Газбен қамту

Анапьянова Самал Багдатовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Газбен жабдықтау саласында базалық білімді қалыптастырады. Жанғыш газдар, оларды пайдалану, газ тасымалдау туралы түсінік береді. Газ тәрізді отынды қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы түсінік береді. Қалалық тарату желілерін орнату, газбен жабдықтау желілеріндегі газ қысымы. Пән газбен жабдықтау жүйесін, газбен жабдықтау желілерін есептеу әдістемесін, газ аспаптарын және газбен жабдықтау жүйелерінің құрылымына қойылатын талаптарды қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Құрылыс материалдары
  • Құрылыс конструкциялары

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Елді мекен, өндіріс өнеркәсіптік орындары мен әлеуметтік жобалау, пайдалану студенттер қоғамдық ғимараттарын мақсаттарын меңгеріп, теориялық білімін жоғарлату болып табылады. Газбен жабдықтау қондырғыларымен танысып, оларды таңдау, есептеу таңдау - есептеу тәсілдерін үйретіп, өз бетімен шешім қабылдау білімін жетілдіру.
Міндет
  • Өндіріс өнеркәсіп орындарын газбен қамтамасыз ету жолдары және қолданылатын қондырғылар мен олардың конструкциясын жетік білу, салыстырмалы есептеулермен тиiмдi қондырғыларды таңдау, жобалау озық технологиясын жетілдіру мақсатын көздейді.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құрамы газ тәрізді отын туралы, газ тәрізді отынның қасиеттері туралы заңдарды, жану процестерін, қалалық және өндірістік газбен жабдықтау жүйелерінің құрылғысын білуі керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Газдың жұмыс құрамын, әр түрлі тұтынушылардың есептелген газ шығындарын анықтау, әртүрлі қысымдағы газ желілерін, айналмалы және тұйық желілерді гидравликалық есептеуді орындау, жабдықты есептеу және таңдау, газ желілері схемаларының ең оңтайлы нұсқаларын таңдау, газ жылыту құрылғыларын есептеу және таңдау мәселелерін шеше білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қазақстанда газбен жабдықтауды дамыту перспективалары туралы, газ кен орындары, газ өндіру, табиғи газды өңдеу, газды алыс қашықтықтарға тасымалдау туралы түсінікке ие болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Газбен жабдықтау саласындағы соңғы жетістіктер негізінде команда мүшесі немесе жетекші ретінде пәнаралық жобалардың міндеттерін тиімді шешу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жобаларды экологиялық негіздеу үшін газбен жабдықтау желілерін есептеу дағдысының болуы
Оқыту әдістері

Қызметті жандандыру әдістері: пікірталас; командада жұмыс істеу; озық СӨЖ; жеке оқыту; тәжірибе негізінде оқыту; проблемалық оқыту; іздеу әдісі; зерттеу әдісі;

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
Қорытынды бақылау емтихан, курстық жұмыс 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Қала мен өнеркәсіп мекемелерін газбен жабдықтауға қолданылатын жағыш газдар
  • Табиғи газды кендер
  • Қаладағы газ тарату желілері
  • Қаладағы қолданылатын газдың жылдық шығынын анықтау
  • Газ тасымалдау желілерін гидравликалық есептеу
  • Газ реттеу орындары (ГРО)
  • Тұтынушыларды сұйытылған газбен қамту
  • Отынның жану құбылысының теориялық негіздері
  • Газды оттықтар
  • Тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз ету
Негізгі әдебиет
  • Ионин А.А. “Газоснабжение” (4-е изд., перераб. и доп.М. Стройиздат 1989 г.).
  • Н.Л. Стаскевич , Г.Н. Северинец , Д.Я. Вигдорчмк Д.Я. Справочник по газоснабжению и использованию газа . - Л .: Недра , 1990. -762 б .
  • Б.М. Кривошеев . Повышение эффективности сжигания газа и охрана окружающей среды . -Л .: Недра , 1986 .
  • Винтовкин А.А., Ладыгичев М.Г., Гусовский В.Л., Усачев А.Б. Современные горелочные устройства\\2001г.
  • СН РК 4.03-01-2011 Газораспределительные системы
  • Унаспеков Б.Ә. Газбен жабдықтау: Оқулық. – Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҦУ АББ, 2012. – 171 б.
Қосымша әдебиеттер
  • Кривошеев Б. М. “Повышение эффективности сжигания газа и охрана окружающей среды”. Л. Недра,1986 г
  • Щур И. А. “Газорегуляторные пункты и установки” Л. Недра. 1985 г.