Жобалар мен карталарды рәсімдеу

Медведева Елена Валерьевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курсты оқу барысында студент қолдың қаттылығын, көз өлшеуішін, ұқыптылығын, тынымсыз жұмыста шыдамдылықты, сызба құралдарымен жұмыс істеуді үйренуі керек; әдемі, тез, көркем талғаммен және жоғары графикалық сапамен әр түрлі топографиялық-геодезиялық және картографиялық материалдарды ресімдеуі керек; әріптерді, әсіресе шартты белгілерді құрастыру және сызу, карталардың түпнұсқаларын сызу және безендіру дағдыларын игеруі керек.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік және компьютерлік графика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
курстық жұмыс
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерге топографиялық пландар мен карталарды құрастыру және рәсімдеу кезінде қолданатын графикалық жұмыстар туралы түсінік беру;
  • сызу құралдармен, акварельді бояулармен жұмысты орындауды үйрену;
  • 1: 10 000 масштабындағы және 1: 5 000, 1: 1 000 масштабындағы топографиялық пландардың шартты белгілерін сызып үйрену.
Міндет
  • Осы курсты оқу барысында студент сызу жабдықтарын, аспаптарын және материалдарын қолдану, топографиялық карталар мен пландардың сызу технологиясын және рәсімдеу әдістері туралы түсінігі болу керек. Курсты оқу барысында келесілерді білу керек: - топографиялық картаны оқу білу және оның негізінде графикалық есептерді шығару; - өз бетімен геодезияляқ өлшеулерді жасау; - топографиялық карталар мен пландарды бояу мен рәсімдеу; - шартты белгілерді тану; - шрифтерді және оларды құру әдістерін топографиялық карта мен планда қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Картографиялық-геодезиялық өндрісінің негізгі принциптері мен түрлерін білу, топографиялық-геодезиялық және картографиялық ерекшелігін ескере отырып жобалау және басқару
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Географиялық және жер-ақпараттық жүйелер туралы білімді қолдану және осы заманғы деңгейде графикалық, кадастрлық және басқада ақпараттарды дайындау мен сақтау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өндіріс тәсілері туралы акпаратты талдау кабілеттілігі, негізделген пікірді айту және негізделген қортынды жасай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымдағы ұйымдастыру-басқару міндеттерін орындау қабіліті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Техникалық құжаттаманы дайындау (жұмыс кестесі, жұмыс өндірісіне смета), топографо-геодезиялық және картографиялық үрдісінің материалдарын техникалық дайындау бойынша жұмыстар, мекемедегі менеджмент сапа жүйесін құру үшін құжаттама дайындау.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Практикалық сабақтардың тақырыптары
  • Топографиялық шрифттер, оларды топографиялық карталарда қолдану
  • (Т-132) жартылай қою топографиялық шрифт
  • 1 (Т1-131) топографиялық шрифт
  • (А-431) академиялық, курсив шрифт
  • (Д-432) ежелгі жартылай қою курсив шрифт
  • Есептеу шрифті
  • Акварелді бояумен жұмыс
  • Масштабы 1: 10 000 топографиялық картаның гидрография шартты белгілері
  • Масштабы 1: 10 000 топографиялық картаның жол торының және жер бетінің жеке заттарының шартты белгілері
  • Масштабы 1: 10 000 картаның жер бедерінің шартты белгілері
  • Масштабы 1: 10 000 топографиялық картаның өсімдік жамылғысының, грунттын және жер бетінің шартты белгілері
  • Масштабы 1: 5 000, 1: 1 000 топографиялық пландардың шартты белгілері
Негізгі әдебиет
  • Гедымин А.В., Грюнберг Г.Ю., Малых М.И. Практикум по картографии с основами топографии. – М.: Просвещение, 1981
  • Условные знаки для топографической карты масштаба 1: 10 000. – М.: Недра, 1977
  • Условные знаки для топографических планов масштабов 1:5000, 1: 2000, 1:1000, 1:500. – М.: Недра, 1986
  • Бурым Ю.В. Топография. - учебное пособие.-Ставрополь: Издательство СКФУ, 2014.-116 с
  • Кузнецов О.Ф. Основы геодезии и топографии местности: учебное пособие - Оренбург: Типография "Экспресс - печать", 2014.-289 с