Құрылыс машиналары және механизмдер
Сипаттама: Пән құрылыс машиналары мен механизмдерін, олардың жұмыс процестері мен пайдаланудың әртүрлі режимдеріндегі технологиялық мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған. Нақты өндірістік жағдайларда құрылыс материалдарын өндіруге арналған машиналар мен механизмдерді ұтымды таңдау, олардың техникалық және пайдалану өнімділігі мен басқа да пайдалану параметрлерін анықтау.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәндіі меңгерудің мақсаты құрылыс машиналары мен жабдықтарын дамыту, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен оларды қауіпсіз пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырғанда қажет етілетін білімді, ептілікті және дағдыларды алу.
Міндет
- Құрылыс машиналары мен жабдықтарының ерекшеліктерін, қолданылу аймақтарын және құрылыс машиналары көрсеткіштерінің оның өнімділігімен өзара байланысын меңгеру; – ҚЖМ механизмдеріне жұмыс жасағанда пайда болатын негізгі күштерді меңгеру; – ҚЖМ-ды қауіпсіз пайдалану аймағындағы білімдермен қамтамасыз ету; – монтаждық, көліктік және олармен қабаттасатын жұмыстарды орындау негіздерін меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Машинажасаудың негізгі заңдылықтарының мәнін, математикалық сипатын және дәлелдерін, мамандықпен байланысты машиналардың негізгі түрлерінің есептеуін, теориялық (математикалық) сипатының негіздерін, құрылыс машиналарының мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принціптерін, типтік құрылымдық шешімдерін, жұмыс үдерісінің негіздерін, оларға қойылатын талаптар мен көрсеткіштерін және машинажасау саласындағы негізгі ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын базалық немесе жоғарғы типті оқулықтар дәрежесіне сәйкес келетін деңгейде меңгеру. Машиналарды таңдауды және пайдалануды, олардың тиімді жұмыс тәртібін қамтамасыз ету әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Машинажасаудың негізгі заңдылықтарының мәнін, математикалық сипатын және дәлелдерін, мамандықпен байланысты машиналардың негізгі түрлерінің есептеуін, теориялық (математикалық) сипатының негіздерін, құрылыс машиналарының мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принціптерін, типтік құрылымдық шешімдерін, жұмыс үдерісінің негіздерін, оларға қойылатын талаптар мен көрсеткіштерін және машинажасау саласындағы негізгі ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын базалық немесе жоғарғы типті оқулықтар дәрежесіне сәйкес келетін деңгейде меңгеру. Машиналарды таңдауды және пайдалануды, олардың тиімді жұмыс тәртібін қамтамасыз ету әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Құрылыс машиналары мен жабдықтарын жасау және сипаттау саласына қажет білімді, мәліметтер мен ақпаратты жинақтау және өңдеу пайымдауларын қалыптастыру; жабдық жұмысының тиімді көрсеткіштерін негіздеу, есептеу және таңдау пайымдауларын қалыптастыру және де машиналар мен жабдықтарды жаңғырту немесе жетілдіру кезінде пайымдауларды қолдану.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Құрылыс машиналары мен жабдықтарын жобалау және әзірлеу кезінде, есептеу жұмыстарында, машинажасау заңдылықтарын қолданғанда олар негізделетін қорытындыларды және сол қорытындыны жасауға қажет білімді, мәселелер мен шешімдерді, ойларды, ақпаратты анық және бір мәнді жеткізу. Ақпараттық үдерістерді іске асыратын бағдарламалық және техникалық құрылғылармен, заманауи ақпарат құрылғыларымен қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Құрылыс машиналары мен жабдықтарының негізгі түрлерінің есептеуін, теориялық сипатының негіздерін, мақсатын, құрылымын, жұмыс істеу принціптерін, типтік құрылымдық шешімдерін, жұмыс үдерісінің негіздерін, оларға қойылатын талаптар мен көрсеткіштерін және машинажасау саласындағы негізгі ғылыми-техникалық жетістіктердің негізгі бағыттарын білу қабілеті. Негізгі нормативтік құжаттармен (МЕСТ-тер) және электронды есептегіш құралдармен жұмыс істеу қабілеті.
Негізгі әдебиет
- Строительные машины: Учеб. для вузов по спец. ПГС/ Д.П. Волков, Н.И. Алешин и др.: под ред. Д.П. Волкова - М.: Высш.шк., 1988. - 339 с.: ил. 2. С.С. Добронравов, В.Г. Дроков. Машины для городского строительства: Учеб. для вузов. -М.: Высш. шк. 1985 - 360 с.: ил. 3. Фиделев А.С., Чубук Ю.Ф. Строительные машины. - Киев.: Высш. школа, 1982. 4. Строительные машины: Учеб. для вузов по спец. ПГС/Д.П. Волков, Н.И. Алешин, В.Я. Крикун, О.Е. Рынсков; Под ред. Д.П. Волкова. - М.: Высш. шк., 1988. - 319с.: ил.