Математика 1

Крыкпаева Аклима Абеновна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Сызықтық және векторлық алгебраның элементтері, аналитикалық геометрия элементтері, математикалық талдауға кіріспе; бір айнымалы функцияның дифференциалдық есептеулері және оларды қолдану; бірнеше айнымалылар функциясының дифференциалдық есептеулері және оларды қолдану. Есептеудің ең жаңа техникалық әдістері математикалық зерттеулерді кез-келген ғылым саласына қатысты қолдануға және шешімді тәжірибелік қолдануға мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Математика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты математикалық модельдерді пайдаланатын пәндерді игеру үшін негізгі база болып табылатын негізгі ұғымдар мен әдістерді меңгеру, студенттерде қолданбалы есептерді қою және шешу кезінде математикалық әдістерді қолданудың теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндет
  • студент пәннің негізгі ұғымдарын білу, теорияны түсіну және дәлелдей білу, Осы курстың математикалық аппаратын қолдану арқылы практикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын меңгеру керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • «Математика 1» пәні бойынша формулаларды және қасиеттерді, символикаларды, шексіз аз шамаларды салыстыру теориясын, сонымен қатар, сызықты алгебра және аналитикалық геометрия элементтерін, координаталық әдістерді, бір және көп айнымалыларға байланысты функцияларды дифференциалдық және интегралдық есептеулері есептерін шешудің негізгі әдістерін біледі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Математика І» пәнін оқығаннан алған білімдерін қолданбалы есептерді шешуде және әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда және берілгендерді салыстырмалы талдауында, сонымен қатар комплексті инженерлі салаларда қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өз бетімен өзін-өзі бақылаудың, оқудың және білудің әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті, өзін-өзі дамытудың кәсіби, физикалық, адамгершілік, мәдени, интеллектуалдық келешегін түсіну қабылеті, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Орындаушылардың жеке топ мүшесі ретінде немесе жеке дара мүшесі қызмет көрсетіп, соның ішінде пәнаралық жобаларды орындау және басқару қасиетін көрсете отырып, , кәсіби қызмет жүргізу нормаларына және кәсіби этиканы ұстанушылықты, жеке тұлғалық жауапкершілікті көрсете алу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби ортада және бүкіл қоғамда қатынас жүргізіп, сонымен қатар, бар мағлұматтарды талдап және өз бетімен жаңадан техникалық құжаттандыру жасап; автоматтандыру және басқару саласында комплексті және инженерлі қызмет нәтижесін накты түрде баяндайды және қорғайды. Қолданбалы есептердің математикалық үлгісін құру үшін математикалық ақпаратты аналитикалық түрде көрсете алады.
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) әңгімелесу; модерация; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);

іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);

оқу есептерінің шешімдерін табу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг ЖҮТ 1 0-100
ЖҮТ 1.2
ЖҮТ 2
Коллоквиум
Қорытынды тест 1
2  рейтинг ЖҮТ 3 0-100
ЖҮТ 5
ЖҮТ 6
Коллоквиум
Қорытынды тест 2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Матрица және оларға қолданылатын амалдар
  • 2-ші және 3-ші ретті анықтаушылар
  • Векторлар, Векторларға сызықты амалдар қолдану
  • Жазықтықта түзу
  • Функцияның шегі
  • Функцияның туындысы, оның геометриялық және механикалық мағынасы
  • Күрделі функцияның туындысы Кері, айқын емес, параметрлік берілген функциялардың туындылары
  • Жоғарғы ретті туынды
  • Көп айнымалы функциялардың туындысы
  • Бағыт бойынша туынды
Негізгі әдебиет
  • Берман Г.Н. Сборник задач по курсу математического анализа. – Издательство: Лань, 2020 г.
  • Бугров Я.С., Никольский С.М. Элементы линейной алгебры и аналитической геометрии. – М.: Физматлит, 2014.
  • Клетеник Д.В. Сборник задач по аналитической геометрии. – М.: Профессия, 2019.
  • Письменный Д.Т. Конспект лекций по высшей математике. – М.: Айрис-Пресс, 2014, ч.1.
  • Рябушко А.П., Бархатов В.В. и др. Индивидуальные задания по высшей математике.- Минск: Высшая школа, 20012, Т.1,2,3.
  • Айдос Е.Ж. Жоғары математика-1,2,3: Оқулық. – 3 кітапта. /Е.Ж.Айдос. – Алматы: Бастау», 2015. 1-кітап. – 320 б.
Қосымша әдебиеттер
  • Хисамиев Н.Г., Тыныбекова С.Ж., Конырханова А.А. Математика. 1, 2 томдары.- Өскемен.- ШҚМТУ баспасы, 2012.
  • Тыныбекова С.Ж., Рахметуллина Ж.Т. Математика.- Өскемен.- ШҚМТУ баспасы, 2012
  • Тыныбекова С.Ж., Мухамедова Р.О. Математика.- Усть-Каменогорск.- издательство ВКГТУ, 2012
  • Горбаченко В.И. Вычислительная линейная алгебра с примерами на MATLAB. СПб. : БХВ-Петербург, 2018.
  • Мещеряков В.В. Задачи по математике с Matlab & Simulink. — М.: Диалог-МИФИ, 2017.