Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың интерьері
Сипаттама: Үй-жайлардың типологиялық классификациясы келтіріліп, ғимараттардың түрлеріне байланысты интерьерлердің құрылу заңдылықтары, сәулеттік кеңістік түсінігі ашылды, интерьер құрамдағы рөлін анықтау үшін оның құрамдас бөліктері (кеңістік формасы, қоршау беттері мен жабдықтар) бойынша аналитикалық түрде талданады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік білім беруге кіріспе
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттің интерьерлердің типологиялық ерекшеліктері туралы тұтас көзқарасын қалыптастыру, тұрғын және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістігін ұйымдастыру әдістері мен құралдарын үйрету.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- жоба алдындағы ақпаратты жинау, ғимараттың композициялық, функционалдық, конструктивті шешімін талдау дағдыларының болуы; құрылыс типологиясының жобалық нәтижеге әсерін білу; пәндік интерьер жабдықтарының классификациясын түсіну.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- сәулет-құрылыс сызбаларын оқи білу; автордың ниетін сызба түрінде көрсете білу; интерьерді ұйымдастыру бойынша алған білімдерін жобалау есептерін өз бетінше шешу үшін пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- процесті және жобалау нәтижелерін сыни бағалау мүмкіндігі; кәсіби терминология мен аргументтерді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- жобалау процесінде кәсіби коммуникациялық дағдылардың болуы; жобаны көрсету тәсілдерін және конструктивті шешімдерді меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- кәсіптік білімдерін кеңейту дағдыларының болуы; жаңа ақпаратты іздеу және игеру қабілеті.