Инженерлік білім беруге кіріспе
Сипаттама: Пән болашақ мамандарды инжинирингтің ерекшеліктерімен және қазіргі әлемдегі инженер рөлімен, сонымен қатар оқу процесі және кәсіби мансаптың мүмкін болатын перспективаларымен таныстыруға бағытталған. Пән геология және кен ісі саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асыру барысында өзінің болашақ мамандығы мен міндеттері туралы түсінік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- География
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пән профильдік пәндермен және олардың негізгі міндеттерімен таныстырады; профильдік пәндердің пәнаралық байланысын және олардың "Геология және ПҚК барлау" және "Кен ісі" білім беру бағдарламалары бойынша практикалық маңыздылығын көрсетеді.
Міндет
- 1.Таңдап алынған бағытқа/мамандыққа сәйкес кәсіби дайындық саласында білім мен шеберлікті алудың ынталандыруын күшейту. 2. Жалпы инженерлік қызмет туралы түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- инженерлік қызметтің міндеттерін шешу үшін қажетті базалық білім мен білік кешенін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- нақты инженерлік жобаларды орындаумен теориялық білімнің өзара байланысы
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- өз пайымдауларын негіздеу, іздеу және зерттеу әдістерін дұрыс таңдау
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып, жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу, сондай-ақ бастамашылық көрсету
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- ауызша және жазбаша есептер құрастыру, әр түрлі деңгейдегі аудиторияларда жұмыс нәтижелерін таныстыру және қорғау.
Оқыту әдістері
Пәнді оқу барысында интерактивті оқытудың дәстүрлі және инновациялық технологиялары қолданылады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Инженерлік қызметтің пайда болуы, оның мәні мен функциялары
- Инженерлік қызметті, инженер мамандығын және техникалық білімді дамыту
- Индустриалды және постиндустриалды қоғамдағы инженерлік қызметтің ерекшеліктері
- Инженерлік қызмет пен инженер мамандығының қалыптасу және даму ерекшеліктері
- Отандық ғалымдардың инженерлік ғылымдарды дамытуға қосқан үлесі
- ХХІ ғасырдың өзекті инженерлік мәселелері
- "Кәсіби инженер" түсінігі: кәсіби инженерлерге қойылатын талаптар
- 6В07203 - Кен ісі бағытының жалпы сипаттамасы
- 6В07204 - Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау бағытының жалпы сипаттамасы
- 6В07203 - тау-кен ісі бағыты бойынша мамандарды даярлауға қойылатын жалпы талаптар
- 6B07204 - Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау бағыты бойынша мамандар даярлауға қойылатын жалпы талаптар
- Кәсіби қызмет түрлері мен міндеттері
- Пәнаралық байланыстар, жеке білім траекторияларын құру мүмкіндіктері
- Пәнаралық байланыстар, жеке білім траекторияларын құру мүмкіндіктері
- 6В07204 - Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау бағыты бойынша бітірушілердің негізгі тапсырыс берушілері
Негізгі әдебиет
- 1.Панин лекций дисциплины «Введение в инженерную деятельность». 2.Николаенко инженерной деятельности. — Харьков, 20с. 3. Шаповалов и инженер: Философско-социологические проблемы инженерной деятельности. – Л.,1984. – С.76.