Инженерлік жүйелер мен желілер
Сипаттама: Үймереттердің сумен қамту және канализация жүйелері және инженерлік желілерінің қызметі туралы түсінік береді. Инженерлік желілер, жүйелер және қондырғыларды есептеудің және жобалаудың; сумен қамту және суды бұру жүйелерінің ішкі инженерлік желілердің гидравликалық есебі принциптерін және методикасының теориялық негіздерін оқытады. Үймереттердің сумен қамту және канализация жүйелерінің ішкі инженерлік желілерін есептеудің және құрастырудың және қондырғыны таңдаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Гидравлика және арна гидравликасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттерде ғимараттар мен құрылыстардың ішкі инженерлік жүйелерін жобалау, монтаждау, пайдалану және техникалық қызмет көрсету (сумен жабдықтау, су бұру, жылыту және т.б.) саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- "Инженерлік жүйелері және желілер" пәнін оқытудың міндеттері - үй-жайлардың санитарлық-гигиеналық жағдайы тәуелді болатын тұрғын және қоғамдық ғимараттарды абаттандыру элементтері ретінде инженерлік жүйелер туралы түсінік қалыптастыру, Инженерлік жүйелер жұмысының үздіксіздігі, сенімділігі мен қауіпсіздігі туралы білім алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Сумен қамту, канализация, жылыту жүйелері және желілері құрылымдары туралы негізгі ұғымдарды білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Пәнді оқу кезінде алған білімдерін тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде, сондай-ақ қала құрылысында қолдану мүмкіндігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ғимараттар мен құрылыстарға, сондай-ақ әртүрлі елді мекендерге арналған инженерлік жүйелерді жобалау негіздері туралы түсінікке ие болу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кәсіптік еңбек бөлінісін ескере отырып, жобалау процесінде сабақтас мамандардың мамандарымен жұмыс істеу қабілеті
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жобаланған объектілердің құрылысына авторлық қадағалауды білікті жүзеге асыру мүмкіндігі
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - Қызметті жандандыру әдістері: пікірталас; командада жұмыс істеу; - СӨЖ алдын ала орындау; - жеке оқыту; - тәжірибе негізінде оқыту; - проблемалық оқыту; - іздеу әдісі; - зерттеу әдісі.
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Тік құбырлардың орналасу орнын анықтау және таратушы магистрал құбырды тарату. Суық су құбырының аксонометриялық сұлбасын тұрғызу. | 0-100 |
Есептік шығындарды және ішкі сумен қаамту жүйесінің арын жоғалуын анықтау. | ||
Суық су есептегішін таңдау. Қазжетті арынды анықтау. | ||
Рубеждік бақылау тесті 1 | ||
2 рейтинг | Канализациялық тік құбырлардың орналасу орнын анықтау, желіні тарату. Ішкі канализация жүйесінің аксонометриялық сұлбасын тұрғызу. | 0-100 |
Ішкі шаруашылық-тұрмыстық канализация есебі. Гидравликалық есеп. | ||
Аулалық канализация желісінің есебі. | ||
Рубеждік бақылау тесті 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Суық су құбыр жүйесінің жіктелуі
- Суық су құбырының аксонометриялық сұлбасы
- Ішкі су құбыр желісінің сұлбалары
- Биік ғимараттардың аймақтық сумен қамту жүйесі
- Қарапайым және автоматты өтрке қарсы жүйелер
- Ыстық сумен қамту жүйесінің ерекшеліктері
- Суық және ыстық су шығындарын анықтауға арналған есептеуіштер
- Ыстық сумен қамту жүйесінің сұлбалары
- Үймереттердің ішкі канализация жүйесінің жіктелуі
- Ішкі канализация жүйесін құрастыруға арналған фасонды бөлшектер
- Ішкі канализация жүйесінің аксонометриялық сұлбасын тұрғызу
- Ішкі суағарлар
- Жылыту жүйесі туралы жалпылама ұғымдар