Ақпараттық жүйелердің негіздері

Котлярова Ирина Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән жүйелер теориясының негіздері мен жүйелік талдаудың негізгі ұғымдарын, жүйелердің модельдері мен жіктелуін, ақпараттық жүйелердің құрамы мен жалпы құрылымын, ақпаратпен байланысты негізгі ұғымдарды, ақпаратты жіберу және өңдеу жүйелеріндегі кодтау әдістерін қарастырады. Ақпараттық үдерістерді моделдеудің объектілік, құрылымдық, үдерістік тәсілдерімен, бизнес-талдаудың және ақпараттық процестерді реинжинирингтеудің негізгі тұжырымдамаларымен таныстырады

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Информациялы-коммуникацилық технологиялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Ақпараттық жүйелер модельдерін, ақпараттық үдерістерді ұйымдастыруды, жүйелерде ақпаратты жіберудің негіздерін білетін және ақпараттық жүйелерді зерттеумен, өңдеумен және сүйемелдеумен байланысты мәселелерді шешуде білімдерін қолдана алатын мамандарды даярлау.
Міндет
  • ақпараттық жүйелердің құрамы мен жалпы құрылымымен таныстыру
  • ақпараттық үдерістің құрылымы, ақпаратты жіберу жүйелеріндегі кодтау әдістері туралы түсініктер қалыптастыру
  • ақпарат үдерістің моделін тұрғызу және ақпаратты оңтайлы жинау, сақтау, жіберу және өңдеуді ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін білім мен дағдыларды алу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • ақпараттық жүйелердің құрамы мен құрылымы, ақпарат теориясы мен кодтаудың негізгі түсініктері туралы білімдерін көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • ақпараттық жүйелерді әзірлеу мен жобалауда жүйелік зерттеудің заманауи әдістерін қолдану
  • ақпараттық үдерістің моделін тұрғызу
  • ақпаратты оңтайлы жинау, сақтау, жіберу және өңдеу тапсырмаларын шешу
  • жүйелерді жобалау кезінде объектіге бағытталған модельдеу әдістемесін және UML метамодельдерін қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • ақпараттық жүйелердің құрамы, құрылымы, негізгі компоненттері бойынша пайымдаулар қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • командада жұмыс жасау, өз көзқарасын қорғау, ақпараттық жүйелерді әзірлеуде жаңа шешімдер ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • қажетті ақпаратты жинау, оны жүйелеу және жалпылау, алған білімдерін ақпараттық үдерістер мен жүйелерді сипаттау кезінде пайдалану
Оқыту әдістері

интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: басқарылатын пікірталас немесе әңгіме; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; миға шабуыл; мотивациялық сөйлеу)

ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін қолдана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар)

іздеу-зерттеу технологиялары (оқу процесінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі).

