Гидравлика

Давыдов Юрий Фёдорович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән гидравликаның негізгі тұжырымдарымен, анықтамаларымен таныстырады. Гидростатиканың негізгі теңдеуін, тыныштық күйдегі сұйықтық үшін дифференциалдық теңдеулерді оқытады. Сұйық ағын режимдерін, сұйықтық ағындарындағы гидравликалық кедергілерін, құбырлардың гидравликалық есептеу әдістемесін, саңылаулардан сұйықтық ағуын, құбырлардағы гидравликалық соққыларды, гидравликалық секіріс құбылысын қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Әр-түрлі су өткізгіш, су тасымалдағыш құрылымдарды жобалау және құру, одан кейінгі мезгілде пайдалану, мелиоративтік және әр түрлі су шаруашылық есептерді шешу үшін қажетті білім беру және дағдыланып жұмыс істеуге біліми қор жинау болып табылады.
Міндет
  • сұйықтардың тепе-теңдік күйі мен қозғалыс заңдылықтарын, фильтрация ерекшеліктерін, гидравликадағы зерттеулерде пайдаланатын әдістерді білуі; -зерттеулерде қолданатын эксперименттерді жасауды, әр-түрлі өлшегіш құралдарды пайдалануды, жазық және қисық беттерге түсірілген қысым күштерін анықтай алуды, каналдардың, арынды және арынсыз құбырлардың және басқа су өткізгіш құрылымдардың гидравликалық есептерін және грунт сулары қозғалысының есептерін шеше алуы қажет; болашақтағы оның қызметінде орын алуы мүмкін құбылыстардың физикалық мағынасын білуі қажет.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Гидравлика негізгі заңдарын білу және оларды қолданылатын салаларын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Гидравлика негізгі заңдарын білу және оларды гидротехникалық және мелиоративтік су шаруашылығы есептулерінде қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Болашақ инженер сұйықтықтың тыныштық күйінің, оның қарапайым қозғалысының теңдеулерін құра алуы және оны шеше алуы туралы көзқарасы болу қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Гидротехникалық құрылымдарды, сумен қамтамасыз ететін қондырғыларды және тағы басқа су шаруашылығына қажетті жүйелерді қарапайым инженерлік тәсілдермен эмпирикалық формулаларды қолдана отырып есептей алу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Гидротехникалық құрылымдарды, сумен қамтамасыз ететін қондырғыларды және тағы басқа су шаруашылығына қажетті жүйелерді есептеуде гидравликаның негізгі заңдарын қолдана отырып, сол заңдылықтарды дағдыға айналдыру.
Оқыту әдістері

Дәстүрлі оқу түрі

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Гидростатика
  • Гидродинамика негіздері
  • Идеал сұйық қозғалысының теңдеулері
  • Тұтқырлы (шынайы) сұйық қозғалысының теңдеуі
  • Сұйық қозғалысына әсер етуші әртүрлі факторлар
  • Тұрақты тегеурінді сұйықтың тесіктен ағып шығуы
  • Арынды құбыр
  • Ашық арналардағы сұйықтың бірқалыпты қозғалысы
  • Судың айнымалы қозғалысы туралы түсінік
  • Гидравликалық шапшымалардың түрлері
  • Суағарлар және олардың түрлері
  • Қалқан астынан ағып шыққан су қозғалысы
  • Грунт сулары және олардың қозғалыс түрлері
  • Гидравликалық құбылыстар мен процестердің ұқсастығы
Негізгі әдебиет
  • 1 Механика неоднородных и турбулентных потоков. - М.: Наука, 2004 -248с. 2 Емцов В.Т. Техническая гидромеханика. - М.: Машиностроение, 2002 г. -438 с. 3. Курганов А.М., Федоров Н.Ф. Гидравлические расчеты систем водоснабжения и водоотведения. Справочник.- Л.: Стройиздат, 2003 г