Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Сипаттама: Инвестициялық қызметтің тиімділігін бағалау қолданылатын тәсілдер мен әдістердің спектрі бойынша жеке, өте бай, инвестициялық талдаудан әлдеқайда асып түсетін экономикалық білім саласы болып табылады. Пән белгісіздік пен жоғары тәуекелдер жағдайында инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздеу тәртібін, олардың тиімділігін талдау әдістерін, оларды қаржыландыру көздері мен әдістерін таңдау тәсілдерін зерттейді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қаржыға кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттердің кәсіпорынның инвестициялық қызметі , аталған сферада басқарушылық шешімдер қабылдауы, сонымен қатар инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау және жобалау бойынша, қаржыландыру тәсілдерін таңдауда тәжірибелік дағдылар алу, аумағында кешенді экономикалық білім алулары.
Міндет
- студенттердің барлық инвестициялық - қаржылық категориялар мен ұғымдар туралы теориялық дайындығын қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен мәнін түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негізгі категорияларын; кәсіпорынның инвестициялық қызметін тұрақтандырушы заңды және нормативтік актілерді; «инвестициялық жоба» ұғымын және инвестициялық жобаның өмірлік цикілінің мазмұнын; инвестицияны экономикалық бағалау әдістерінің мазмұнын білулері керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- 11. Тиімді экономикалық жобаны таңдау бойынша шешімдер қабылдай білуі. 2. инвестициялық жоба құра білуі немесе оны жасауда қатысуы. 3. инвестициялар тиімділігінің бағасы үшін ақпараттық және компьютерлік техникаларды қолдануы. .
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Арнайы экономикалық терминдерді, кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тәуекелін талдау әдістемесін, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін меңгерулері керек. Белгісіздік жағдайында шешімдерді қабылдауға қабілеттілігі және оған деген жауапкершлік.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Пікір аламсуда өзін өзі игеруге қабілеттілігі, комммуникациялық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және бейімделе білу қабілеті, оз ойын сауатты құрастыра білуі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.
Оқыту әдістері
При проведении учебных занятий предусматривается использование следующих образовательных технологий:
Использование личностно-ориентированного развивающего обучения.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Дәрістер конспектісі 1 | 0-100 |
Эссе | ||
1-блоктың есептерін шешу | ||
Тексеру жұмысы | ||
2 рейтинг | Дәрістер конспектісі 2 | 0-100 |
Эссе | ||
2-блоктың есептерін шешу | ||
Тексеру жұмысы | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Жазбаша емтихан 3 сұрақтан тұрады: 2 теориялық сұрақ (60 мин) және бір практикалық тапсырма (40 мин). Емтиханның ұзақтығы 1 сағат 40 мин. емтихан материалы 60% теориялық материалдан тұрады 40% практикалық материал егер қорытынды баға 50% - дан жоғары болса, Студент модульді тапсырды. | Курстың теориялық мазмұны толық игерілді, бос орындарсыз игерілген материалмен жұмыс істеудің қажетті практикалық дағдылары қалыптастырылды, оқу бағдарламасында көзделген барлық оқу тапсырмалары орындалды, олардың орындалу сапасы максимумға жақын балл санымен бағаланды. | Курстың теориялық мазмұны толығымен игерілді, олқылықтарсыз, игерілген материалмен жұмыс істеудің кейбір практикалық дағдылары жеткіліксіз қалыптасқан, оқу бағдарламасында қарастырылған барлық оқу тапсырмалары орындалған, олардың ешқайсысының орындалу сапасы минималды балл санымен бағаланбаған, тапсырмалардың кейбір түрлері қателіктермен орындалған. | Курстың теориялық мазмұны ішінара игерілген, бірақ олқылықтар маңызды емес, игерілген материалмен жұмыс істеудің қажетті практикалық дағдылары негізінен қалыптасады, оқу бағдарламасында қарастырылған оқу тапсырмаларының көпшілігі орындалады, кейбір орындалған тапсырмаларда қателер болуы мүмкін | Курстың теориялық мазмұны игерілмеген, қажетті практикалық жұмыс дағдылары қалыптаспаған, орындалған оқу тапсырмаларында өрескел қателіктер бар, Курс материалында қосымша өзіндік жұмыс оқу тапсырмаларын орындау сапасының айтарлықтай артуына әкелмейді. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Инвестициялық жобамен байланысты негізгі ұғымдар
- Тиімділік ұғымы және оның түрлері
- Өндірістің экономикалық тиімділігі
- Басқару шешімінің критерийлері мен тиімділігін өлшеу
- Инвестициялық тауарлар және оларды бағалау
- Инвестициялық жоба
- Инвестициялық жобаның қаржылық көрсеткіштерін қалыптастыру
- Инвестициялардың өтелу мерзімін есептеу
- Орташа кірістілік
- Инвестицияларды экономикалық бағалау
- Инвестицияларды бағалаудың динамикалық әдістері
- Қаржыландыру көздері (қаржы құралдары) ақшалай түсімдер мен кірістер: қатынас мәселесі
- Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын әзірлеудің тұжырымдамалық негіздері
- Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын әзірлеудің тұжырымдамалық негіздері
- Инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын әзірлеудің тұжырымдамалық негіздері
Негізгі әдебиет
- Куатова Д.Я. Экономика предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2018.
- Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс: Учебное пособие. - Алматы: ТОО PПИК «Дәуір», 2017.
- Окаев К.О., Дюкова Е.Л. Экономика промышленного предприятия в условиях рынка. - Алматы: Экономика, 2018.
- Сейтказиева А.М. и др. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие / А.М. Сейтказиева, А.Б. Байкадамова, Ж.И. Сариева. - Алматы: Экономика, 2018.
- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі (11.02.2024 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен)
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (11.02.2024 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен)
- Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі (12.02.2024 ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен)
Қосымша әдебиеттер
- Турежанов С.У. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие по специальности 5В050600 – Экономика. – Костанай, 2016. – 126 с.
- Финансирование и управление инвестиционным проектом. Часть 1: учебное пособие/В.Годунов. – Костанай, 2022. – 75 с.
- Касьяненко, Т. Г. Экономическая оценка инвестиций : учебник и практикум / Т. Г. Касьяненко, Г. А. Маховикова. — Москва : Издательство Юрайт, 2023. — 559 с.