Салалардағы қаржылық бухгалтерлік есеп

Байтикенова Гульжан Альпековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері экономиканың әрбір саласындағы есеп жүргізудің ерекшеліктері мкен айырмашылықтарын қарастырады. Әр салаға тән нұсқаулықтар негізінде есеп жүргізудің де көңіл бөлетін тұстары қарастырылады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Бухгалтерлік қаржылық есеп

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Студенттерге бухгалтерлік есептің экономиканың әр саласындағы ерекшеліктерін меңгертіп, құжаттық айырмашылықтарын оқыту
Міндет
  • Студенттерге экономиканың салаларындағы бухгалтерлік шоттар мен бухгалтерлік балансты меңгертіп, ұйымның мүлкі мен олардың қайнар көздерінің есебін жүргізуді үйрету
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • салалардағы негізгі бухгалтерлік есеп категорияларын білу
  • салалардағы бухгалтерлік есеп жүйені ұйымдастыру принциптерімен, құрлымымен, құрамымен танысу
  • салалардағы бухгалтерлік есеп функцияларын, кеңейтілген өндірісте олардың ролін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіпорынның салалық айырмашылығына қарай бухгалтерлік есеп жүргізуді тәжірибеде қолдану, бухгалтерлік шоттарды жіктей алу, салаларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыра алу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Алған білімді экономика салаларында бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды қолдана білу нәтижесінде кәсіпорынның мүлкі мен олардың қайнар көздерінің есебін дұрыс жүргізуді білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Салалық айырмашылығына қарай кәсіпорындарда бекітілген нысандар бойынша есептемелерді дайындау. Топта жұмыс істеуге қабілетті, өз ой топшылауын сауатты дәлелдей алады, жаңа шешімдер ұсынады, келісім таба алады, өз ойын коллектив ойымен салмақтайды
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа білімдер алу машығын алады және білімін магистратурада жалғастырады. Кәсіби және тұлғалық өсуге ұмтылады
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - 1) проблемалық - және жобалық - бағдарланған оқыту технологиялары; жобалар әдісі бойынша оқытуды ұйымдастыру оқытушының алдына барлық білім алушыларды проблемалық жағдайға және әрбір сабақта тартуды қамтамасыз ету міндетін қояды. Яғни, проблемалық жағдайдың шешімін құрылымдық және жүйеленген түрде іздеу үшін ақпаратты ұсына отырып, сабақ мазмұнының проблемалық-бағытталған сценарийін құру міндеті. 2) кейс әдісі (жағдайды талдау); Кейс-технология білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді, шағын топтардың құрамында күрделі тапсырмаларды орындау дағдыларын қалыптастырады, мамандарға күтпеген жағдайды талдау қабілеттерін сәтті игеруге, шешім қабылдау алгоритмдерін дербес әзірлеуге көмектеседі. 3) ақпараттық-коммуникациялық (оның ішінде қашықтықтан білім беру) технологиялар жатады. Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану оқу нәтижесіне қол жеткізу үшін студент пен оқытушы арасындағы оңтайлы өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 4) коммуникативтік технологиялар (пікірталас, қойылған мәселелерді шешу үшін шығармашылық, ұжымдық жұмыс түрі ретінде ми шабуылы).

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Подготовка презентации по теме 1 0-100
Решение задач, разбор практических ситуаций
Решение задач, разбор практических ситуаций
Решение задач, разбор практических ситуаций
Решение задач, разбор практических ситуаций
Коллоквиум
2  рейтинг Решение задач, разбор практических ситуаций 0-100
Решение задач, разбор практических ситуаций
Решение задач, разбор практических ситуаций
Решение задач, разбор практических ситуаций
Тестирование
Коллоквиум
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Құрылыстағы бухгалтерлік есеп
  • Саудадағы бухгалтерлік есеп
  • Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
  • Туристік бизнестегі бухгалтерлік есеп
  • Қонақ үй бизнесіндегі бухгалтерлік есеп
  • Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
Негізгі әдебиет
  • Дузбанова Б.М. Учет в строительстве. Практ. Пособие. – Алматы: ТОО «Центральный Дом Бухгалтера», 2009. – 48 с.
  • Проскурина В.П. Сборник бухгалтерских проводок по разделам «Типового плана счетов бухгалтерского учета», вводимого в действие с 01.01.2019 г. - Алматы. «LEM», 2021 г., 274 с.
  • Камышанская Л.А. Учет в торговле: Практ. пособие. – Алматы: ТОО «Центральный Дом Бухгалтера», 2008. – 88 с.
  • Проскурина В.П. Бухгалтерский учет в строительстве + CD. - Алматы. «LEM», 2017 г., 276 с.
  • Назарова В.Л. Бухгалтерский учет в отраслях. – Алматы: Экономика, 2014. - 426 с.
  • Нурсеитов Э. О., Алимжанова Н. К. Организация, учет и внутренний контроль на предприятиях общественного питания (справочник). - Алматы. «LEM», 2016. - 340 с.
  • Нажикбаева К.К. Бухгалтерский учет в сельском хозяйстве + электронное приложен. - Алматы: LEM, 2015. – 168 с.
  • Проскурина В.П. Бухгалтерские проводки по структурным подразделениям в Республике Казахстан. - Алматы. «LEM», 2020. - 12 с.
  • Скала В. И. Учет расходов. Структура расходов. Командировочные. Представительские. Расходы будущих периодов. Арендные. Расходы по заимствованиям. - Алматы. «LEM», 2019. - 376 с.
  • Справочник бухгалтера на 2021 год - Алматы. «LEM», 2021 г.- 188 с.
  • Досманбетова А. С. Бухгалтерский учет в туризме и гостиничном бизнесе: Учебное пособие. - Алматы. «LEM», 2020. - 340 с.
  • Скала В. И. Основы учета в строительстве Республики Казахстан. Практическое пособие. - Алматы. «LEM», 2017. - 380 с.
  • Дурановская Г. П. Заработная плата: порядок начисления. Практическое пособие. - Алматы. «LEM», 2019. - 64 с.
Қосымша әдебиеттер
  • Каморджанова Н.А. и др. Бухгалтерский учет в гостиничном бизнесе. – СПб.: Питер, 2004
  • Кеулимжаев К.К., Кудайбергенов Н.А. Бухгалтерский учет в строительстве: Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 2007. – 310 с.
  • Тайгашинова К.Т. Калькуляция себестоимости продукции, выполненных услуг и работ. - Алматы. «LEM», 2015. - 320 с.
  • Организация, учет и внутренний контроль на предприятиях общественного питания. Изд. 2-е, перераб. и доп./ Под общей редакцией Э.О. Нурсеитова. Справочник. – Алматы, 2009. – 264 с.