Физика 1

Ерболатова Гульнара Уалхановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім кинематиканы, материалдық нүкте мен қатты дененің динамикасын баяндауға арналған. Екінші бөлімде молекулалық физика және термодинамика негіздері қарастырылады. Үшінші бөлімде электростатика, тұрақты ток және электрмагнетизм оқытылады. Электр және магнит өрістерінің өзара байланысын және табиғат бірлігін растайтын заңдар мен құбылыстар.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Физика. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
диф.сынақ
Қорытынды бақылау нысаны диф.сынақ
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты: «Физика» пәні бойынша жүйелі білім беру; физикалық құбылыстар мен негізгі идеяларды оқытып, үйрету; iргелi ұғымдарды, заңдарды, қазiргi заманғы классикалық физика теорияларын және физикалық зерттеу әдiстерiн меңгеру. Ғылыми көзқарас пен қазiргi заманғы физикаға сай ойлау жүйесiн қалыптастыру.
Міндет
  • Пәннің міндеттері: - Физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялар, әдiстер, тәжiрибелiк фактiлер жайлы бiлiмдi қалыптастыру; - Қазіргі замандағы ғылымның даму дәрежесіне сай әлемнiң ғылыми бейнесiн беретiн көзқарастарды қалыптастыру; - Өнеркәсіп техникасы және технологиясында физика заңдарын қолдану арқылы ғылыми техникалық өрлеудің негізгі бағыттарымен танысу; - Физиканың әртүрлi саласы бойынша нақты есептердi немесе мәселелердi шешу әдiстерi мен тәсiлдерiн меңгеру;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Студенттердің негізгі физикалық құбылыстар мен классикалық және қазіргі заманғы физика заңдарын, физикалық зерттеу әдістерін меңгеру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Студенттерді өлшеу аппаратурасымен таныстыру, эксперименталды зерттеулер жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларды талдау
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студенттердің ғылыми ойлауын және диалектикалық дүниетанымын, әртүрлі физикалық ұғымдардың, заңдардың, теориялардың қолданылу шекарасын дұрыс түсінуін және зерттеудің эксперименталды немесе математикалық әдістерінің көмегімен алынған нәтижелердің нақтылық дәрежесін бағалай білуін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • меңгеру; кәсіби қызметте базалық білімді қолдана білу; практикалық жұмыстың теориялары мен дағдыларын меңгеру; алынған нәтижелерді талдау, қажетті қорытынды жасау және ұсыныстарды тұжырымдау; зерттеулерде алынған нәтижелерді есеп түрінде ұсыну
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Студенттердің шығармашылық ойлау қабілетін, өзіндік танымдық іс-әрекет дағдыларын дамыту, компьютерді қолдана отырып физикалық жағдайларды моделдеу
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеулік (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу есептерін шешу.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Коллоквиум 0-100
Жеке тапсырмалар
Зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау
Аралық бақылау 1
Аралық бақылау 2
Коллоквиум
Жеке тапсырмалар
Зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау
Қорытынды бақылау диф.сынақ 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Механикалық қозғалыс – материя қозғалысының ең қарапайым түрі
  • Айналмалы қозғалыстың кинематикасы
  • Абсолют қатты дене туралы түсінік
  • Сақталу заңдары – кеңістік пен уақыт симметриясының салдары
  • Гармониялық тербелістердің жалпы сипаттамалары
  • Идеал газ
  • Соқтығысулардың орташа саны мен молекулалардың еркін жолының орташа ұзындығы
  • Термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясы
  • Қайтымды және қайтымсыз процестер
  • Электр зарядтарының өзара әсері
  • Электростатикалық өрістегі диэлектриктер
  • Электр тогының жалпы сипаттамасы және бар болу шарттары
  • Магниттік индукция векторы
  • Электрмагниттік индукцияның негізгі заңы
  • Максвелл теңдеулер жүйесі
Негізгі әдебиет
  • 1. Савельев И.В. Курс общей физики.496с., т. 2 М. Наука. 1998. 2. Трофимова Т.И. Краткий курс физики: Учебное пособие для вузов. Изд, 2-е, испр.-352 с, М: Высшая Школа, 2002. 3. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики: Учебкое пособие для втузов. Изд. 4-е, испр.-607 с. М.: Высшая школа, 1989. 4. Трофимова Т.И, Курс физики: Учебное пособие для инженерно-технических спеииальностей ВУЗов, Изд. 6-е/7-е - 542 с, М: Высшая Школа, 1999. 5. Грабовский Р.И. Курс физики: Учебник для ВУЗов. Изд. 6-е - 608 с. (Учебники для ВУЗов: Специальная литература), СПб:Лань, 2002. 6. Трофимова Т.И. Сборник задач по курсу физики для втузов: Учебное пособие для инженерно-технических специальностей высших учебных заведений. Изд. 3-е-384 с. М: Оникс 21 век/Мир и Образование, 2003. 7. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики для студентов технических вузов. Изд. доп. перераб. 327 с. СПб: Спец.лит, 2002. 8. Иродов И.Е. Задачи по общей физике М: Наука, 1999. 9. Беликов Б. Решение задач по физике. - М.: Высшая школа, 1986. 10.Чертов А., Воробьёв А. Задачник по физике. - М.: Высшая школа, 1981.
Қосымша әдебиеттер
  • 11. Фейнман Р., Лейтон Р., Сэндс М. Фейнмановские лекиии по физике. Т.5, Электричество и магнетизм. Мир.,М., 1977. 12. Парселл, Электричество и магнетизм. Беркелеевский курс физики, Том 2, перевод с англ.яз. Изд.Наука, физ.мат.лит., 1975. 13. Калашников С.Г. Электричество. Изд. Паука, М., 1975. 14. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. - Электричество и магнетизм. - М.Высшая школа, 1983. 15. Сивухин Л.В. Общий курс физики, М-Наука, 1977-1986, Т. 1-5. 16. Козел С.М., Лейман В.Г.,Локшин Г.Р. и др. Сборник задач по обшему курсу физики: ч.2: Электричество и магнетизм, Оптика: Учебное пособие для вузов (под редакцией Овчинкина В.А.). Изд. 2-е, испр.-368 с(Физика). М: МФТИ, 2000.