Тау жыныстарын жарылыспен бұзу
Абдрашева Замира Жомартовна
Сипаттама: Пән тау жыныстары бұзылған кезде жарылыс жұмыстары саласында білім алушыларды даярлаудың негізі болып табылады. Курстың бөлімдері: Өнеркәсіптік ЖЗ-дың жалпы сипаттамасы. Шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылау әдістері. Жарылыс жұмыстарын жүргізетін объектілерде қолданылатын технологияның, материалдар мен техникалық құрылғылардың конструктивті және технологиялық сипаттамалары.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Геология негіздері
- Тау жыныстары физикасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәннің алға койған мақсаты білікті мамандарды және жарылыс ісі аймағында тау инженерлерін дайындау. Пәннің есептері - студенттерге техникалық құралдар және әртүрлі жару әдістері туралы білім беру, және оларды нақты тау-геологиялық және табиғи-климаттық шарттарында қолдана білу.
Міндет
- Пәннің негізгі бағыты студенттердің тәжірибелік іс-әрекетінде теориялық білімді сауатты қолдану. Пәннің бағыты – студенттер әртүрлі технологиялық процесстерде бұгі-жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін тиімді, қауіпсіз әдістерді таңдап алуды білуі керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Негізгі ұғымдар және арнайы терминологиясы. Бұрғы-жарылыс іс дамуының қысқа тарихы. Тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттері және оларды бұзу әдістері
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Шпурлар мен ұңғымаларды перфораторлармен, пневмоұғыштармен бұрғылау. Ұңғымаларды термиялық бұрғылау. Ұңғымаларды шарқашаулармен бұрғылау. Жаңа бұрғы әдістер. Бұрғы машинасы жұмысындағы қауіпсіздік техникасын білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жарылыс жұмыстарын өздігінен жобалау; Шпурлар мен ұңғымаларды бұрғылау, жерасты кеніштерінде және карьерде жару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Жарушы ретінде тиімді жұмыс атқару, тау жыныстарын бұзудың негізгі әдістері жайлы білімі болу, бұрғылау-жару жұмыстары саласындағы міндеттерді кәсіби деңгейде шеше білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Бұрғылау-жару жұмыстарының қазіргі заманғы әдістерін енгізу және қолданыстағы әдістерін жетілдіру, техника мен технологияның дамуын тез қабылдай білу, тау жыныстарын бұзу саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану.
Оқыту әдістері
Пән бойынша дәріс сабақтарын өткізу белсенді оқыту әдісіне негізделеді, онда оқушылар пассивті тыңдаушылар емес, оқытушының сұрақтарына жауап беретін сабаққа белсенді қатысушылар. Оқытушының сұрақтары материалды меңгеру үдерістерін белсендіруге, сондай-ақ логикалық ойлауды дамытуға бағытталған. Оқытушы бұрын игерілген материалмен байланысты орнату және ассоциативті ойлауды ынталандыратын сұрақтар тізімін алдын ала белгілейді
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Кіріспе
- Тау жыныстарын бұзу тәсілдері
- Шпурларды бұрғылау
- Ұңғымаларды бұрғылау
- Жарылыстың жойғыш әрекеті
- Жер бетіндегі жыныстарды жару
- Жер асты тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде жыныстарды жару
- Өнеркәсіптік жарылғыш заттардың теориясы мен қасиеттері
- Кәсіпорындарда дайындалатын қарапайым жарылғыш заттар
- Өнеркәсіптік жарылғыш заттар зарядын бастамалау құралдары мен тәсілдері
- Негабаритті екінші рет ұсақтау
- Жарылғыш материалдар қоймалары
- Жарылғыш материалдарды тасымалдау
- Уничтожение взрывчатых материалов
- Жарылыс жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігі қағидалары
Негізгі әдебиет
- 1 Кутузов Б.Н. Разрушение горных пород взрывом..М. изд.МГИ, 2003. 2 Миндели Э.О. Разрушение горных пород . М. Недра.2001. 3 Требования промышленной безопасности при взрывных работах Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года 4 Таранов П.Я., Гудзь А.Г. Разрушение горных пород взрывом. М. Недра, 1999. 5 Кутузов Б.Н. Справочник взрывника. М. Недра, 2001. 6 Жученко Е.И., Иоффе В.Б., Кукиб Б.Н., Фролов А.Б. Оценка относительной работоспособности современных промышленных взрывчатых веществ. Взрывное дело: Горный информационно-аналитический бюллетень ОВ5, М.: МГГУ, 2007, с.208-213.