Картография
Сипаттама: Аумақтық жоспарлаумен, аумақты шаруашылық игеру бағыттарымен, пайдалы қазбаларды барлаумен, табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланумен, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты маңызды практикалық міндеттерді шешу үшін білім қалыптастыру; студенттерді карталарда шешілетін географиялық және инженерлік міндеттермен, олардың қасиеттерімен, жобалау әдістерімен, құрастырумен және редакциялаумен таныстыру.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
курстық жұмыс | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- 1. Картография пәні студенттерді топографиялық, географиялық карталармен және атластармен таныстыру, олардың қасиеттерін шолу шарттары түрінде модель ретінде көрсету болып келеді.
Міндет
- 1. Бітірушіні профессионалды есептерді шешуге, өз еркімен картаның географиялық негізін құру жұмыстарын орындауға, картаға арнайы объектілердің мазмұны мен құбылыстарды топографиялық және тематикалық карталарға еңгізуге, карталарда бұрмалануларды есептеуде формулаларды қолана білуге, проекцияларды құруда есептерді орындауға, масштаб қатарымен генерализацияны орындауға, картаны басып шығаруда дайындық жұмыстарының теориясын білуге, сандық карталар мен пландарды құруда замануи программаларын оқуға.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Құбылыстарды картографиялық бейнелеу тәсілдерін, картографиялық генерализациялаудың негізгі принциптерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Қазіргі заманғы графикалық, кадастрлық және басқа ақпаратты жаңа заманғы дәрежеде қолдау және дайындау тәсілдердің білімдерін қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпаратты сараптау, әртүрлі геодезиялық өлшеулер өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымдағы ұйымдастыру-басқару міндеттерін орындау қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Картографиялық торларды салу, әртүрлі тәсілдермен карталарды құрастыру, тақырыптық карталарды құрастыру үшін картографиялық және статисикалық мәліметті дайындауды істей алу.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Картографияның анықтамасы, оны құратын пәндерге бөлінуі, басқа пәндермен байланысты
- Картаның математикалық негізі
- Жер эллипсоидының сызықтары мен жазықтары
- Картографиялық проекциялар
- Картаны құру және редактрлеу
- Картографиялық генерализация
- Картографиялық бейнелеу тәсілдері
- Картаны баспаға шығаруға дайындық процесссінің технологиясы
- Сандық карталар
- Картографияның жаңа заман куйі, оның перспективалары және дамуы
Негізгі әдебиет
- Серапинас Б.Б. Математическая картография. - М.: Академия, 2005
- Берлянт, А.М. Картография : учебник для вузов / А.М. Берлянт. - М. : Аспект Пресс, 2008. - 336 с.
- Берлянт, А.М. Картоведение : учебник для вузов / А.М. Берлянт, А.В. Востокова, В.И. Кравцова. - М. : Аспект Пресс, 2006 . - 477с.
- Горбунова В.А. Топографическое черчение. – Кемерово: КузГТУ, 2011
- Маликов, Б.Н. Составление и подготовка к изданию карт и атласов с использованием компьютерных технологий : монография / Б.Н. Маликов, Я.Г. Пошивайло. - Новосибирск : СГГА, 2002. - 92 с.