Адам бол
Сипаттама: Курстың дамуы мен енгізілуі білім беру жүйесін ізгілендіру, пәнаралық интеграция, жалпы ұлттық контексте ұлттық мәдениеттің мәселелерін терең зерттеу бағытында жетілдірудің объективті қажеттіліктерімен байланысты. Абай Құнанбаевтың философиясы мен шығармашылығы контексінде студенттердің бойында ашық сананы қалыптастыру, өзіндік ұлттық код пен ұлттық ерекшелікті түсіну, рухани жаңғыру, бәсекеге қабілеттілік, реализм және прагматизм, тәуелсіз сыни ойлау, білім мәдениеті, дүниетанымның негізгі тұжырымдамаларын, толеранттылық құндылықтарын, мәдениетаралық диалог пен мәдениетті игеру.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Мәдениеттану
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жобаны қорғау түріндегі емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Жалпы білімдік пәндер
Мақсат
- Абайдың жан-жақты тұлғасы - адамгершілік-философиялық, мәдени-аксиологиялық, тарихи, қоғамдық-саяси көзқарастар және гуманистік құндылықтардың қазіргі қоғамдағы өзектілігі туралы студенттердің білімдерін тереңдету; болашақ кәсіби қызмет контекстінде әлеуметтік және жеке және азаматтық құзіреттіліктерді қалыптастыру.
Міндет
- 1) Абай дәуіріндегі оқиғалар туралы білімді жүйелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру; Абайдың мұрасын зерттеу негізінде студенттердің бойында зерттеу қабілеттерін дамыту және зияткерлік және шығармашылық әлеуетін қалыптастыру; Абайдың «Қара сөздер» еңбегі арқылы қазақстандық қоғамды шоғырландыру үшін идеялық және рухани негіз құру; Абайдың әлемдік және отандық тарих контекстіндегі ерекше және маңызды орны мен рөлін анықтайтын қағидаларды ашу; Абай дәуірі мен қазіргі жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты жеке тұлғаның адамгершілік ұстанымын тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Абай дәуіріндегі құбылыстар мен оқиғаларды сыни талдау арқылы адамзат қоғамының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Білімдер мен түсініктерді қолдану. Абай дәуіріндегі оқиғалар туралы білімді жүйелеу және оның дүниетанымын қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Абай шығармаларын сипаттау және талдау әдістерін меңгереді
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Абай тұлғасы мен ағартушысының қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ХІХ - ХХ ғасырлар тоғысында және қазіргі кездегі қазақ мәдениетінің ерекшеліктері мен маңыздылығын талдау