Тасымалдау кешендерінің машиналары мен жабдықтары

Азаматкызы Самал

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Көлік машиналарына қойылатын жалпы талаптар және пайдалану шарттары. Көлік кешендері. Жүк ағындарының динамикасы. Басты параметр бойынша көлік машиналарының типаждық қатарын оңтайландыру. Машиналардың негізгі параметрлері. Өнімділікті анықтау. Қозғалысқа кедергі, тарту күші, жетек қуаты, электр энергиясының шығыны. Көлік кешендерін жобалау, пайдалану және жөндеу кезіндегі компьютерлік технологиялар.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Жаңа техниканы ғылыми зерттеулердің негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • 1. . Студенттердің пайдалы қазбаларды шұңқырлы немесе дайындау өндірулерінен оқпан албарының алаңшасына дейін тасымалдауға арналған машиналар мен механизмдер аумағында жүйелі ғылыми және кәсіптік білім алуын және машықтануын қалыптастыру.
Міндет
  • 1. студенттерге тасымалдау машиналары және жабдықтары облысында теориялық негіз қалыптастыру; - қолданыстағы тасымалдау машиналары түрлерінің құрылымдары туралы және олардың техника-экономикалық сипаттамалары туралы білім алу; - машиналардың өнімділігін есептеуді білу және оларды таңдағанда осы технологиялық үдеріске және осы тау-кен техникалық жағдайына дәл келетінін дәлелдей білу; - кинематикалық сұлбаларды талдау және тасымалдау машиналарының ерекшеліктері бойынша, тау-кен жұмыстарын механикаландыруға арналған негізгі және қосымша жабдықтарды пайдалану бойынша машықтану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Білу және түсіну: - тасымалдау машиналары саласында қағидалы негіздерді; - тасымалдау машиналарының бар үлгілерінің конструкцияларын және олардың техника-экономикалық мінездемелерін; - машинаның өнімділігін анықтау және оның айтылмыш технологиялық үдеріске және тау кен техникалық жағдайға сай таңдау және негіздеу; - тасымалдау машинасының кинематикалық сұлбасын және ерекшеліктерін, - тау-кен жұмысының механикаландыруға арналған негізгі және қосалқы жабдықты пайдалануды.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • 1. тасымалдау машиналарының құрылымын және анықтамаларын түсіну, олардың ерекшеліктері және есептеу тәртібі туралы білімін таңдағанда және жобалағанда пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • 1. тасымалдау машиналарын жасау және сипаттау саласына қажет білімді, мәліметтер мен ақпаратты жинақтау және өңдеу пайымдауларын қалыптастыру; жабдық жұмысының тиімді көрсеткіштерін негіздеу, есептеу және таңдау пайымдауларын қалыптастыру және де машиналар мен жабдықтарды жаңғырту немесе жетілдіру кезінде пайымдауларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • 1. Коммуникация: тасымалдау машиналарының бар үлгілерін пайдалану және жаңа конструкцияларын жасау мәселелері бойынша өзінің тұжырымдарын мамандарға және бұл саланың маманы емес адамдарға ашық және қайшылықсыз жеткізу және ол тұжырымдарды қалыптастыруға алған білімдерін және тәжірибесін пайдалану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • 1. Білімнің дағдылары: Пайдалы қазбаларды өндіру саласында тасымалдау машиналарын пайдалана білу, тау-кен өндірісінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жабдықтарды және машиналардың көрсеткіштерін таңдай білу.
Негізгі әдебиет
  • 1. Григорьев В.Н., Дьяков В.А., Пухов Ю.С. Транспортные машины для подземных разработок. Учебник для вузов. 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Недра, 1984. - 383 с. 2 Тихонов Н.В. Транспортные машины и комплексы горнорудных предприятий. М.: Недра, 1986. – 288 с. 3 Транспорт на горных предприятиях. Под общей ред. Проф. Б.А. Кузнецова. Изд. 2-е, перераб. и доп. М.: Недра, 1987. – 552 с. 4 Поляков Н.С, Штокман И.Г Основы теории и расчеты рудничных транспортных установок. Учебное пособие для горных вузов и факультетов.- М.: Госгортехиздат, 1980. – 491 с. 5 Транспортирующие машины СпиваковскийА.О.и Дьячков В.К. Изд. 3-е перераб. и доп. М.: Машиностроение, 1985. – 504 с.