Қаржы-шаруашылық қызметті талдау
Сипаттама: Пән кәсіпорынның қаржылық - экономикалық қызметін зерттеу әдістері туралы білім жүйесі ретінде талдау туралы түсінік береді. Бұл қаржылық және басқарушылық талдаудың негізгі техникалық әдістері мен критерийлерін игеруге, студенттердің қаржылық-шаруашылық қызметке талдау жасау, шаруашылық жүргізуші субъектінің ағымдағы қаржылық жағдайын және оның дамуының күтілетін перспективаларын бағалау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Осы пәнді оқу нәтижесінде студент қаржылық-шаруашылық қызметке талдау жүргізу және басқару шешімдерін қабылдау үшін оның нәтижелерін түсіндіру, кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту үшін іс-шаралар әзірлеу саласында құзыреттер мен дағдыларға ие болады. Талдау кәсіпорында бар қаржылық және басқару есептілігіне, сондай-ақ жоспарлы, есепті және басқа құжаттамаға негізделген
Кредиттер саны: 10
Пререквизиты:
- Кәсіпорын экономикасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 60 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 60 |
СӨЖ | 150 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттердің кәсіпорын қызметіне қаржылық және басқарушылық талдау жүргізу, объектінің ағымдағы қаржылық-экономикалық жай-күйін және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін оның дамуының күтілетін перспективаларын бағалау саласындағы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Міндет
- қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың негізгі экономикалық категорияларын, принциптері мен тәсілдерін зерделеу, талдау жүргізудің ақпараттық базасымен және әдістерімен танысу
- кәсіпорын қызметінің ерекшелігін ескере отырып, қаржы-шаруашылық қызметті талдау бойынша практикалық есептеулерді орындау дағдыларын игеру
- басқарушылық шешім қабылдау үшін қаржы-шаруашылық қызметті талдау нәтижелерін түсіндіру дағдыларын алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- жалпы басқару жүйесіндегі қаржылық-шаруашылық талдаудың орны мен рөлі туралы түсінікке ие болу;
- қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың нысанасын, объектісін және әдістерін білу
- қаржы-шаруашылық қызметті талдауды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекше қағидаттарын, тәсілдері мен әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- қаржы-шаруашылық қызметке талдау жүргізуге ілеспе есептеулерді орындау, олардың негізінде кәсіпорындардың мақсаттарына қол жеткізу үшін оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау саласында практикалық дағдыларға ие болу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- алған білімдерін бақылау және талдау, өнімділікті арттыру, резервтерді анықтау және рентабельділікті арттыру үшін қаржы ресурстарын іздеу мақсаттары үшін практикада қолдана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- талдау жүргізу кезінде коммуникативтік міндеттерді шешу үшін заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды, сондай-ақ қойылған міндеттерді іске асыру үшін командада жұмыс істеу, өз көзқарасын дұрыс қорғау, жаңа шешімдер ұсыну қабілетін пайдалану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- күнделікті кәсіби қызметке және магистратурада білім алуды жалғастыруға қажетті жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру, кәсіби және жеке өсуге ұмтылу
Оқыту әдістері
- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгіме; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; мотивациялық сөйлеу);
- берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;
- ақпараттық-коммуникациялық (қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып компьютерлік сыныптағы сабақтар);
- іздестіру-зерттеу (студенттердің оқу процесіндегі өзіндік зерттеу қызметі);
- практикалық тапсырмаларды орындау.
Негізгі әдебиет
- Комплексный анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебное пособие / Под ред. Бариленко В.И.. - М.: Форум, 2018. - 416 c.
- Савицкая Г.В. Теория анализа хозяйственной деятельности: Учебное пособие - М.: Инфра-М, 2018. - 352 c.
- Шеремет А.Д. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. - М.: Инфра-М, 2017. - 352 c.
- Заманбеков Ш.З. Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау. – Алматы: Экономика, 2016. – 220 б.
Қосымша әдебиеттер
- Жилкина, А. Н. Финансовый анализ : учебник и практикум для бакалавриата и специалитета. — Москва : Издательство Юрайт, 2019. - 285 с.
- Техника финансового анализа в контексте антикризисного управления предприятием: Учебное пособие/ О.В.Куур, Р.А. Костырко. - Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2019. – 170 с.