Қорғасын, мырыш және кадмий металлургиясы
Бахтиярова Зухра Маратовна
Сипаттама: Қорғасын, мырыш және кадмий шикізат базасымен және олардың кендері мен концентраттарын қайта өңдеудің технологиялық схемаларымен танысу, қорғасын, мырыш және кадмий алу кезінде металлургиялық агрегаттарда өтетін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық процестердің негізгі термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын зерделеу; олардан құнды компоненттерді алу мақсатында өндірістің аралық өнімдерін қайта өңдеу әдістері мен технологияларын зерделеу; негізгі технологиялық жабдықтың жұмысы.
Кредиттер саны: 8
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 45 |
СӨЖО | 45 |
СӨЖ | 120 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттердің қорғасын, мырыш және кадмий өндірудің теориялық негізін, қорғасын, мырыш және кадмий өндірісінің заманауи күйін және осы саланың даму болашағын игеруі болып табылады.
Міндет
- студенттерді қорғасын, мырыш және кадмийді өндіру кезінде металлургиялық агрегаттарында жүретін үрдістердің негізгі заңдылықтары туралы заманауй түсініктерінің болуы, қорғасын, мырыш және кадмийді алу процестерінің технологиялық үрдістерінің, материалдық және жылулық баланстарын есептеу әдістерін игеру, сонымен қатар студенттерді іс-тәжірибелік қызметтерде қолдану үшін жаратылыстану-ғылыми сипаттағыы терең біліммен қамтамасыз ету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- қорғасын, мырыш және кадмийдің шикізат базасын және құрамында қорғасын, мырыш және кадмийі бар материалдарды өңдеудің технологиялық сұлбаларыын білу; - қорғасын, мырыш және кадмийді алу кезінде металлургиялық агрегаттарда жүретін пирометаллургиялық және гидрометаллургиялық үрдістердің негізгі термодинамикалық және кинетикалық заңдылықтарын және теориялық негіздерін түсінуі және білуі тиіс - қорғасын, мырыш және кадмий өндірісінің аралық өнімдерін өңдеп, олардан бағалы құрауыштарды бөліп алу жолдары мен технологияларын түсінуі және білуі тиіс;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- қорғасынды өндіру кезінде пайдаланылатын автогендік үрдістердің технологиясын және теориялық негізін түсінуі және білуі тиіс; - негізгі технологиялық жабдықтардың құрылысын және жұмыс істеп принциптерін түсінуі және білуі тиіс; - металлургиялық үрдістерді теориялық және іс-тәжірибелік зерттеудің негіздерін түсінуі және білуі тиіс;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - қорғасын, мырыш және кадмийді алу процестерінің технологиялық есептеулерін түсінуі және оларды шығаруға қолдануы - алынған білімді қорғасын, мырыш және кадмийді алудың технологиялық процестерін зерттеу үшін түсіну және қолдану - қорғасын, мырыш және кадмийді алу процестерінің технологиялық есептеулерін жүргізу үшін математикалық, жаратылыстану-ғылыми пәндер, арнайы пәндердің негізгі заңдарын пайдалану
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - металлургиялық процестердің теориялық және тәжірибелік зерттеулерін жүргізу; - қорғасын, мырыш және кадмийді өндіру процестері бойынша зерттеулік жұмыстардға әдебиеттік шолу жасау; - қорғасын, мырыш және кадмийді өндірудің технологиялық процестерін зерттеу нәтижелерін қорытындылау және түсіндіру
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - орындалған зерттеулік жұмыстар бойынша есептеме дайындау - зерттеулік жұмыстарды орындау нәтижелері бойынша ақпараттар беру; - командада жұмыс істей білу; - зерттеулік жұмыстардың және қорғасын, мырыш және кадмийді алу процестерінің технологияларын талдау негізінде негізгі проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын табу;
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - проблемалық-бағытталған оқытылу - оқулық дебаттар, пікір таластар - оқу-зерттеулік қызметтердің технологиясы;
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Есептер, ауызша сұрақтар | 0-100 |
Бақылау сұрақтары | ||
Тест | ||
2 рейтинг | Есептер, ауызша сұрақтар | 0-100 |
Бақылау сұрақтары | ||
Тест | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Бақылау мәселелері бойынша сұхбаттасу | Жүйелік теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін және нақтылау сұрақтарына тез жауап беру қабілетін көрсетеді | Студент күшті теориялық білімді көрсетеді, терминологияны біледі, логикалық және дәйекті түрде мәнін, құбылыстары мен процестерін түсіндіреді, дәлелді тұжырымдар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологиялық сөйлеуді еркін меңгергендігін көрсетеді, бірақ сонымен бірге мұғалімнің өз бетінше немесе шамалы түзетуімен түзететін маңызды емес қателіктер жетеді | Төмен теориялық білімді көрсетеді, құбылыстар мен процестерді талдаудың нашар қалыптасқан дағдыларын, дәлелді қорытынды жасай алмайтындығын және мысалдар келтіре алмайтындығын көрсетеді, монологиялық сөйлеуді, терминологияны, логиканы және презентация дәйектілігін жете білмейді, мұғалім түзеткен кезде ғана түзете алатын қателіктер жетеді | Пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен процестерді талдаудың қалыптаспаған дағдыларын көрсетеді, дәлелді қорытынды жасай алмайды және мысалдар келтіре алмайды, монологиялық сөйлеуді нашар меңгергендігін көрсетеді, терминологияны білмейді, презентацияның қисындылығы мен дәйектілігінің жоқтығын көрсетеді, тіпті мұғалім алмайтын қателіктер жібереді, сабаққа жауап беруден бас тартады |
