Қазақстан тарихы
Айдарбаева Раушан Кайсановна
Сипаттама: Курстың зерттелуі оның Қазақстан қоғамының болмысын нығайтудағы, халықтың өзін-өзі тануы, жаңа мыңжылдықтағы интеллектуалдық серпіліс қажеттілігіне байланысты міндеттерді жүзеге асырудағы орасан зор рөліне байланысты. Жаңа Қазақстан мақсаттарын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қоғамының рухани-идеологиялық өзегі болуы керек
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Қазақстан Тарихы. Мектеп курсы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | мемлекеттік емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Ауызша билет бойынша мемлекеттік емтихан |
Компонент: Міндетті компонент
Цикл: Жалпы білімдік пәндер
Мақсат
- Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі негізгі даму кезеңдері туралы объективті тарихи білім беру
Міндет
- 1) білім алушыларды фундаментальді деректанулық және тарихнамалық материалдармен, сондай-ақ қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының жетістіктермен таныстыру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Қазақстан тарихы дамуының негізгі кезеңдерін білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қазақстанның өткен тарихи процестері мен құбылыстарын зерделеу кезінде аналитикалық және аксиологиялық талдау дағдыларын меңгеру;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- қазіргі қазақстандық даму моделінің имманентті ерекшеліктерін объективті және жан-жақты түсіне білу;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Тарихи өткеннің құбылыстары мен оқиғаларын сыни талдау арқылы адамзат қоғамының бүкіләлемдік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру;
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Қазақстан тарихының тарихи құбылыстары мен үдерістерін жүйелеу және сыни бағалау.
Оқыту әдістері
1) интерактивті және сандық технологиялар; 2) оқытудың жобалық әдістері; 3) проблемалық оқыту технологиялары; 4) геймификация.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Ауызша сұрау (практикалық тапсырма) | 0-100 |
Жазбаша жұмыс (СӨЖ тапсырма) | ||
Бақылау жұмысы (тестілеу) | ||
2 рейтинг | Ауызша сұрау (практикалық тапсырма) | 0-100 |
Жазбаша жұмыс (СӨЖ тапсырма) | ||
Бақылау жұмысы (тестілеу) | ||
Қорытынды бақылау | мемлекеттік емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Ауызша сұрау (практикалық тапсырма) | Барлық теориялық сұрақтарға дұрыс және толық жауаптар берілді; Материал логикалық дәйектілікті сақтай отырып, сауатты баяндалды; шығармашылық қабілеттері көрсетілді. | Барлық теориялық сұрақтарға дұрыс, бірақ толық емес жауаптар берілді, елеусіз қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберілді; практикалық тапсырма орындалды, бірақ шамалы қателік жіберілді; Материал логикалық дәйектілікті сақтай отырып, дұрыс баяндалды. | Теориялық сұрақтарға жауаптар негізінен дұрыс, бірақ толық емес, тұжырымдардағы дәлсіздіктер мен логикалық қателіктер жіберілді; практикалық тапсырма толық орындалмады; Материал дұрыс баяндалған, бірақ логикалық реттілік бұзылған. | Теориялық сұрақтарға жауаптар өрескел қателіктерден тұрады; практикалық тапсырма орындалмады; жауаптың презентациясында терминологиялық қателіктер жіберілді, логикалық реттілік бұзылды. |
