Халықаралық бизнес

Саменова Асем Жанахметовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән студенттерде халықаралық фирмаларда ұйымдастыру және стратегиялық басқару саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Курстың құрылымы халықаралық бизнестің негізгі аспектілерін, мысалы, әртүрлі елдердегі фирмалардың немесе олардың бөлімшелерінің өзара әрекеттесуін, халықаралық тұрғыдан қаржы мен инвестицияларды басқаруды зерттеуді қамтиды.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттерде тиімді басқару шешімдерін, корпоративішілік және сыртқы іскерлік коммуникацияларды әзірлеу үшін қажетті кәсіби құзыреттер жиынтығын қалыптастыру, бұл олардың мемлекеттік ұйымдарда, халықаралық компанияларда табысты мансабының қалыптасуына және өз елінде немесе шетелде өз бизнесін құруға ықпал ететін болады.
Міндет
  • Пәннің негізгі бөлімдерін оқып, өз мамандығы саласындағы болашақ мамандардың талаптарына сәйкес келетін Дағдылар мен біліктерді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Халықаралық бизнес дамуының негізгі үрдістерін біледі және түсінеді. Қазіргі заманғы халықаралық компанияларда басқарудың нысандары мен әдістерін дамыту
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Халықаралық бизнестің негізгі мәселелерін біледі және түсінеді. Халықаралық бизнесті басқару теориясы мен практикасын жинақтайды.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Халықаралық экономика мен бизнестегі отандық және шетелдік көздерден алынған ақпараттарды сыни түрде бағалайды және қалыптастырады
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Байланыстың мақсаты мен жағдайына негізделген қарым-қатынасты дұрыс қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ұйымдастырушылық- басқарушылық шешімдерді ұсынады және қабылданған шешімдердің салдары мен жағдайларын бағалайды. Талдамалық және зерттеу мәселелерін шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды қолданады.
Негізгі әдебиет
  • 1. Дафт Р. Менеджмент МВА: Учебник: пер. с англ. / Р. Дафт - 10-е изд. - СПб. Питер, 2014. - 656 с. 2. Международный бизнес: Учебное пособие /В.А. Михалкин.-М.: Магистр: НИЦ ИНФРА, 2012. - 320 с. 3. Международный бизнес: Учебное пособие /В.К. Поспелов, Н.Н. Котляров, Н.В. Лукьянович; под ред. В.К. Поспелова. - М.,: Вузовский учебник НИЦ ИНФРА - М., 2014.- 256 с. 4.Drucker Peter F. Enduring Wisdom for Young Leaders. Jossey-Bass. 2015. 5.Doyle P. Marketing Manadgement and Strategy. New York, 2016. - 464 p.