Суды тасымалдау

Анапьянова Самал Багдатовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Сумен қамту және су бұру жүйелері, олардың жіктелуі, жүйелердің тағайындалуы туралы; су тұтыну және су бұру схемалары мен режимдері туралы; олардың негізгі элементтерінің құрылысы мен мақсаты туралы білімді қалыптастырады. Шығындарды анықтау әдістемесін, құбырларды тарату (трассалау) принциптерін, желілерді гидравликалық есептеу мен биіктік жобалауды, сондай-ақ су құбыры мен су бұру желілеріндегі ғимараттардың орналауы және санитарлық қорғау аймақтары туралы қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жоба
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттердің сумен жабдықтау және су бұру желілерін есептеу және жобалау мәселелерінде кәсіби дағдылары мен білімдерін қалыптастыру
Міндет
  • Сумен жабдықтау және су бұру желілерін жобалау және есептеу дағдыларының болуы
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін есептеудің негізгі әдістерін жобалау, құрылымын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. Су құбыры және су бұру желілерін есептеуді және тартуды білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студенттердің сумен жабдықтау және су бұру желілерін есептеу және жобалау мәселелерінде кәсіби дағдылары мен білімдерін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Аралас мамандар командасында жұмыс істеу үшін сумен жабдықтау және кәріз желілерін есептеудің кәсіби дағдыларының болуы
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Су секторындағы жобаларды экологиялық негіздеу үшін сумен жабдықтау және су бұру желілерін есептеу дағдысының болуы
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді:: Пәнді оқыту дәстүрлі технология бойынша жүргізіледі. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Практикалық сабақтарды өткізу кезінде проблемалық әдіс, жүйелік талдау, пәнаралық байланыс қолданылады.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жоба 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Су жүйесінің жұмыс тәртібі, судың шығындалу кестесі, ғимараттардың шығын арқылы байланысты
  • Су құбыр тораптары
  • Су құбыр тораптарының конструкциясы
  • Реттеуші және сақтаушы сыйымдылықтар
  • Су құбыры торабын пайдалану
  • Ластанған суды бұру жүйелері
  • Су бұру жүйелерін жобалау және және есептеу
  • Су әкету құбырларын гидравликалық есептеу
  • Құбырларды гидравликалық есептеуге арналған өрнектер және есептік ағыс жылдамдығы мен ылдилығы
  • Құбырларды тарту әдістері мен үлгілері
  • Лас суды әкету жүйесінде қолданылатын құбыр материалдары
  • Санитарлы қорғау аймақтары
  • Канализация құбырларындағы құдықтар
  • Канализация құбырларындағы құрылғылар – дюкерлер, эстакадалар, өткелдер
Негізгі әдебиет
  • СН РК 4.01-03-2011 «Водоотведение. Наружные сети и сооружения»
  • СНИП РК 4.01-41-2006* Внутренний водопровод и канализация зданий.
  • СНиП РК 4.01-02-2009 Водоснабжение
  • Ю. В. Воронов, Е. В. Алексеев, В. П. Саломеев, Е. А. Пугачев/ под ред. Ю. В. Воронова. Водоотведение: учебник, Инфра-М, 2011 г.
  • Е. Белоконев, Т. Попова, Г. Пурас, Водоотведение и водоснабжение. Феникс, 2012 г.
  • И.И. Павлинова, В.И. Баженов, И.Г. Губий. Водоснабжение и водоотведение. ЮРАИТ 2013 г.
  • Ю.В. Воронов Водоотведение и очистка сточных вод, Учебник для вузов. - М.: Изд-во АСВ, 2009 г.
  • С.В. Яковлев. Водоотведение и очистка сточных вод. Учебник для вузов. - М.: Изд-во АСВ, 2006. -704 с
  • М.А. Сомов, Л.А. Квитка, Водоснабжение. Инфра-М, 2012 г.
  • М. Мырзахметов Суды тасымалдау. - Алматы : Экономика баспасы, 2014. - 383 б.
Қосымша әдебиеттер
  • Шевелев Ф.А. Таблицы для гидравлического расчета стальных, чугунных, асбестоцементных, пластмассовых и стеклянных труб. М: Элит, 2009.
  • Лукиных А.А., Лукиных Н.А. Таблицы для гидравлического расчета канализационных сетей и дюкеров по формулам Павловского. М: Стройиздат, 1974-156с