Сәулеттік инженерлік графика 1

Борисова Татьяна Михайловна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Параллельді және Орталық проекциялау заңдарын зерттеу қағаз парағында немесе компьютер мониторында көлемді-кеңістіктік объектілерді бейнелеуге мүмкіндік береді, кеңістіктік қиялды дамытады-болашақ маманның шығармашылық қызметінің ажырамас бөлігі болып табылатын кескінді, пропорцияларды, кеңістіктегі орналасуын және бейнеленген объектілердің басқа да ерекше қасиеттерін оймен елестету қабілеті.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Шығармашылық емтихан Тақырып "Көлемді композицияны тікбұрышты триметрияда сызып шығу"

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • ортогоналды проекциялау жүйесінде сызбалар құрастыру заңдылықтарына оқыту, кеңістіктік ойлауды дамыту, перспективалы проекциялар құру және көлеңке құру іскерліктері
Міндет
  • кеңістіктік көрініс пен қиялды конструктивті геометриялық жазықтықтағы кеңістіктік формаларды бейнелеу тәсілдерін зерттеу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • проекциялау заңдарын, әдістері мен тәсілдерін білу, перспективалы проекцияларды орындау, ортогоналды, аксонометриялық және перспективалы проекцияларда көлеңке салу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • студенттер алған білімдерін келесі пәндердің оқу материалын меңгеру кезінде, сонымен қатар болашақ кәсіби қызметте қолдана білуі керек.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • оқыту нәтижесі практикалық міндеттерді шешу негізінде жатқан негізгі алгоритмдердің білімін қалыптастыру болады
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • кәсіби салада ауызша және жазбаша коммуникация дағдыларын меңгеру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • геометриялық құрастырудың ең оңтайлы және ұтымды тәсілдерін таба білу , көлемдік-кеңістіктік композицияның жобалық моделін жасау кезінде сызбаларда шығармашылық ойларды көрсете білу
Оқыту әдістері

