пәнді оқытудың міндеті – су жинағышта пайдаланған судың қалыптасуы шартын бағалауға, пайдаланылған суларды қалыптастыратын кешендерді анықтап, жылдық пайдаланылған су шығынын анықтауға және әртүрлі су жинаушы алаңдардан өзендерге шығарылатын биогенді элементтер концентрациясын және көлемін анықтауға және су қорларының сапасына және санына зиянды шаруашылық іс-әрекеттердің зиянды әсерлерін азайту бойынша техникалық және ұйымдастыру шараларын жасауға үйрету. Пәнді беру білім негізін қалыптастырып, суаттардың құлдырауы және ластануымен байланысты мәселелерді шешуде және пайдаланылған су шамасын және су сапасын қалпына келтірудегі инженерлік тәсілдердіжасауда міндетті шешуде икемділікті және дағдыны қалыптастырады
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Өзен ағысы, өзен, көл, батпақтың су режимін қалыптастыру заңдылығы туралы меңгеру. Өзен бассейндерінің су теңгерімі, ағысты реттеу әдістері, негізгі гидрологиялық сипаттамасын есептеу әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Су шаруашылығы және гидротехникалық нысандары, кешенді гидро түйіндері, сорғыш бекеттерін жобалау және пайдалану бойынша дағдыларын меңгеру; олардың экономикалық тиімділігі мен экологиялық қауыпсіздігін бағалау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, су шаруашылығы саласындағы жабалау мен зерттеу қызметтері үшін дайын болу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, су шаруашылығы саласындағы жабалау мен зерттеу қызметтері үшін дайын болу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Саладағы кәсіпорын өнімдеріндегі өзіндік құны мен бағаның құрылуы туралы түсінігін алу, олардың экономикалық маңызы, қағидасы және өндірістің әртүрлі жағдайында оларды анықтау әдістері мен су шаруашылығы қызметін іске асыру
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Негізгі әдебиет
- 1 В.Г. Орлов, В.Л. Трушевский. Экологические аспекты водопользования. Санкт-Петербург, 1999 2 Родзиллер И.Д. Прогноз качества воды водоемов-приемников сточных вод. – М.: Стройиздат, 1984 3 Алексеев М.И., Курганов А.М. Организация отведения поверхностного (дождевого и талого) стока с урбанизированных территорий. – М.: АСВ, СПб.: СПбГАСУ, 2000; 4 Инженерная защита окружающей среды. Очистка вод. Утилизация отходов/Под ред. Ю.А. Бирмана, Н.Г. Вурдова. – М.: АСВ, 2002