Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы
Сипаттама: «Тау-кен кәсіпорнының құрылысы» пәні шахталық құрылыс саласындағы, тау-кен кәсіпорындарының құрылысы және қалпына келтіру саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру және техникасы бойынша білімді тау инженерлерін, кәсіби мамандарды дайындау үшін негізгі пән.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Тау-кен өндірісінің негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 45 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 45 |
СӨЖ | 120 |
курстық жоба | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Осы пәнді оқу барысында студенттер тік және жазық күрделі қазбаларды, еңіс спиралді съезін және кеніштер мен шахталардың жер бетіндегі ғимараттарын жайластырудың тиімді технологиялық сұлбаларын есептеу және таңдау бойынша теориялық және практикалық дағдыларға ие болу керек.
Міндет
- Пәннің міндетіне үңгілеу циклындағы, тау-кен кәсіпорындарының құрылысы технологиясының негізгі параметрлерін өз бетімен есептеу дағдылары.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Студенттер осы пәнді оқыған соң тау-кен кәсіпорындарының құрылысы, кеніштер мен шахталардың құрылысының кезеңдері, жұмыс істеп тұрған кеніштердегі оқпандарды тереңдету, негізгі технологиялық сұлбаларды оқи алу және құрастыру, жұмысты ұйымдастыру, құрылыстың арнайы әдістерін білу және түсіну қажет.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- тау-геологиялық графиканы оқу, кенорнын қазып алудың кез келген сатысында кенорнының тілмесін салу; - технологиялық тапсырмаларды шешу; - тау жұмыстарының дамуының тиімді бағытын анықтау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Бос жыныстар мен кен қоймаларының үймелерін жобалау; Белгілі бір тау геологиялық шарттарда технологиялық жабдықтар кешенін таңдау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Тау-кен кәсіпорындарының технологиясы және тау-кен кәсіпорындарының құрылысын ұйымдастыру саласындағы тапсырмаларды шешудің тәжірибелік дағдылары.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Пәнаралық көзқарасты интегралдау қабілеті: жалпы категориялар рефлексімен қатар әртүрлі типтегі әдістемелер. Қазбаларды жүргізу және тіреу жұмыстарын; Тау- кен жұмыстарының жоспарларымен жұмыс істей білуі керек.
Оқыту әдістері
- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Лекцияны талқылау | 0-100 |
Пратикалық сабақтарды орындау | ||
Реферат (презентация) | ||
Жеке семестрлік тапсырма | ||
2 рейтинг | Лекцияны талқылау | 0-100 |
Пратикалық сабақтарды орындау | ||
Реферат (презентация) | ||
Жеке семестрлік тапсырма | ||
Қорытынды бақылау | емтихан, курстық жоба | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Оқпандардың көлденең қимасының өлшемдері және мөлшерлері
- Жалпы мағлұматтар
- Оқпан құрылысының технологиялық сұлбасы
- Бұрғылау жару жұмыстары
- Оқпанды желдету
- Жыныстарды тиеу
- Үңгілеу көтеру
- Сутөкпе
- Жабдық кешендерін сығылғын ауамен қамтамасыз ету
- Тұрақты бекітпені орнату
- Кешендерді қолдану арқылы оқпандардың құрылысы
- Клетті оқпанның оқпан албарларымен жанасуын кесу
- Тиеу құрылғылары мен бункерлердің камераларымен скипті оқпанның жанасуын қиылыстыру
- Оқпандарды армировкалау
- Күрделі тау-кен геологиялық жағдайларда оқпандарды салу технологиясы
Негізгі әдебиет
- 1 А.Г, Протосеня, И.Е. Долгий, В.И. Очкуров Строительство горных предприятий и подземных сооружений/ Национальный минерально-сырьевой университет Горный, Санкт-Петербург, 2015 г., 388 стр 2 Пучков Л.А., Жежелевский Ю.А., Подземная разработка месторождений полезных ископаемых том 1, Москва: Издательство МГГУ «Горная книга», 2009. С.-562 3 Пучков Л.А., Жежелевский Ю.А., Подземная разработка месторождений полезных ископаемых том 2, Москва: Издательство МГГУ «Горная книга»,2013. С-720
Қосымша әдебиеттер
- 4 И.Д. Насонов., В.А., Федюкин., М.Н. Щуплик «Технология строительства подземных сооружений» Учебник для ВУЗов в трех книгах. М.: Недра. 2003 5 М.И. Вяльцев «Технология строительства горных предприятий в примерах и задачах». М.: Недра,2002 6 В.В. Смирняков, В.И.Вихарев, В.И. Очкуров «Технология строительства горных предприятий» М.: Недра, 2002 7 Н.И. Покровский «Технология строительства подземных сооружений и шахт». Учебник в 2 книгах. М.: Недра, 2002