Геодезия
Сипаттама: Пәнді оқу барысында студенттер қазіргі заманғы геодезиялық жабдықтарды (топографиялық карталар (жоспарларды) жасау үшін топографиялық түсірулер, жоспарлы және биіктік түсірілім негіздемесін құру, геодезиялық өлшеу нәтижелерін математикалық өңдеу, топографиялық карталар, жоспарларда есептерді шешу) қолдана отырып, инженерлік құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану кезінде қажетті геодезиялық жұмыстар кешенін орындау дағдылары мен біліктерін меңгереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 105 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерге түсініктер беру керек. - топографиялық негізді құру, іздестіру кезіндегі орындалатын, құрылыстар мен ғимараттарды салу және жобалаудағы орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы мен мазмұны туралы; - жобаны жер бетіне шығару; - әртүрлі инженерлік объектілерді құрылысы кезіндегі геодезиялық өндірістің әдістері (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар).
Міндет
- Студент білу керек: әртүрлі инженерлік объектілердің (құрылыстар, автомобиль жолдары, гидротехникалық құрылыстар, көпірлер, құбырлар) құрылысы мен жобалауын қамтамасыз етудегі геодезиялық жұмыстардың технологиясы мен құрамын.
- Студент істей білуі қажет: - топографиялық картаны еркін оқи және ондағы негізгі есептерді графикалық және есептеу сипатында шешу; - геодезиялық аспаптар мен инструменттердің көмегімен жобалық және құрылыстық есептерді шешуге байланысты қиын емес геодезиялық өлшеулер мен жұмыстарды өз бетімен орындау; - өлшеулердің математикалық өңдеуін жүргізу (координаталар ведомосін, түзу және қисық ведомосін есептеу, тахеометриялық түсірістің журналын, техникалық нивелирлеу журналын өңдеу); - өлшеудіңқорытындысын графикалық рәсімдеу (топографиялық план, бойлық және көлденең қималарды салу, жер жұмыстарының картограммасының жазық және тік жобалау планы).
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды спецификасын білу;
- геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын геодезиялық аспаптар мен инструменттер, олардың қорытындыларын математикалық өңдеу, сондай-ақ топографиялық карталар (пландар) құру әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Экономикада заманауи технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдануды қамтамасыз етіп, геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар кезіндегі геодезиялық жұмыстардың заманауи тәсілдері мен әдістерін қолдануды білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кешенді мәселелерді шешу кезінде жеке және жауапкершілікті бөле отырып командамен жұмыс істеу қабілеттілігі;
- коллективте ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Геодезиялық аспаптар және инструментермен жұмыс істеу дағдылары.
- Геодезиялық техникалық құжаттарды құруға дайындау.
Оқыту әдістері
интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу
берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру
іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі)
оқу міндеттерін шешу
- решение учебных задач.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе лекция
- Геодезиядағы координаталар жүйелері
- Топографиялық карталар мен пландар
- Жергілікті-жердегі түзулердің бағытталуы
- Жер бедері
- Геодезиялық өлшемдер және қателіктер
- Теодолиттер
- Теодолиттік жүрістер
- Тахеометриялық түсіріс
- Нивелир
- Нивелирлеу
- Жер бедерін нивелирлеу
- Тегіс алаңдарды жобалау
- Геодезиялық торлар
- Геодезиялық бөлу жұмыстары
Негізгі әдебиет
- Юнусов А.Г., Беликов А.Б., Баранов В.Н., Каширкин Ю.Ю. Геодезия. – М.: Академический Проект; Гаудеамус, 2011
- Попов В.Н., Чекалин С.И. Геодезия. – М.: «Горная книга», 2007
- Атрошко Е.К., Иванова М.М., Марендич В.Б. Геодезия в промышленном и гражданском строительстве. – Гомель: БелГУТ, 2009
- Михаленко Е.Б., Загрядская Н.Н., Беляев Н.Д. Инженерная геодезия. Решение основных инженерных задач на планах и картах. – СПб.: Изд-во Политехн. ун-та, 2006
Қосымша әдебиеттер
- Михелев Д.Ш. Инженерная геодезия. – М.: ACADEMA, 2004