Қаржылық талдаудың техникасы
Сипаттама: "Қаржылық талдау техникасы" пәні қаржылық талдау туралы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін зерттеу әдістері туралы білім жүйесі ретінде түсінік береді. Кәсіпорынның қаржылық сауығуына бағытталған шешімдерді негіздеу үшін талдау барысында алынған нәтижелерді пайдалану саласындағы құзыреттерді әзірлеуге ықпал етеді
Кредиттер саны: 3
Пререквизиты:
- Кәсіпорын экономикасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 15 |
СӨЖ | 45 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Кәсіпорын қызметіне қаржылық талдау жасаудың қазіргі заманғы әдістерін меңгеру, қаржылық тұрақтылықты, төлем қабілетін және несиені қайтару қабілетін анықтау мен талдаудың әдістерімен танысу
Міндет
- «Қаржылық талдаудың техникасы» пәні студенттерге қаржылық талдаудың әдістері, ақпараттық негізі және әдістемелік негізі туралы кәсіптік білімдерін қалыптастыруға ықпал етеді, кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі шараларды негіздеп, оны жасауға қаржылық есеп-қисапты сараптау кезіндегі тәжірибелік есептерді орындауға бейімдейді
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қаржылық талдаудың пәнін, әдістерін және түрлерін білу
- Қаржылық талдаудың түрлерін және оның ақпараттық базасын білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қаржылық талдау бойынша тәжірибелік есептеулерді жасауды үйрену, соның ішінде баланс өтімділігін талдау, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, қаржылық тұрақтылығын, несиеге қабілеттілігін, іскерлік белсенділігін және т.б. талдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қаржылық талдау барысында алынған нәтижелерді экономикалық тұрғыдан бағалап, оларды кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайын жақсартуға материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды жасау үшін пайдалана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Бекітілген нысандар бойынша есептемелерді дайындау және талдау. Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - интерактивті дәріс (оқытудың мынадай белсенді нысандарын қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; миға шабуыл жасау; уәждемелік сөз сөйлеу); - берілген жағдайлар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздестіру-зерттеу (Оқу процесіндегі студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Қаржылық талдау: оның мазмұны және қаржылық басқару жүйесіндегі орны
- Қаржылық талдаудың ақпараттық базасы
- Қаржылық талдау әдістері
- Қаржылық есептілікті Экспресс-талдау
- Бизнесті оның тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығы тұрғысынан талдау және бағалау
- енеджмент тұрғысынан талдау
- Бизнес иелері тұрғысынан талдау
- Кредиторлар тұрғысынан талдау
- Ақшаның уақытша құнын ескере отырып, ақша ағындарын талдау
- Кәсіпорынның рейтингтік бағасы
- Қаржыландырудың әр түрлі нұсқаларын салыстырмалы талдау
Негізгі әдебиет
- Теория и практика анализа финансовой отчетности организаций: учебное пособие / под ред. Н.В.Парушиной. - М.: ИНФРА-М, 2010. - 432 с.
- Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами.- Алматы: Экономика, 2009. - 366 с.
- Техника финансового анализа в контексте антикризисного управления предприятием: Учебное пособие/ О.В.Куур, Р.А. Костырко. - Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2019. – 170 с.
- Костырко Р.А., Куур О.В. Финансовый анализ: теория и практика в контексте МСФО: Учебное пособие.- Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2011.- 180 с.
- Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - М.: Инфра-М, 2010. - 536 с.
- Заманбеков Ш.З. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау. – Алматы: Экономика, 2016. – 220 б.
- Әбленов Д. О. Қаржылық есептегі талдау концепциялары: Оқулық / ред. басқарған Н. Қ. Мамыров. – Алматы: Экономика, 2015. – 268 б.
- Демесинов Т.Ж. Қаржылық талдау. - Алматы: Дәуір, 2011. – 320 б.
Қосымша әдебиеттер
- Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. - М.: Финансы и статистика, 2016. – 763 с.
- Костырко Р.А. Финансовый анализ: Учебное пособие. – Харьков: Фактор, 2007. - 784 с.
- Жилкина, А. Н. Финансовый анализ : учебник и практикум для бакалавриата и специалитета / А. Н. Жилкина. — Москва : Издательство Юрайт, 2019. - 285 с.
- «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемелер туралы» ҚР Заңы, 2007 жылдың 28 ақпаны, № 234 – III (2018 ж. өзгертулер мен толықтырулармен).
- Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (2018 ж. редакциясы) // www.minfin.kz
- Ұлттық қаржылық есептіліктің стандарты: Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2013 ж., № 50 (2018 ж. өзгертулер мен толықтырулармен).