Физика 2
Сипаттама: Курс тербелістер мен толқындар теориясына арналған. Екінші бөлімде геометриялық оптика және толқындық оптика элементтері баяндалады. Жалпы қасиеттермен қатар жарық толқындарының ерекшеліктері байқалады. Келесі бөлімде сәулеленудің кванттық табиғаты зерттеледі. Кванттық статистика және конденсирленген күй физикасы элементтері беріледі. Қорытынды бөлімде атом ядросы мен элементар бөлшектер физикасының элементтері баяндалады.
Кредиттер саны: 6
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттердің физика саласында, болашақ инженерлерге ғылыми және техникалық ақпарат ағымында бағдарлануға мүмкіндік беретін және оларға маманданған техника салаларында жаңа физикалық принциптерді пайдалануға мүмкіндік беретін теориялық дайындық негіздерін жасау.
Міндет
- Физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдар, теориялар, әдiстер, тәжiрибелiк фактiлер жайлы бiлiмдi қалыптастыру; - Қазіргі замандағы ғылымның даму дәрежесіне сай әлемнiң ғылыми бейнесiн беретiн көзқарастарды қалыптастыру; - Өнеркәсіп техникасы және технологиясында физика заңдарын қолдану арқылы ғылыми техникалық өрлеудің негізгі бағыттарымен танысу; - Физиканың әртүрлi саласы бойынша нақты есептердi немесе мәселелердi шешу әдiстерi мен тәсiлдерiн меңгеру; - Қазiргi замандағы жаңа ғылыми аспаптармен танысу, болашақ мамандығының қолданбалы есептерiн шығарғанда физикалық модельдеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Негізгі физикалық құбылыстар мен заңдарды, классикалық және заманауи физиканың әдістері, физикалық зерттеу; қолданылу шекарасы әр түрлі физикалық ұғымдар, заңдар, теориялар
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Студенттерді өлшеу аппаратурасымен таныстыру, эксперименталды зерттеулер жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларды талдау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ғылыми және техникалық ақпарат ағынында бағдарлай білу және кәсіби қызметте жаңа физикалық принциптерді пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Өз еңбегін ұйымдастыра білу, өз қызметінің нәтижелерін үлкен дербестік дәрежесімен бағалау, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгеру; кәсіби қызметте базалық білімді қолдана білу; практикалық жұмыстың теориясы мен дағдыларын меңгеру; алынған нәтижелерді талдау, қажетті қорытындылар жасау және ұсыныстар тұжырымдау; зерттеулерде алынған нәтижелерді есеп түрінде ұсыну.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кәсіби салада жаңа білім алу және білім алуды жалғастыру дағдыларын меңгеру, кәсіби және жеке өсуге ұмтылу.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеулік (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу есептерін шешу.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Коллоквиум | 0-100 |
Жеке тапсырмалар | ||
Зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау | ||
Аралық бақылау 1 | ||
2 рейтинг | Аралық бақылау 2 | 0-100 |
Коллоквиум | ||
Жеке тапсырмалар | ||
Зертханалық жұмыстарды орындау және қорғау | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Гармоникалық тербелістер, олардың параметрлері
- Тербелістерді қосу
- Мәжбүрлі тербелістер
- Толқындық қозғалыс
- Жарық рироды
- Жарық дифракциясы
- Жарықтың дисперсиясы және жұтылуы
- Жарықтың поляризациясы
- Кванттық оптика
- Фотоэффект
- Радиацияның сызықтық спектрлерінің заңдылықтары
- Корпускулярлық-толқындық дуализм
- Кванттық статистика туралы түсінік
- Конденсацияланған күй
- Атом ядросы, оның құрылымы мен қасиеттері
Негізгі әдебиет
- 1 Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики, - М.: Высшая школа, 1989. 2. Трофимова Т.И. Курс физики. – М.: Высшая школа, 2003. 3. Савельев И.В. Курс физики, т. 1- 3. – М.: Наука, 1989. 4. Физика курсының лекциялары: жоғары орын. студенттеріне арналған оқу құралы Ж. Абдула, Т.Аязбаев; ҚР жоғары оқу орын. қауымдастығы.- Алматы, 2012 5. Жалпы физика курсы. Т.Бижигитов,2013 6. Трофимова Т.И. Курс физики учебное пособие для вузов. М.: академия, 2004
Қосымша әдебиеттер
- 7. Стрелков С.П. Механика. - М.: Наука, 1975. 8. Матвеев А.Н. Молекулярная физика. – М.: Высшая школа, 1987. 9. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. - М.: Высшая школа, 1983. 10. Матвеев А.Н. Оптика. - М.: Высшая школа, 1985. 11. Матвеев А.Н. Атомная физика. - М.: Высшая школа, 1990. 12. Фриганг Е.В. Руководство к решению задач по курсу общей физики. – М.: Высшая школа, 1978. 13.Чертов А.Г. Единицы физических величин. – М.: Высшая школа, 1977. 14. Плотников А.Л. Лекции по физике. Учебное пособие / Изд-во ВКГТУ. – Усть-Каменогорск, 2004. – 176 с. 15. Фриш, С.Э. Курс общей физики / С.Э. Фриш, А.В. Тиморева. - М.: ГИТ-ТЛ, 1957. - Т. 3. - 608 с. 16. Гольдин, Л.Л. Введение в квантовую физику / Л.Л. Гольдин, Г.И. Новикова. - М.: Наука, 1988. - 656 с. 17. Иродов, И.Е. Сборник задач по атомной физике и ядерной физике / И.Е. Иродов. - М.: Энергоатомиздат, 1984. - 215 с. 18. Кислов, А.Н. Атомная и ядерная физика / А.Н. Кислов. – Екатеринбург: из. Уральского Университета, 2017. – 276 с. 19. Волькенштейн В.С. Сборник задач по общему курсу физики. – М.: Наука, 1985. 20. Жаксылыкова А.А. Физика. Учебно-методическое пособие к практическим занятиям и самостоятельной работе для студентов технических вузов. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2007. 21. Жаксылыкова А.А., Паюк В.А. Физика II. Конспект лекций для дистанционного обучения. - Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2008.