Аэрокосмостық түсіру әдістері

Асылханова Жанна Александровна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Аэроғарыштық түсірілім әдістері" пәні студенттерге топографиялық және тақырыптық карталарды жасау және жаңарту кезінде кеңінен қолданылатын әуе кеңістігі мен ғарыштан Жерді қашықтықтан зондтаудың түрлі әдістері туралы түсінік беруді мақсат етеді. Жердің табиғи ресурстарын зерттеу, төтенше жағдайлар аймақтарының мониторингі және қоршаған ортаның экологиялық мониторингін жүзеге асыру.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Фотограмметрия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың түрлі әдістерімен инженерлік-техникалық құрылымын оқып білу.
Міндет
  • Студенттерге түрлі тәсілдер арқылы ароғарыштық түсіріс жүргізудің теориялық негізін игеру және нақты есептерді шешудегі дистанционды зондтау мәліметтерін талдаудың практикалық әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Геодезиялық өлшеулер үшін қолданылатын ғарыштық геодезияның техникалық құралдарын, геодезиялық, фотограмметриялық және картографиялық аспаптарын, ақпаратты автоматтандырылған өндеу кезінде есептеуіш техникасын және құралдарын білу, олардың нәтижелерін математикалық өңдеуді білу, сонымен қатар карталарды құру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде түсірістің аэроғарыштық әдістері туралы білімді қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • заманауи фотограмметриялық құралмен, ғарыштық түсіріс мәліметтерін өндеу кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Пәнді оқу мақсаты мен міндеттері
  • Ғарыштан Жерді дистанциялық зондылаудың кешені
  • Электромагниттік шағылысуы, оның атмосферамен, Жер бетіндегі орталармен және заттармен өзара іс әрекеттері
  • ЖҚЗ берілгендердің көрсеткіштеріне қойылатын талаптар
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың фотограмметриялық әдісі
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың оптико-электрондық әдісі
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың радиолокационды әдісі
  • LANDSAT, STOP, РЕСУРС, IRS Бағдарламасы
  • Аса жоғары рұқсат ету қабілеттілігімен сипатталатын Жерді қашықтықтан зондтау жүйелері
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың радиолакациондық жүйелерінің ғарыштық бағдарламалары
  • Ғылыми пәннің қазіргі заманға сай жағдайы
Негізгі әдебиет
  • Зотов Р.В. Аэрогеодезия. Омск: СибАДИ, 2012
  • Воробьева А.А. Дистанционное зондирование Земли. Спб.: НИУ ИТМО, 2012
  • Шовенгердт Р.А. Дистанционное зондирование. Методы и модели обработки изображений. - М.: Техносфера, 2013
  • Боголюбова А.А., Корнилов Ю.Н. Аэрокосмические съемки. СПб.: 2016.
Қосымша әдебиеттер
  • Инструкция по фотограмметрическим работам при создании цифровых топографических карт и планов Текст. М.: ЦНИИГАиК, 2003
  • Кашкин В.Б., Сухинин А.И. Дистанционное зондирование Земли из космоса. Цифровая обработка изображений: учебное пособие. М.: Логос, 2001
  • Красильников Н.Н. Цифровая обработка 2D- и 3D-изображений. СПб.: БХВ Петербург, 2011
  • Назаров А.С. Фотограмметрия. Минск: Террасистемс, 2010