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Зертханалық жұмыс 1 0-100
Зертханалық жұмыс 2
Зертханалық жұмыс 3
Зертханалық жұмыс 4
Зертханалық жұмыс 5
Рубеждік бақылау 1
2  рейтинг Зертханалық жұмыс 6 0-100
Зертханалық жұмыс 7
Зертханалық жұмыс 8
Зертханалық жұмыс 9
Зертханалық жұмыс 10
Рубеждік бақылау 2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бақылау сұрақтары бойынша әңгімелесу жүйелі түрде теориялық білімін көрсетеді, терминологияны меңгерген, құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді қорытындылар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, өз ойын еркін жеткізе алады және нақтылау сұрақтарына жылдам жауап бере алады. теориялық білімін жақсы деңгейде көрсетеді, терминологияны меңгерген, құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді қорытындылар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді, бірақ сонымен бірге, мұғалімнің көмегімен не өз бетінше болмашы қателерді түзете алады теориялық білімі таяз, құбылыстар мен процестерді талдауда нашар қалыптасқан дағдыларды көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасау және мысалдар келтіру қабілеті жеткіліксіз, монологтық сөйлеуде, терминологияда, логикалық және баяндау жүйелілігін жеткілікті деңгейде меңгермеген, қателерін өз бетінше түзете алмайды. пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен процестерді талдау дағдыларының қалыптаспағанын көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасауды және мысалдар келтіруді білмейді, монологтық сөйлеуді нашар меңгереді, терминологияны білмейді, логикалық және жүйелілік жетіспеушілігін көрсетеді, мұғалімнің түзетуімен де түзете алмайтын қателіктер жібереді, сабақта жауап беруден бас тартады
Зертханалық сабақтарда жұмыс жасау қажетті іс-әрекеттер ретін сақтай отырып, зертханалық жұмыстарды толық көлемде орындайды; есепхатта қатесіз бағдарлама кодын және блок-схеманы келтіреді. Сұрақтарға жауап беру кезінде сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарға нақты анықтама беріп, түсіндіреді; жауапты мысалдармен бекітеді; оқытылатын материал мен бұрын зерттелген материал арасында байланыс орната алады; оқытушы берген зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындайды. «5» бағасына қойылатын талаптарды орындайды, бірақ 2-3 кемшіліктері бар; есепхаттағы бағдарлама коды мен блок-схемада шағын қателер бар. Студенттің сұрақтарға жауабы «өте жақсы» деген бағаға қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ бұрынғы зерттеулермен байланысы жоқ; болмашы қателер мен олқылықтар жіберілген болса, студент оларды өз бетінше немесе мұғалімнің кішкене көмегі арқылы түзете алады; зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындау кезінде бағдарлама кодында болмашы қателер жібереді. жұмысты толыққанды орындамайды, бірақ зертханалық жұмысты орындау көлемі 50% кем емес; жұмыс барысында қателіктер жіберілген. Сұрақтарға жауап беру кезінде студент сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта курс сұрақтарын меңгеруде бағдарламалық материалды одан әрі меңгеруге кедергі келтірмейтін кейбір мәселелер туындайды; зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындау кезінде бағдарламалық кодта немесе блок-схемада қателер жібереді. жұмысты толық орындамайды немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; 3 деген бағаға сай көп қателер мен кемшіліктер жібереді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды; оқытушы берген зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындай алмайды.
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Ақпаратты анықтау, ақпаратты ұсыну нысандары, ақпарат айналымының кезеңдері
  • Энтропия, энтропияның қасиеттері
  • Тасымалдау процесінің модельдері
  • Жүйеде ақпарат беру: ақпарат көзі, қабылдағыш; ақпараттық арна және ақпараттық орта
  • Сигналдардың математикалық модельдері
  • Кодтау теориясының жалпы түсініктері
  • Шуға төзімді кодтау
  • Сызықтық топтық кодтар
  • Жүйе ұғымы, жүйелердің қасиеттері
  • Басқару жүйесі ретінде АЖ-ға кибернетикалық көзқарас
  • Ақпараттық жүйенің құрылымы
  • Ақпараттық жүйелердің жіктелуі: тапсырмалар құрылымы бойынша, функционалдық мүмкіндіктері бойынша, басқару деңгейлері бойынша, автоматтандыру дәрежесі бойынша және т
  • UML тіліне кіріспе
  • Құрылымдық модельдеу негіздері: класстар, атаулар, атрибуттар, операциялар
  • UML диаграммалары: қолдану жағдайлары, сыныптар, әрекеттер, тізбектер
Негізгі әдебиет
  • Айтчанов Б.Х. , Яскевич Т.В. Основы информационных систем: Учебно-методический комплекс дисциплины. – Алматы, 2012. – 71с.
  • Теория информационных процессов и систем : учебник /Ю. Ю. Громов, В. Е. Дидрих, О. Г. Иванова, В. Г. Однолько. – Тамбов : Изд-во ФГБОУ ВПО «ТГТУ», 2014. – 172 с.
  • Литвинская О.С. Основы теории передачи информации : учебное пособие / О.С. Литвинская, Н.И. Чернышёв. — М. : КНОРУС, 2017. — 168 с.
  • Лебедько Е.Г. Математические основы передачи информации, ч. 5:учеб. пособие для вузов. СПб: СПбГУИТМО, 2010. 93 с.
  • Буч Г., Рамбо Д., Якобсон И. Язык UML. Руководство пользователя. 2-е изд.: Пер. с англ. Мухин Н. – М.: ДМК Пресс, 2006. – 496 с.: ил.
  • Иванов Д. Ю., Новиков Ф. А. Основы моделирования на UML: Учеб. пособие. – СПб.: Изд-во Политехн. ун-та, 2010. – 249с.
Қосымша әдебиеттер
  • Айтчанов Б.Х.,Т.В. Яскевич. Теория информации: Учеб. пособие – Алматы: КазНТУ, 2009. – 110 с.
  • Прохорова, И.А. Теория систем и системный анализ: учебное пособие/И.А. Прохорова. – Челябинск: Издательский центр ЮУрГУ, 2013.
  • Бурцева, И.П. Рак, А.В. Селезнев, А.В. Терехов, В.Н. Чернышов. Информационные системы. Учебное пособие /- Тамбов : Изд-во Тамб. гос. техн. ун-та, 2009. - 128 с.