Автомобиль жолдарын АЖЖ

Бакирбаева Анар Акылбаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Оқу барысында студенттер есептеу техникасын, математикалық модельдеу және мамандандырылған қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен қолдану негізінде автомобиль жолдарын жүйелік автоматтандырылған жобалау саласында қажетті білім мен дағдыларды алады, сонымен қатар заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды меңгерген кең бейінді инженер-жолшыларды дайындайды.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Инженерлік және компьютерлік графика
  • Инженерлік және компьютерлік графика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттердің инженерлік ізденістерді өңдеу және автоматтандырылған жобалау жүйелерін пайдалана отырып автомобиль жолдарының элементтерін жобалау саласында теориялық білімдерін, іскерліктерін және практикалық дағдыларын қалыптастыру және дамыту
Міндет
  •  автомобиль жолдарын автоматтандырылған жобалау жүйесінің негізгі элементтерін және автоматтандырылған жобалау принциптерін зерттеу;  автомобиль жолдарын автоматтандырылған жобалау жүйесінің номенклатурасын, мүмкіндіктерін және даму перспективасын зерделеу;  автоматтандырылған жобалау жүйесін пайдалана отырып, автомобиль жолдарының элементтерін жобалау және инженерлік ізденістерді өңдеу бойынша практикалық дағдыларды алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Кешенді инженерлік қызметте техникалық ғылымдар саласында базалық және арнайы білімді қолдану қабілеті
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Автоматтандырылған жобалау жүйесін қолдану және техникалық тапсырмаға сәйкес автомобиль жолдарының элементтерін жобалау технологиясы мен инженерлік ізденістерді өңдеу тәсілдерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Бағдарламалық кешенде ақпаратты алу, сақтау, қайта өңдеу, жер жұмыстарының көлемін есептеу, жол жамылғысының оңтайлы құрылымын есептеу, шағын су өткізу құрылыстарын есептеу, автожолдарды жобалау саласындағы ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу қабілеті, орындаушылардың жекелеген топтарына, соның ішінде пәнаралық жобаларға басшылық жасау дағдыларын көрсете отырып, жеке жауапкершілік, кәсіби этика мен кәсіби қызметті жүргізу нормаларын ұстай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Отандық және шетелдік тәжірибелерге, ғылыми техникалық ақпараттарға негізделген тәсілдерді қолдана отыра инновациялық жобаларға қатысу қабілеттілігінің болуы
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар).

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жол құрылысында қолданылатын АЖЖ жүйелеріне шолу
  • Негізгі параметрлерді орнату
  • Қабаттармен жұмыс
  • Жобалық құжаттама және оның дизайны, МЕСТ 2
  • Сызбаны өңдеу
  • Кескіндер - түрлері, МЕСТ 2
  • Аксонометриялық проекциялар МЕСТ 2
  • Сызбадағыі кескіндерді орындау ережелері
  • Мультисызық, Безье қисық сызығы, форматтау, негізгі параметрлер, сызықтарды редакциялау
  • Блоктар және олардың атрибуттары
  • AutoCAD 3D моделі сызуының құралдары
  • Бөлшектердің 3Д моделін салу
  • AutoCAD Civil 3D кіріспе
  • AutoCAD Civil 3D программасында сызбаларды салу принциптері
  • СПДС бойынша сызбаны көркемдеу
Негізгі әдебиет
  • 1. Бойков В.Н. Автоматизированное проектирование автомобильных дорог: учебник для студ. учреждений высш. образования / В.Н. Бойков, П.И. Поспелов, Г.А. Федотов; под. ред. В.Н. Бойкова. – М.: Издательский центр «Академия», 2015. – 256 с. 2. Федотов Г.А., Поспелов П.И. Изыскания и проектирование автомобильных дорог: Учебник. В 2 -х частях, Издательство: "Высшая школа" 2009. – 520 с. 3. Справочная энциклопедия дорожника 5 том "Проектирование автомобильных дорог"./Под ред. Г.А.Федотова, П.И.Поспелова – М.: Информавтодор. 2007. - 668 с.
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Романычева Э.Т., Соколова Т.Ю., Шандурина Г.Ф. Инженерная и компьютерная графика. – 2-е изд., перераб. – М.: ДМК Пресс, 2010. – 592 с. 2 3 ЕСКД. Общие правила выполнения чертежей,М.,1988г.,268с. 4 ЕСКД. Основные положения, М., 1984г., 341с. 5. Каменских Л.В. Конспект лекций по компьютерной графике. ВКГТУ, 2010. 6. Компьютерлік графика. Д.Т. Құрманова, З.А. Есполова, Ж.К. Уазырханова. – Өскемен,ШҚМТУ, 2015.-120 бет