Оқу мақсаттарының жүйелілік диагностикасы; Оқу үрдісін технологияландыру.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Кесіндінің және үшбұрыштың нақты өлшемін анықтау. Тегіс фигураның жеткіліксіз нүктелерінің проекциясын тұғызу 0-100
Кесіндінің және тегіс фигуралардың көлеңкелерін тұрғызу
Фронтальды проекцияда көлеңкелер тұрғызу
Көлемді композицияның көлеңкелерін тұрғызу
Геометриялық денелерден тұратын композицияны тікбұрышты триметрияда сызып көрсету
Тікбұрышты изометрияда көлеңкеледі салу
2  рейтинг Перспективаны бір қиылысу нүктесімен тұрғызу 0-100
Перспективаны екі қиылысу нүктесімен тұрғызу
Перспективаны радиалды әдіспен тұрғызу
Перспективаны тор(сетка) әдісімен тұрғызу
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
практикалық жұмыстар Орындалған жұмыс қойылған міндетке толық сәйкес келеді.Графикалық кескін жоғары көрнекілікке ие, кескіннің өлшемі мен масштабы толығымен орындалады.Сызбаның орындалу сапасы жоғары, сызықтың қажетті қалыңдығын, оның біркелкілігі мен сипатын дәл сақтау. Орындалған жұмыс тапсырмаға сәйкес келеді, шешімнің дұрыстығына әсер етпейтін шамалы ауытқулар болуы мүмкін.Графикалық кескін көрнекі, кескіннің өлшемі мен масштабы сақталады, шешімнің дұрыстығына әсер етпейтін шамалы ауытқулар болуы мүмкін.Сызбаның сапасы жақсы, негізінен сызықтың қалыңдығы, оның біркелкілігі мен сипаты сақталады. Орындалған жұмыс көбінесе тапсырмаға сәйкес келеді, шешімнің дұрыстығына аздап әсер ететін ауытқулар болуы мүмкін.Графикалық кескін толық көрнекі емес, кескіннің өлшемі мен масштабында шешімнің дұрыстығына аздап әсер ететін шамалы ауытқулар болуы мүмкін.Сызбаның орындалу сапасы қанағаттанарлық, сызықтың қалыңдығы, оның біркелкілігі мен сипаты сақталмауы мүмкін. Орындалған жұмыстың қойылған міндетке сәйкес келмеуі.Графикалық кескін көрінбейді, өлшемі мен масштабы өрескел бұзылған.Сызбаны орындау сапасы қанағаттанарлықсыз. Сызықтарды қалыңдығы мен сипаты(түрі) бойынша ажырату мүмкін емес.
емтихан Жұмыс регламент бойынша дербес орындалды. Сурет композициясы форматта үйлесімді орналасқан. Графикалық мәселе толығымен шешілді. Сызбаны орындау сапасы жоғары деңгейде. Жұмыс регламент бойынша дербес орындалды. Сызбаның құрамы көбінесе форматта үйлесімді орналасады, графикалық шешімнің құрамына аздап әсер ететін элементтердің болуы мүмкін.Графикалық мәселе дұрыс шешілді, шығармашылық мәселенің дұрыс шешілуіне әсер етпейтін минималды кемшіліктер болуы мүмкін. Сызбаның сапасы жақсы. Жұмыс регламент бойынша дербес орындалды. Сурет композициясында жұмысты үйлесімді қабылдауды бұзатын элементтер бар. Графикалық есепті шешу барысы ойдың дұрыс бағытын көрсетеді, бірақ толық аяқталмаған. Шығармашылық мәселені дұрыс шешуге әсер ететін кемшіліктер болуы мүмкін. Сызбаны орындау сапасы қанағаттанарлық. Жұмыс өз бетінше орындалмады, регламент бұзылды. Сурет композициясында жұмысты үйлесімді қабылдауды бұзатын элементтер бар. Графикалық есепті шешу барысы ойдың дұрыс бағытын көрсетпейді. Шығармашылық мәселенің шешімдерін бұрмалайтын кемшіліктер бар. Сызбаны орындау сапасы қанағаттанарлықсыз.
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Практикалық сабақтардың тақырыптары
  • №1 тақырып Проекцилау әдістері
  • №2 тақырып Ортогональды проекциялардағы көлеңкелер
  • №3 тақырып Ортогональды проекцияда екіншілік проекция қолдану арқылы көлеңкелерді тұрғызу
  • №4 тақырып Ортоганальды проекцияларда шеңбердің және айналмалы денелердің көлеңкелерін тұрғызу
  • №5 тақырып Аксонометрия
  • №6 тақырып Тікбұрышты диметрия
  • №7 тақырып Тікбұрышты триметрия
  • №8 тақырып Аксонометриядағы көлеңкелер
  • №9 тақырып Перспектива
  • №10 тақырып Перспектива
  • №11 тақырып Перспектива
  • №12 тақырып Перспектива
  • №13 тақырып Перспектива
  • №14 тақырып Перспектива
  • №15 тақырып Перспектива
Негізгі әдебиет
  • 1. Балягин С.Н. Черчение: Справочное пособие. М. 2014. 2. Климухин А.Г. Начертательная геометрия. М. «Архитектура – С» 2016. 3. Короев Ю.И. Начертательная геометрия. М. Кнорус 2015. 4. Короев Ю.И. Начертательная геометрия. М. «Архитектура – С» 2015. 5. Орса Ю.Н. Короев Ю.А. Сборник задач и заданий по начертательной геометрии. - М. Архитектура – С 2016.
Қосымша әдебиеттер
  • 6.Борисова В.А. Методические указания к решению задач. - ВКГТУ, 2019. 7. Павлова А.А. Глазкова И.В. Начертательная геометрия. - М. Владос 2017. 8. Чекмарев А.А. Начертательная геометрия и черчение. - М. Юрайт-Издат, 2016