Практикалық (семинарлық) сабақтарда жұмыс істеу | Қажетті әрекеттер тізбегін сақтай отырып, практикалық жұмысты толық көлемде орындады; жауапта барлық жазбаларды, кестелерді, суреттерді, сызбаларды, графиктерді, есептеулерді дұрыс және ұқыпты орындайды; қателерді талдауды дұрыс орындайды. Сұрақтарға жауап беру кезінде ол сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарды дәл анықтайды және түсіндіреді; жауапты жаңа мысалдармен сүйемелдейді, білімді жаңа жағдайда қолдана алады; зерттелген және бұрын зерттелген материал, сондай ақ басқа пәндерді оқу кезінде алынған материал арасында байланыс орната алады. | "5" бағасына қойылатын талаптарды орындады, бірақ 2 3 кемшіліктер жіберілді. Білім алушының сұрақтарға жауабы 5-ке жауапқа қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ жаңа жағдайда білімді қолданбай, бұрын зерттелген материалмен және басқа пәндерді оқу кезінде игерілген материалмен байланысты пайдаланбай беріледі; бір қателік немесе екіден көп емес кемшілік жіберілді, білім алушы оларды дербес немесе оқытушының аздаған көмегі арқылы түзете алады. | Жұмысты толық орындамады немесе жұмыстың орындалған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде Бағдарламаның талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; 3 бағалау үшін қажет болғаннан көп қателіктер мен кемшіліктер жіберілді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды.50% - ы, бұл дұрыс нәтижелер мен қорытындылар алуға мүмкіндік береді; жұмыс барысында қателіктер жіберілді. Сұрақтарға жауап беру кезінде білім алушы сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта бағдарламалық материалды одан әрі игеруге кедергікелтірмейтін курс сұрақтарын игеруде жекелеген проблемалар бар; бір өрескел қателік пен екі кемшіліктен артық емес жіберілді. | Жұмысты толық орындамады немесе жұмыстың орындалған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде Бағдарламаның талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; 3 бағалау үшін қажет болғаннан көп қателіктер мен кемшіліктер жіберілді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Қорғасынның кендері мен минералдары
- Сульфидтік қорғасын концентраттарын реакциялық балқыту
- Қорғасынның металлургиясындағы автогендік процестердің теориялық негізі
- КИВЦЭТ-ЦС и КИВЦЭТ- КФ процестер
- Қара қорғасынды рафинациялау (тазарту)
- Шахталық балқыту өнімдерін қайта өңдеу
- Мырыштың кендері мен минералдары
- Мырыш концентраттарын күйдіру
- Күйдірілген мырыш концентраттарын ерітінділеу
- Сульфаттық мырыш ерітінділерін тазарту
- Мырышты электролиттік жолмен алу
- Мырыш өндірісінің өнеркәсіптік өнімдерін пирометаллургиялық әдістермен өңдеу
- Мырыш өндірісінің өнеркәсіптік өнімдерін гидрометаллургиялық әдістермен өңдеу
- Кадмийдің минералдары мен кендері
- Мыс-кадмий кектерін өңдеу
Негізгі әдебиет
- 1. Кляйн С.Э. и др. Лабораторный практикум по дисциплине «Металлургия тяжелых цветных металлов». Екатеринбург: УГТУ-УПИ, 2019. 60 с. 2. В.П. Быстров, Ю.П. Романтеев Металлургия тяжелых цветных металлов//-М. Изд дом МИСиС, 2010 г. 3. Марченко Н.В., Вершинина Е.П., Гильдербрандт Э.М., Металлургия тяжёлых цветных металлов// - Красноярск, СФУ, 2019. 4. Уткин Н.И., Производство цветных металлов//-М., «Интернет инжиниринг», 2002. 5. Комплексная переработка минерального, вторичного и техногенного сырья тяжелых цветных металлов. Технологии производства тяжелых цветных металлов: в 3 ч. Ч. 1. Металлургия свинца, цинка и кадмия, Сибирский Федеральный Университет, 2018 г. 6. В.С.Жаглов, З.В. Шерегеда, Металлургия свинца, цинка и кадмия. Курс лекций //- Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 7. 2012, В.С.Жаглов, З.В. Шерегеда, Металлургия свинца, цинка и кадмия. Задания на самостоятельную работу и методические указания по их выполнении//- Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2012 8. В.С. Жаглов, З.В. Шерегеда Металлургия свинца, цинка и кадмия. Методические указания по выполнению лабораторных работ//- Усть-Каменогорск, ВКГТУ, 2012. 9. Beloglazov, I.N., Morachevskii, A.G., and Zhmarin, E.E., Kineticheskie zakonomernosti protsessov rastvoreniya i vyshchelachivaniya (Kinetics of Dissolution and Leaching), Moscow: Ruda i Metally, 2020.
Қосымша әдебиеттер
- https://www.ektu.kz/researchlibrary/newarrival.aspx,
- http://www.lib.ektu.kz/cgi/irbis64r_15/cgiirbis_64.exe?LNG=&C21COM=F&I21DBN=BOOCU&P21DBN=POLN