Киберқауіпсіздік және ақпаратты қорғау
Сипаттама: Пән қорғау объектілерінің жіктелуін, ақпаратты қорғау әдістері мен құралдарын, ақпаратты қорғаудың бағдарламалық құралдарын (вирустардан қорғау, рұқсатсыз кіруден қорғау, ашық желілерде ақпаратты қорғау), қауіпсіздік жүйелерін құрудың негізгі принциптерін зерттейді. Киберқауіпсіздіктің негізгі түсініктері мен тұжырымдамалары, киберқауіптердің түрлері, желілердің, бағдарламалардың және деректердің тұтастығын цифрлық шабуылдардан қорғауға арналған әдістердің, технологиялардың және процестердің жиынтығы берілген. Киберкеңістікті қорғау үшін заманауи технологияларды қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны: 10
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 45 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 45 |
| СӨЖО | 60 |
| СӨЖ | 150 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Ақпараттық қауіпсіздік және киберқорғаныс саласында кешенді білім мен практикалық дағдыларды меңгерген, ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден, зиянды бағдарламалардан және кибершабуылдардан қорғаудың заманауи әдістері мен құралдарын тиімді қолдана алатын, сондай-ақ ақпараттық ресурстар мен киберкеңістіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеуге, енгізуге және сүйемелдеуге қабілетті мамандарды даярлау.
Міндет
- Ақпараттық қауіпсіздік пен киберқорғаныстың негізгі ұғымдарымен, қағидаттарымен және заңнамалық негіздерімен танысу;
- Ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден, зиянды бағдарламалардан және кибершабуылдардан қорғау технологиялары мен құралдарын зерделеу;
- Ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бағдарламалық құралдарды пайдалану бойынша практикалық құзыреттерді қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Бақылау сұрақтары бойынша әңгімелесу
- Зертханалық сабақтарда жұмыс жасау
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әдістер мен құралдарды таңдай білу
- Кибершабуылдарды және олардың белгілерін, ақпараттық қауіпсіздік процестері мен оларға қарсы қолданылатын шараларды
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Киберқауіптерден қорғау технологияларын қолдану және қорғаудың ұтымды шараларын таңдау бойынша пайымдаулар қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Командада жұмыс істей білу, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін практикалық дағдыларды қолдану
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Қажетті ақпаратты жинау, оны жүйелеу және қорыту, алынған білімді киберқауіптерден қорғау мақсатында практикада қолдану