Жазбаша жұмыс (СӨЖ тапсырмасы) | Барлық теориялық сұрақтарға дұрыс және толық жауаптар берілді; Материал логикалық дәйектілікті сақтай отырып, сауатты баяндалды; шығармашылық қабілеттері көрсетілді. | Барлық теориялық сұрақтарға дұрыс, бірақ толық емес жауаптар берілді, елеусіз қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберілді; практикалық тапсырма орындалды, бірақ шамалы қателік жіберілді; Материал логикалық дәйектілікті сақтай отырып, дұрыс баяндалды. | Теориялық сұрақтарға жауаптар негізінен дұрыс, бірақ толық емес, тұжырымдардағы дәлсіздіктер мен логикалық қателіктер жіберілді; практикалық тапсырма толық орындалмады; Материал дұрыс баяндалған, бірақ логикалық реттілік бұзылған. | Теориялық сұрақтарға жауаптар өрескел қателіктерден тұрады; практикалық тапсырма орындалмады; жауаптың презентациясында грамматикалық, терминологиялық қателіктер жіберілді, логикалық реттілік бұзылды. |
тестілеу | сұрақтарға 90-100 % дұрыс жауап бар | сұрақтарға 70-89 % дұрыс жауап бар | сұрақтарға 50-69 % дұрыс жауап бар | сұрақтарға 00-49 % дұрыс жауап бар |
Ауызша билет бойынша мемлекеттік емтихан | Барлық теориялық сұрақтарға дұрыс және толық жауаптар берілді; матер | Барлық теориялық сұрақтарға дұрыс, бірақ толық емес жауаптар берілді, елеусіз қателіктер немесе дәлсіздіктер жіберілді; материал логикалық дәйектілікті сақтай отырып сауатты баяндалды. | Теориялық сұрақтарға жауаптар дұрыс, бірақ толық емес, тұжырымдарда дәлсіздіктер жіберілді, логикалық реттілік бұзылды. | Теориялық сұрақтарға жауаптарда өрескел қателер бар; |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы
- Монғол кезеңіне дейінгі Орталық Азиядағы түркі тілдес этностардың этномәдени интеграциясы
- Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (XIII-XV ғғ
- Қазақ халқының қалыптасуы
- ХVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы
- Қазақстандағы отарлық дәуірінің басы
- Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында: әкімшілік реформа (ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегі – ХХ ғ
- ХХ ғасыр басындағы Қазақстан
- Азаматтық-саяси қарама-қайшылықтар
- Кеңестік мемлекеттік құрылыс үлгісінің жүзеге асырылуы
- Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
- Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда: кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан
- Қазақстандағы «қайта құру» саясатының сипаты
- Тәуелсіздік және Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуы
- Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы
Негізгі әдебиет
- 1. Қазақстан тарихы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Е.А. Әбілдің жалпы редакциясымен. - Алматы: ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институты, ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уалиханов атыңдағы Тарих және этнология институты, 2022. - 352 бет. 2. Қазақстан тарихы (Қaзaқ Елі). 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан XIII ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1 кітап. / Т.О. Омарбеков, Г.Б. Хабижанова, Н.Д. Нұртазина, Б.Қ- Рахимебекова. - Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 310 б. 3. Қазақстан тарихы (Қaзaқ Елі). 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан XІІІ-ХVІІІ ғасырлардың алғашқы ширегінде. 2 кітап. / Т.О. Омарбеков, Г.Б. Хабижанова, Н.Д. Нұртазина, Б.Қ- Рахимебекова. - Алматы: Қазақ университеті, 2016. - 306 б. 4. Қазақстан тарихы (Қaзaқ Елі). 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан тоталитарлық және отаршылдық жүйеде. 3 кітап. / Т.О. Омарбеков, Г.Б. Хабижанова, Н.Д. Нұртазина, Б.Қ- Рахимебекова. – Алматы:Қазақ университеті, 2018. – 454 б. 5. Қазақстан тарихы (Қaзaқ Елі). 4 кітаптан тұратын оқулық. Тәуелсіз Қазақстан: алғышарттары және қалыптасуы. 4 кітап. / Т.О. Омарбеков, Г.Б. Хабижанова, Н.Д. Нұртазина, Б.Қ- Рахимебекова. – Алматы:Қазақ университеті, 2018. – 264 б. 6. Толеубаев, А. Т. Раннесакская шиликтинская культура [Текст]: научное издание / А. Т. Толеубаев. - Алматы: ИП «Садвакасов А. К.», 2018. - 528 с. 7. Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы: оқу құралы / Т.М. Әминов. – Алматы: «Бастау», 2017. – 472 бет. 8. Исмагулов О., Исмагулова А. Происхождение казахского народа. По данным физической антропологии. Алматы, 2017. – 196 с. 9. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Мектеп, 2017. – 656 б. 10. Абылхожин Ж.Б. Постсталинский период в истории советского Казахстана: череда обреченных реформ и несостоявшихся деклараций (1953 - 1991 гг.). – Алматы, КБТУ,2019. – 465 с. 11. Назарбаев Н. А. Эра независимости. – Астана: Атамұра, 2017–508 с. 12. Оразбаева А.И. Формула государственности казахов. - М.: ИП Лысенко А.Д. "PRESS-BOOK.RU", 2017. – 376 с. 13. Хафизова К.Ш. Степные властители и их дипломатия в XVIII-XIX веках. - Нур-Султан: КИСИ при Президенте РК, 2019. - 480 с. 14. Омарбеков. Т.О. 1929-1931 жылдардағы халық көтерілістері: зерттеу.– Алматы: Арыс, 2018. – 480 б. 15. Сартори П., Шаблей П. Эксперименты империи: адат, шариат и производство знаний в Казахской степи. – М.: Новое литературное обозрение, 2019. – 280 с
Қосымша әдебиеттер
- 1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 5-том. — Алматы: «Атамұра», 2010, 688 бет, суретті, карталы. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней). В 5-ти томах. Т.3. Алматы: Алматы кітап, 2010 – 312с. 2. Абылхожин Ж.Б. Страна в сердце Евразии: Сюжеты по истории Казахстана. - Алматы : Казак университетi, 1998. – 280 с. 3. Таймагамбетов Ж.К., Байгунаков Д.С. Қазақстанның тас дәуірі (зерттелу тарихы мен негізгі мәселелері). – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 266 б. 4. Зайберт В.Ф. Ботайская культура. – Алматы: Қазақпарат, 2009. – 576 с. 5. История древнего Казахстана / Под ред. Байпакова К.М. - 2-е изд. - Алматы: Рауан, 1996. - 112 с. 6. Кумеков Б.Е. Государство кимаков в IХ-ХI вв.– Алма-Ата, Наука, 1972 – 695 с. 7. Кәрібаев Б.Б. Қазақ хандығының құрылу тарихы. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2014.- 520 б. 8. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Ханы казахских степей. Астана: Астана Даму, 2006 - 256 с. 9. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб.: Петербургское Востоковедение, 2004 -368 с. 10. Омарбеков Т.О. Қазақстан тарихының ХХ ғасырдағы өзекті мәселелері. – Алматы: Өнер, 2003. – 552 б. 11. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII веках: история, политика, дипломатия. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. -592 с. 12. Ерофеева И.В. Символы казахской государственности (позднее средневековье и новое время). – Алматы: Дайк-Пресс,2001. -256 с. 13. Ерофеева И.В. Хан Абулхаир: полководец, правитель, политик. – Алматы:Дайк-Пресс, 2007. - 456 с. 14. Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. – Алматы: Горизонт, 1995. - 320 с. 15. Токаев К.К. Под стягом независимости: Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы:Білім, 1997. –736 с. 16. Акишев К. А., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алма-Ата: Изд-во АН КазССР, 1963. - 298 с. 17. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Т.1. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005-240 б. 18. Алимбай Н.А., Муканов М.С., Аргынбаев Х.А. Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки теории и истории. –Алматы: Ғылым, 1998. – 233 с. 19. Касымбаев Ж.К. Кенесары хан. – Алматы: Ана тiлi, 2002. – 200 с. 20. Мартин В. Закон и обычай в степи: Казахи Среднего жуза и российский колониализм в XIX в. – Алматы:КазАТиСО ,2012 - 692 с. 21. Нұрпейісов К. Алаш һәм алашорда. – Алматы: Ататек,1995 – 256 б.